
Қазіргі уақытта теңге бағамы қатты өзгеріске ұшырамайды. Бұл туралы 12 ақпанда Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев онлайн-конференция кезінде мәлімдеді.
Оның сөзінше, Қазақстанның төлем балансына қатысты негативті жоспардың барлығы жүзеге асып қойды. Ал интервенция күрт құлдырау кезінде ғана болуы мүмкін.
Интернет қолданушының сұрағына жауап беру арқылы Данияр Ақышев курсты айырбастауға қатысты Ұлттық банктің нақты бір болжамы жоқ екенін айтты. Күнделікті баға белгіленімінің өзгеруі сыртқы жағдайға, яғни мұнай бағасы мен ресей рублінің курсына және ішкі факторларға байланысты өзгереді.
"Осы себепті Ұлттық банк маңызды трендтердің қалыптасуына араласпайды. Ал айырбастау курсына қатысты бірден тұрақсыздық болса, интервенция болуы мүмкін", - деді Данияр Ақышев.
Фото: vlast.kz