Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк: Жеке тұлағалар 1 млн теңгеден астам валюта айырбастаған жағдайда құжат көрсетуі қажет

Ұлттық банк: Жеке тұлағалар 1 млн теңгеден астам валюта айырбастаған жағдайда құжат көрсетуі қажет

Ұлттық банк шетел валютасын сатып алу / сату шегін төмендетті, сондай-ақ жеке тұлғалардан құжат та талап етілетін болады, деп хабарлады қаржы реттеушінің баспасөз қызметі.

Дүйсенбі күні таратылған хабарламада жазылғандай, Ұлттық банк "қолма- қол шетелдік валюталарды айырбастау операцияларымен айналысатын ұйымдардың ережесі туралы қаулыны" бекітті. "Заңсыз қорлардың ізін жасыру және терроризмді қаржыландыруға көмектесу сынды әрекеттердің алдын алу мақсатында, жеке тұлғалардың шетел валютасын сатып алу/ сату шегі 2 млн теңгеден 1 млн теңгеге дейін төмендеді. Осылайша, жеке тұлғалар 1 млн теңгеден астам валюта айырбастаған жағдайда жеке құжатын көрсетуі қажет",- делінген хабарламада.

Похожие материалы