Экономика
ХВҚ қытайлық юаньды резервті валюталар қатарына енгізді
Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) қытайлық юаньды халықаралық резервті валюта қоржынына қосты. Бұл туралы ХВҚ-ның баспасөз қызметі хабарлайды.
Юань тіркеуде осы жылдың төртінші тоқсанында пайда болады. "ХВҚ 2016 жылдың 1 қазанынан бастап валюта резервтерінің ресми базасында юаньды жеке атап көрсетеді. Өзгеріс 2017 жылы наурыздың соңында жарияланатын төртінші тоқсанның есебінде жазылады",- делінген қор хабарламасында.
Еске салайық, 30 қарашада ХВҚ-ның басқару кеңесі юаньды америкалық доллар, еуро, британдық фунт, жапондық иенмен қатар резервті валюталар тізіміне қосуға рұқсат берді.