Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Президент Ұлттық Банктің қызметіне оң баға берді

Президент Ұлттық Банктің қызметіне оң баға берді

Мемлекет басшысы 2016-2018 жылдарға арналған Дағдарысқа қарсы іс-қимыл жоспары аясындағы негізгі жұмыс бағдарының бірі қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету екенін атап өтті, деп хабарлайды Ақорда сайты. 

"Ұлттық банк теңгенің еркін айырбас бағамы деңгейін сақтап, бағамның күрт ауытқуына жол бермей және долларсыздандыруды жалғастыра отырып,  тиімді ақша-несие саясатын жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс. Бүгінде банктердің ликвидтілік алуына шектеу жоқ. Ұлттық банк қазіргі жағдайда дұрыс саясат жүргізіп отыр деп санаймын. Қаржы ахуалына күн сайын мониторинг жасауды жүзеге асырып, Үкіметпен бірге жедел шаралар қабылдаған жөн", – деді Қазақстан Президенті. Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол» және индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды орындау, агроөнеркәсіп кешеніндегі басымдығы бар жобаларды жүзеге асыру, шағын және орта бизнесті қолдау арқылы жұмыспен қамтуды және іскерлік белсенділікті қамтамасыз ете отырып, экономиканы одан әрі әртараптандыруға айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті. Фото: kursiv.kz

Похожие материалы