Экономика
Авто
Доллар бағамы 360,13 теңге болды
2016 жылдың 10 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 360,13 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 359 теңгені құрады. Максималды курс — 362 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 360 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 21 млн 750 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 47.
10 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 362,23 теңге болды.
9 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысына сәйкес 10 ақпанға арналған доллардың орташа бағамы 360,37 теңге. Ал 11 ақпанға арналған ресми бағам 362,23теңге болады.
Ақша айырбастау орындарында доллардың 10 ақпандағы максималды курсы 364
теңге деп белгіленген.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Фото: kapital.kz