Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар 340,43 теңгені құрады

Доллар 340,43 теңгені құрады

Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 28 қарашадағы доллардың орташа бағамы 340,43 теңгені құрады. Бұл  туралы  биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 340 теңгені құрады. Жоғары курс – 341 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 340,35 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 37 млн 650 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 113.

Ақша айырбастау орындарында 28 қарашадағы доллардың жоғарғы курсы (Алматы уақытымен – 15:20) Алматыда 341,5 теңгені құраған.

Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы