Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы 18,8 млн тонна астық бастырылды

2015 жылы 18,8 млн тонна астық бастырылды

2015 жылдың қорытындысы бойынша 18,8 млн тонна астық бастырылды, бұл 2014 жылдың деңгейінен 1,6 млн тоннаға артық, деп ҚР Ауыл шаруашылығы Министрі Мамытбеков Асылжан «Қазақстанның фермерлер одағы» РҚБ республикалық съезіндегі баяндады.

2015 жылы жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2,7 трлн теңгені құрады, бұл 2014 жылдың деңгейінен 4,4%-ға жоғары. Бұл өсім өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 5,6%-ға (1,5 трлн теңге) және мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемінің 3,2%-ға (1,2 трлн теңге) ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Сонымен қатар, тамақ өнеркәсібінің негізгі капиталына инвестициялар айтарлықтай 28%-ға ұлғайды және 55,9 млрд теңгені құрады. Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялардың көлемі 6,3%-ға төмендеп, 167,1 млрд теңгені құрады. 2015 жылдың қорытындысы бойынша агроөнеркәсіптік кешен импортының 24%-ға төмендеуі байқалды. АӨК экспорты 2,0 млрд АҚШ долларын құрады (төмендеу 22,8%). Фото:m.itest.kz

Похожие материалы