Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Саяхат автобекеті маңындағы жол қозғалысы жүйесі өзгерді

Саяхат автобекеті маңындағы жол қозғалысы жүйесі өзгерді

Алматыдағы Райымбек көшесі — Сүйінбай даңғылы — Пушкин көшелерінің қиылысында транспорт қозғалысы көбейіп, апат санының артуына байланысты қозғалыс ұйымдастыру жүйесі өзгерді. Бұл туралы Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңа өзгеріс бойынша, машиналар мен қоғамдық көліктер Райымбек көшесінің бойымен шығыстан батыс бағытқа қарай жүріп солға бұрылады, Сүйінбай даңғылының бойымен оңтүстіктен солтүстікке қарай жүріп, осыдан кейін ғана Райымбек бойымен батыстан шығысқа сол жаққа қарай, Сүйінбай даңғылының бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай сол жақ бағытта бұрыла алады.
Мұндай қозғалыс жүйесі күні бойғы транспорт ағынына байланысты өзгеріп отырады. Жаңа жүйенің тиімділігін алдағы екі-үш апта көлемінде бағалауға болады.

Похожие материалы