Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 360,33 теңге

Таңертеңгілік сессия: 1 доллар - 360,33 теңге

2016 жылдың 11 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгілік сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 360,33 теңге болды.  Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 359,50 теңгені құрады. Максималды курс — 361,20 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 360,85 теңге болды. Таңертеңгілік сессияда сауда көлемі 32 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 63. Ақша айырбастау орындарында доллардың максималды курсы —363 теңге (Алматы уақытымен 11:00). Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді. Фото: news.caravan.kz

Похожие материалы