Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Н.Назарбаев тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін 360 млрд теңге бөлуді тапсырды

Н.Назарбаев тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін 360 млрд теңге бөлуді тапсырды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев дағдарысқа қарсы қосымша шаралар үшін қаржы бөлуді тапсырды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

"Мүмкіндіктерді бағалай отырып және курсты түзету арқылы дағдарысқа қарсы қосымша шаралар үшін қаржы бөле аламыз", - деді Н.Назарбаев.

Баспасөз қызметінің Твиттер парақшасында жарияланған хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысын жандандыру үшін 360 млрд теңге (курс есебі  - 360,37 теңге)бөлуді тапсырған.

Сондай-ақ, Президент тапсырмасына сәйкес, жалға берілетін тұрғын үйлер құрылысына 53 млрд теңге бөлінбек.

"Кредиттік тұрғын үйлерге 149 млрд теңге бөлуді және салымшыларға кредит беру үшін 22 млрд теңге бөлуді, жеке үй салушыларға қайтарып беру негізі бойынша 97 млрд теңге бағыттауды тапсырамын", - деді мемлекет басшысы.

Н.Назарбаев тұрғұн үйлердің бағасы әлеумет жағдайына лайықты болу керектігін атап өтті.

"Мұның бәрі 2016 қосымша 1,5 млн шаршы метр үй тұрғызуға және ЖІӨ өсімі бойынша салымды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Президент.

Фото: nur.kz

Похожие материалы