Познавательный
Қазақстандағы көлік сатылымы рекордтық деңгейге төмендеді
Қазақстанның автокөлік нарығы соңғы 4,5 жылдың ішіндегі ең төменгі көрсеткішке жетті. Қаңтар айында жаңа автомобильдердің сатылымы өткен аймен салыстырғанда 45,68%-ға азайды. Бұл көрсеткіш 2015 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда 55,25% - ға төмендеген, деп хабарлайды Қазақстандық автобизнес қауымдастығының баспасөз қызметі.
"Осылайша, қаңтар айының нәтижесі Қазақстандық автобизнес қауымдастығының (ҚАБҚ) болжамына қарағанда төмен болды. Елдің тауар және қаржы нарықтарындағы жағдайлары қазақстандықтардың тұтыну деңгейін шектеп, қаңтар айындағы сату көрсеткіштеріне әсер етті"- дейді автобизнес қауымдастығының сарапшылары.
Сатылымы жоғары көліктердің тізімінде де өзгерістер болды. Ресейлік Lada көлігінің сатылымы бір айда үш есеге азайды. Олар 457 автокөлік сатып үшінші орынға ие болса, Toyota автокөлігі 761 автокөлік сатып көш бастады. Toyota көлігінің бір айдағы сатылымы үш есе өсті. ҚАБҚ-ның айтуынша, Toyota бағаларын ұлттық валютада белгілегендіктен сатылымы көбейген. Ал, екінші орында Renault автокөлікі. Олар 559 автокөлігін сатқан.
Отандық өндірушілер есепті айда 486 көлік сатып, желтоқсан айымен салыстырғанда (833) 42,65%-ға аз сауда жасаған.
2016 жылдың 4 ақпанындағы деректерге сәйкес, Қазақстан Даму Банкі жалпы сомасы 16 874,9 млн теңгеге бағаланған 5152 жеңілдетілген автокөлік кредиттерін беруге келіскен. Ал екінші деңгейдегі банктер 14 197,2 млн теңге соммасына 4439 кредит берген. Осылайша, бөлінген 26 млрд теңгенің 64,9% қаражатты келісілген және іс жүзінде белгіленген қаражаттың 54,60% игерілді. Айта кетейік, қаңтар айында сатылған көліктердің орташа бағасы 6 763 644 теңгеге дейін өсті.