Әлемдік нарықтағы бірнеше жыл бойы сақталып келген тұрақтылық өзгерді. Алдағы уақытта жаһандық тоқырау арта береді. Бұл туралы Citigroup Inc. компаниясы экономистерінің мәлімдемесіне сілтеме жасап, Bloomberg агенттігі хабарлайды.
«Біздің ойымызша нарықтағы 2-3 жылға созылған тыныштықтан соң қайтадан қиындықтар басталды. Әлемдік экономиканың өсімі өте қиын жағдайға тап болды", - деп келтіреді агенттік Citigroup экономистерінің мәлімдемесін.
Citigroup экономистері әлемдік экономиканың айтарлықтай әлсіреуі Қытайдағы валюта нарығының бәсеңдеуі мен тұрақсыздығына және көптеген мемлекеттердегі қарыздың шамадан тыс көп болуына байланысты дегенді айтады.
Айта кетейік, Citigroup тобы 2015 жылғы әлемдік экономика өсімін 2,4%-дан 1,6%-ға төмендеткен еді. Ал 2016 жылы бұл көрсеткіш тағы төмендеуі мүмкін екенін ескертіп отыр. Сондай-ақ, экономистер әлемдік ЖІӨ өсімінің 2% болуы жаһандық тоқырауға алып келеді деп есептейді.