Экономика
Қазақстанда бухгалтерлер конференциясы өтеді
Алматы қаласында 2016 жылдың 26 ақпанында бухгалтерлік мамандар үшін ірі конференция өтеді, деп хабарлады LS.
Конференцияға 3000-нан аса мамандар (бухгалтерлер, бас бухгалтерлер, қаржы директорлары, аудиторлар мен бизнес иелері) қатысады. Сондай-ақ, еліміздің бұл саладағы жетекші сарапшылары бұл жиынның жүргізушілері болады.
Барлық салық төлеушiлер үшiн конференцияға қатысу - тегін. Міндетті түрде онлайн түрде тіркелу керек (http://uchet.kz/2016).
Конференция ұйымдастырушысы - Учет.кз ақпараттық порталы.