Экономика
Жазғы Олимпиада Ойындарына 3,8 млн теңгеге баруға болады
Халықаралық «Complete Service» туристік компаниясы 3,8 млн теңгеге 2016 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына барып келуді ұсынады. Компания 2014 жылы Сочиде өткен Қысқы Олимпиада ойындарының ұйымдастыру комитеті және Қазақстандағы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми билет агенті болған еді деп хабарлайды inform.kz.
Қазақстандықтар 4 және 14 тамыз аралығында 11 күн және 10 түнге бара алады. Туристер 3,8 млн теңгеге (доллар курсы 368 теңге) Ойындардың ашылу рәсімін тамашалап, бес түрлі спорт сайысына (бокс, атлетика, дзюдо және қосымша екі спорт түрі) қатысады. Немесе 14 және 23 тамыз аралығында 10 күн және 9 түнге баруларына болады. Ол турпакетке Олимпиада ойындарының жабылу рәсімін және бес түрлі спорт сайысы (бокс, атлетика, дзюдо және қосымша екі спорт түрі) кіреді.
Осы жылғы Жазғы Олимпиада Ойындары бразилиялық Рио-де-Жанейро қаласында 5 және 21 тамыз аралығында өтеді. Бұл Оңтүстік Америкада өтетін бірінші Олимпиада ойындары. Олимпиадалық обьектілер қаланың түрлі аудандарында орналасқан. Ойындардың басты обьектісі - Маракана стадионы. Мараканадан басқа спорттық шаралар Барре, Копакабана және Деодорода өтеді.
Фото:vk.com