Экономика
Қазақстанның алтын валюталық қоры қаңтарда 1%-ға төмендеді
Қазақстанның алтын валюталы қоры Ұлттық банктің жалпы ішкі резерві мен Ұлттық қордың қазынасын қосқанда, 2016 жылдың қаңтар айында 90,643 млрд долларды құрады, яғни бір ай ішінде 1%-ға азайған.
Ұлттық қордың активтері бір ай ішінде 0,2% көбейіп, 63,647 млрд долларды құрады.
Ұлттық банктің халықаралық қоры өткен ай ішіне 0,8 пайызға көбейіп, 28,193 млрд доллар болды.
Сондай-ақ, Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері қаңтар айында 3,2%-ға қысқарып, 26,996 млрд долларға жетті. Ал Ұлттық банктің таза халықаралық резервтері өткен айда 3,3%-ға төмендеп, 26,103 млрд долларды құрады.
2016 жылдың қаңтар айындағы активтері 6,3 пайызға азайып, 19,017 млрд долларға жетті. Алтын түріндегі активтер 5,3 пайызға өсіп, 7,979 млрд долларды құрады.
Фото: astana-akshamy.kz