Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Украина Ұлттық банкінің төрайымы жұмыстан кетуге өтініш берді

Украина Ұлттық банкінің төрайымы жұмыстан кетуге өтініш берді

Алматы. 10 сәуір. 7kun.kz - Бүгін Украина  Ұлттық банкінің төрайымы Валерия Гонтарева ел президенті Петр Порошенкоға өз еркімен жұмыстан босату туралы өтініш берді. Бұл туралы төрайының өзі Киевтегі баспасөз мәслихатында айтқан.

Алайда Порошенко оның өтінішін қабылдағаны туралы ақпарат  жоқ. Егер Президент өтінішін қабылдаса, одан кейін Жоғарғы Рада оның отставкаға кетуін дауысқа салуы керек.

Валерия Гонтарева ҰБ-те өз отставкасынан бөлек  ауқымды өзгеріс болмайды дейді.

Ол ҰБ төрайымы ретіндегі миссиясының орындалғанын, қызметінен кетуді жоспарлап жүргенін бұған дейін де бірнеше рет айтқан еді.

Ақпан айында  ол «бұл қызметте кәсіби маман, технократ отыруы керек», - деп мәлімдеген еді.

В.Гонтарева – Украина Ұлттық банкін басқарған тоғызыншы адам. Ол ҰБ басшылығына 2014 жылы келген еді. Ол басшылыққа келгеннен бері елдегі банк саны 2 есеге қысқарып, салымшылардың көпшілігі қаражатынан айырылып, елдегі төлем қабілеті төмендегені байқалған.

Похожие материалы