Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басқарма құрамы қысқартылды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ басқарма құрамы қысқартылды

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ») директорлар кеңесінің шешімімен Ботагөз Әшірбекова, Мәлік Сәулебай және Әзиз Елеуов басқарма құрамынан шығарылды. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.

"Директорлар кеңесінің шешімімен жедел басқару мақсатында ҚМГ БӨ басқарманың сандық құрамы 7-ден 5-ке дейін қысқартылғанын және басқарма мүшелерінің өкілеттігі 2018 жылдың 22 қыркүйегіне дейінгі мерзімге белгіленді",- делінген хабарламада. Осылайша, компанияның басқарма құрамына Құрманғазы Есқазиев (бас директор, басқарма төрағасы), Қайырбек Елеусінов (бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары), Дастан Абдулғафаров (бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары) және Шейн Дрейдер (қаржы директор, қаржылық бақылаушы) кірді. Сонымен қатар бір вакантты орын қалды. Естеріңізге сала кетейік, ҚМГ БӨ 2015 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстанда көшбасшылардың үштігіне кірді. 2015 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,4 млн. тоннаны (тәулігіне 251 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ үлесіндегі мұнайдың дәлелденген және болжамды қорларының көлемі, бірлескен кәсіпорындардағы үлесті есептемегенде, 2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша 152 млн. тоннаны (1 115 млн. баррель) құрады. Компанияның акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылдың қыркүйегіндегі ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.  

Похожие материалы