Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанда салафизм ағымына тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанда салафизм ағымына тыйым салынуы мүмкін

Алматы. 1 қыркүйек. 7kun.kz - Қазақстанда салафизм ағымына заң түрінде тиым салынуы мүмкін. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақанов бірнеше күн бұрын ұсынды,  деп хабарлайды Алматы арнасы.

Оның сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда болған террорлық актілер салафизм секілді радикалды топтардың ісі болуы мүмкін. Дін істері комитетінің мәліметінше, бүгінде Қазақстанда 15 мыңдай адам салафизм идеясына ерген.

«Бұл сұрақ қолға алынды, оны жақтап отырғандар да, қолдамай отырғандар да бар. Идеологияға тыйым салу қиын. Дегенмен 2011 жылдан бері болған оқиғалардың барлығы салафиттермен байланысты болды. Сондықтан бұл мәселе ең жоғары деңгейде Мемлекет басшысы мен Қауіпсіздік кеңесінің деңгейінде қаралады деп ойлаймын», - деді ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің басшысы Владимир Жұмақанов.

Сондай-ақ, ҚР Парламенттің бірлескен отырысына қатысқан Президент Нұрсұлтан Назарбаев депуттарға арнайы заңды қатаңдататын құжат әзірлеуді табыстады.

«Бұл 2011 жылыда өзектілігін көрсеткен болатын. Заң тұрғыда тыйым салу дұрыс деп есептейміз, керек те. Салафизмнің немесе уахавизм қазақ халқының болашағына, келешегіне ешқандай тигізер пайдасы жоқ. Бұл бағытты ұстанатын адам қазақ халқының ұлттық танымын салт-дәстүрін ешқашан мойындамайды», - деді ҚМДБ маманы Бауыржан Әлиұлы.

Дін мамандарының айтуынша, салафизм бағытын ұстанушылар мемлекеттің негізгі заңнамаларын, тіпті ата заңын да мойындамайды. Сондықтан бүгінде дін туралы заңға өзгертулер енгізілу үшін бірқатар құжаттар әзірленуде.

Еліміздің дін істері жөніндегі комитет мәліметіне сәйкес, Қазақстанда 15 мыңдай салафизм бағытын ұстанушы бар. Айта кетейік, салафизм идеясына Өзбекстанда бейресми түрде, Тәжікстанда ресми түрде тыйым салынған.

Похожие материалы