Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Goldman Sachs: Алтын 1000 долларға арзандауы мүмкін

Goldman Sachs: Алтын 1000 долларға арзандауы мүмкін

Алтын унциясының бағасы 1000 долларға дейін арзандауы мүмкін. Бұл туралы Goldman Sachs сарапшылары болжам жасап отыр. 

Сонымен сарапшылардың 15 ақпандағы есебіне сәйкес, алғашқы үш айда алтын унциясының бағасы 1100 долларға дейін арзандап, 12 ай ішінде 1000 доллар болады.

Өткен аптада металдың бағасы қор нарығы мен мұнай бағасының құбылмалығынан максималды деңгейге дейін қымбаттаған. Сондай-ақ бағаның өсуіне Еуропадағы дағдарыс жөніндегі және кері пайыздық мөлшерлеменің енгізілуі туралы жаңалықтар әсер еткен.

Айта кетейік, 2016 жылдың басында алтын құны  12,3%-ға қымбаттады. Сондай-ақ, шетелдік сарапшылар 2015 жылдың екінші жартысында Қытайдың Орталық банкі мен Үндістан бағалы металды белсенді сатып алуының нәтижесінде алтынға сұраныс артты дегенді айтады.

Фото: 09region.kz

Похожие материалы