Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Күндізгі сессия: 1 доллар — 350 теңге

Күндізгі сессия: 1 доллар — 350 теңге

2016 жылдың 25 ақпанында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 349,87 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 348,45 теңгені құрады. Максималды курс — 351 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 349,98 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 70 млн 900 мың долларды құрады. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 160. 25 ақпандағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа ресми бағамы 348,96 теңге болды. Осылайша 26 ақпандағы ресми бағам — 350,25 теңгені құрайды. Ақша айырбастау орындарында доллардың 25 ақпандағы максималды курсы 351,5 теңге деп белгіленген. Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы