Экономика
Қазақстандағы бәйшешектер алдағы 10-15 жылда жойылып кетуі мүмкін
Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген бәйшешектер алдағы 10-15 жылда жойылып кетуі мүмкін. Бұл туралы "Литер" басылымы жазады.
Алматы көшелерінде бәйшешектер бар болғаны 150-200 теңгеден сатылады. Қызыл Кітапқа енгізілген гүл үшін бұл күлкілі баға деп атап өтеді басылым. Қылмыстық Кодекс бойынша, Қызыл Кітапқа енгізілген өсімдікті жойғаны қылмыс деп танылып, мүлкін тәркілеп, үш жылға дейін бас бостандығынан айыруы мүмкін.
Литердің жазуынша, экологтар қазақстандарға бәйшешектерді сыйламауға және сый ретінде қабылдамауға кеңес береді. Гүлді түбірінсіз алғанның өзінде, ол ары қарай көбею қабілетінен айырылады, түбірі де гүлсіз тез солып қалады.
Осы жылы Алматыдағы бәйшешектер ақпанның ортасында гүлдеді.