Алматы. 6 қыркүйек. 7kun.kz — Қазақстанның Ұлттық банкі дүйсенбі күні 6 қыркүйекке арналған шетел валюталарына қатысты ресми бағамды жариялады.
АҚШ доллары — 340,90 теңге, 1 еуро — 380,48 теңге, Ресей рублі — 5,27 теңге, Ұлыбританияның 1 фунт стерлингі — 454,32 теңге, жапон йені— 3,29 теңге, 1 қытай юаньы — 51,06 теңге, 1 қырғыз сомы — 4,95 теңге, 100 өзбек сумы— 11,38 теңге болды деп жазылған Ұлттық банк таратқан хабарламада.
АҚШ долларына қатысты ресми курс Қазақстан қор биржасындағы 5 қыркүйектегі таңғы және күндізгі сессия (негізгі) қорытындысы бойынша белгіленген. Сауда кезінде америкалық валютаның теңгеге қатысты ресми бағамы 340,90 теңге деңгейінде нақтыланды.
Ал теңге курсына қатысты басқа шетел валюталары кросс-курс есебі бойынша Астана уақытымен 16.00-де белгіленді.