Экономика
«Сандық Қазақстан - 2020» бағдарламасы 2016 жылдың күзінде қабылдануы мүмкін
«Сандық Қазақстан - 2020» бағдарламасы 2016 жылдың күзінде қабылдануы мүмкін, деп хабарлады «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингі» АҚ басқарма төрайымы Бикеш Құрманғалиева.
Оның сөзінше, бағдарлама мемлекеттік аппарат басқаруын жетілдіруге, бизнесті дамытуға, ақпараттық технологиялар есебінен жұмыс орындарын арттыруға бағытталады.
"Бұл бағдарлама сандық технологияларды қолдану арқылы мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға бағытталған",- деді Б.Құрманғалиева.
Ол сондай-ақ, ауыр жүктің мемлекеттік бюджетке емес, жеке инвестициялық бюджетке түсірілетінін айтты.
"Біздің "Қазақтелеком", "Транстелеком" сынды ірі компанияларымыз ауылдарда кең жолақты интернет қою сынды, ұлттық жобаларды қаржыландыруға дайын. Сондай-ақ, IT компанияларымыз қызметтерді құрып, оларды мемлекетке және корпоративтік секторға жалға беруге де дайын. Huawei, Cisco, Microsoft ақпараттық Қазақстан туралы бағдарламаны қаржыландыруға ниетті екенін айтты",- деді Б.Құрманғалиева.