Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Linkedіn басшысы 14 млн долларды қызметкерлеріне сыйлады

Linkedіn басшысы 14 млн долларды қызметкерлеріне сыйлады

Linkedіn-ның бас директоры  Джеф Вайнер әлеуметтік желінің акциялар пакетін қызметкерлеріне таратып берді. Пакеттің көлемі анықталмағанымен, оның құны шамамен 14 млн долларды құрайды. Бұл туралы компанияның баспасөз хатшысы мәлімдеді, деп хабарлайды vestifinance.ru.

Компания өкілінің  айтуынша, Джеф Вайнер жыл қорынтындысында топ-менеджерлерге арналған өтемақы пакетінен бас тартқан. LinkedIn-нің бас директоры компанияның сыйақы бөлетін комитетінен оған тиесілі акциялар пакетін  қызметкерлердің қорына аударуды сұраған.

Ақпан айының басында, Нью-Йорк қор биржасында LinkedIn акциялары бір күнде  40%-ға  төмендеді. Компания 10 миллиард доллардан астам капиталдандыруын жоғалтты. Акциялардың құлауы 2015 жылғы компанияның есебінен және 2016 жылға арналған болжамның әсерінен болды.

Linkedіn-нің таза шығыны қаржы жылының соңында 166 млн долларды құраған. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 15,7 млн доллар еді. Сондай-ақ, компанияның жылдық табысы  2,9 млрд долларға дейін, яғни 35%-ға артты. Ал 2016 жылдың қорытындысында компания 3,6-3,65 млрд  доллар табыс алуы мүмкін. Бұл сома сарапшылар болжаған 3,9 млрд доллар-ға қарағанда аз болды.

Айта кетейік, 2015 жылдың қазан айында Twitter  әлеуметтік желісінің бас директоры Джек Дорси өз пакетінің үштен бір бөлігін, яғни  1% -ын қызметкерлерге берді. Д.Дорси бұл қадамын Тwitter қызметкерлерін тікелей  инвестициялаумен түсіндірді. Ал желтоқсанда  Facebook компаниясының бас директоры Марк Цукерберг өз өмірінің соңына дейін Facebook-тың 99% үлесін қайырымдылық пен әлеуметтік іс-шараларға беруге уәде берді.

Похожие материалы