Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Астана қаласының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,1% қысқарды

Астана қаласының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 6,1% қысқарды

2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айындағы мәлімет бойынша Астана қаласының ЕАЭО елдерімен өзара сауда көлемі 2422,0 млн долларды құрады. Бұл 2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда 6,1%-ға аз. Экспорт көлемі 765,1 млн долларды (83%-ға көп), импорт 1656,9 млн доллар (23,3% аз) болды, деп хабарланды Астана қаласының статистика департаментінен.

Ресей Федерациясына экспорт көлемі 2015 жылдың қаңтар-желтоқсан айында  757,3 млн долларды құрап, 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 82,6%-ға артып, импорт - 1571,7 млн доллар болып, өткен жылмен салыстырғанда 22,2%-ға қысқарды.

Ал Белорусь Республикасынан келетін импорт көлемі 2015 жылы 83,7 млн долларды құрап, 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 39,9%-ға, ал экспорт 0,4%-ға қысқарып, 3,3 млн долларды құрады.

Похожие материалы