Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

2015 жылы экспорт және импорт көлемі төмендеді

2015 жылы экспорт және импорт көлемі төмендеді

2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда экспортталатын тауарларға баға 26,5%, импортталатындарға – 11%-ға төмендеді. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады. 

Өткен кезеңде экспорттық жеткізілімдердің бағасы газ конденсатына – 42,2%, мұнайға – 40,7%, көмірге – 36,2%, қара металдар илегіне – 33,9%, түсті және қара металл кеңдеріне – 33,1%, табиғи газға – 25,3%, алюминийге – 25,2%, мырышқа – 21,3%, мысқа – 18,3%, ферроқорытпаларға – 18,2%, қорғасынға 12,9%-ға төмендеді. Бағаның астыққа – 22%, мақтаға 13,8%-ға төмендеуі, олардың жүнге 33,4%-ға жоғарылауы тіркелді. Импорттық өнімдерден құс еті - 14%, көкөністер - 11,8%, өсімдік майы – 4,6%, шай – 1,2%-ға арзандады, сүрек - 34,2%, темекі – 33,3%, жемістер мен жаңғақтар – 7,1%, бояулар мен сырлар – 2,9%, кондитерлік өнімдер – 1,1%, балық 0,6%-ға қымбаттады.
Сыртқы сауда бағасының өзгеруі пайызбен, өсуі +, төмендеуі -
2015 жылғы желтоқсан 2015 жылғы қаңтар-желтоқсан 2014 жылғы қаңтар-желтоқсанға
2015ж. қарашаға 2014ж. желтоқсанға 2010ж. желтоқсанға
Экспорт – барлығы -4,9 -26,5 -12,9 -22,1
      Шикізат -3,4 -34,0 -13,7 -28,1
      Жартылай дайын өнімдер -6,6 -16,0 -25,1 -13,9
      Дайын өнімдер -0,3 -27,5 -47,8 -21,9
Импорт – барлығы -1,6 -11,0 -5,1 -7,1
      Шикізат 3,6 -7,7 -16,7 -13,8
      Жартылай дайын өнімдер -3,3 -12,7 0,4 -1,3
      Дайын өнімдер -1,7 -10,8 -8,0 -7,6
Фото: sg-supply.com

Похожие материалы