Мигуэль Сервантес айқандай: «қалам - өз ойыңды жеткізудің құралы», деп мен осы тақырып бойынша өз ойымды айтайын. Осы тақырыптағы басты проблема – ол әдептілік проблемасы болып тұр. Бұл тақырып адам бойындағы бағалы қасиеттерді көрсетеді.Егер де осы адал қасиеттерімізді бағалай білсек, біз өз өміріміздің алдағы уақытта жарқын болатынын көреміз. Әдептілік жөнінде өмірде көп жағдайлар болып жатыр, кейбір жағдайларда адам адамгершілік пен өзіне табатын пайдасына таңдау жасау керек болып жатады.Бұл жағдайда әдептілік проблемасы адалдық, жауапкершілік, қайырымдылық секілді қасиеттер және саған бағынатын адамдардың немесе өз достарыңның арасында өзіңнің беделіңнің артуына себебін тигізеді.
«Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңына, сондай-ақ Тізілімге кіргізілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басымды (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерінің тауарларына (жұмыстары, қызметтеріне) бағаны мемлекеттік реттеуді енгізу ережесіне сәйкес, монополияға қарсы органды монопольды өндірілетін тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы және өсіру себебін растайтын құжаттарды ұсынумен оларды өсірудің себептері туралы (мысалы, шикізатты жеткізу құнын ұлғайтқан кезде шарт көшірмесін жіберу және т.б.) жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етуге міндетті.
Монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бекітілген бағаларды (тарифтерді) белгілеу жүргізіледі:- Егер рынок субъектілерін монополияға қарсы орган монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) алдағы бағаның өсуі туралы жазбаша түрде 30 күн ішінде хабардар етпесе..
- Егер бағаны арттыруға негіз жоғы туралы хабарлама алған рынок субъектісі монопольды өндірілетін (жеткізілетін) тауарға (жұмыстар, қызметтерге) бағаны бұрынғы деңгейде сақтаса.
- Рынок субъектілері монополияға қарсы заңнаманы күнтізбелік жыл ішінде бәсекелестікті шектеуге бағытталған екі немесе одан да көп бұзушылық жасаған кезде.
Мемлекеттік кәсіпорынға монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 1999 жылғы 25 тамыздағы № 61 –НҚ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды жүзеге асыратын қызметтерге бағаларды реттеу ережесіне .
Қызметтердің жаңа түрлеріне бағалар бекіту, қызметтерге қолданыстағы бағаларды өзгерту, қызметтер ұсыну шарттарын өзгерту, сондай-ақ бағалардың қолданылуының белгіленген мерзімінің өту тәртібі. Ұйым оларды енгізгенге дейін 45 күннен кешіктірмей Уәкілетті органға бағаларды бекітуге (өзгерту) өтініммен өтініш жасайды. Өтінімге Ережемен көзделген көлемде және шарттарды сақтаумен қажетті нормативтік, есептік және басқа материалдар қоса беріледі. Атап айтқанда шаруашылық жүргізу құқығындағы Мемлекеттік кәсіпорындар монопольды ұсынылатын қызметтерге бағалар бекітіледі, ал жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда келісіледі.
Монополияға қарсы саясат саласындағы орталық атқару органына және оған бағыныстағы аумақтық бөлімшелерге (бұдан әрі – монополияға қарсы орган) іс-қимылдар немесе мәмле жасауға келісім беру туралы өтініштер, хабарламалар туралы өтініштер, сондай ақ қажетті құжаттарды ұсыну тәртібі Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 2 тамыздағы № 153 –НҚ бұйрығымен бекітілген Монополияға қарсы органға өтініштер мен хабарламалар ұсыну және оларды қарау тәртібі туралы ереже талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Рыноктық экономикаға көшу құқықтық ортада елеулі өзгерістерге әкелді. Рыноктық экономиканың тиімділігін арттыру үшін мемлекет тарабынан монополияға қарсы реттеуді жүзеге асыру қажет.
Осы мақсатта 1998 жылдың екінші жартсында. Қазақстан Республикасының Парламенті «Табиғи монополиялар туралы» және «Жосықсыз бесекелестік туралы» Заңдарды қабылдады, 2001 жылы Қазақстан Республикасының Парламенті «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Заңды қабылдады.
Монополияға қарсы реттеу– комплекс мемлекет жүзеге асыратын және рыноктық бәсеке үшін жағдайды қамтамасыз етуге және рыноктық тетіктің қалыпты жұмыс істеуіне қауіп төндіретін рынокты шамадан тыс монополияландыруды болдырмауға бағытталған экономикалық, әкімшілік және заңнамалық шаралардың кешені.
Монополияға қарсы реттеуге:
- өндірісті шоғырландыру және монополияландыру деңгейін реттеу;
- кәсіпорындардың стратегиясы мен тактикасын реттеу;
- сыртқы экономикалық қызметті реттеу;
- бағалық және салықтық реттеу.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің бәсекелестікті қорғау және монополиялық қызметті шектеу жөніндегі уәкілетті органы мынадай қызметтерді жүзеге асыралды:
- монополиялық қызметті ескерту, шектеу және болдырмауды;
- тұтынушылардың құқықтарын мен бәсекелестіктерін қорғауды;
- монополияға қарсы заңнаманы сақтауды бақылауды;
- бағаны реттеуді;
- тауар рыноктары мен бәсекелестікті дамыту жөніндегі саясат саласында басқа мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайдағы рынок субъектілерін табу мақсатында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) рыногын талдауды жүргізеді.
Tауарлардың (жұмыстар, қызметтердің) тиісті рыногтарын талдау «Бәсеке және монополиялық қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-тармағының, Қазақстан Республикасының табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау жән ешағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігінің 2001 жылғы 25 сәуірдегі № 86 –НҚ бұйрығымен бекітілген Белгілі бір тауар рыногында басым (монополиялық) жағдайда орын алған рынок суъектілерінің мемлекеттік тізілімін қалыптастыру және жүргізу ережесінің, сондай-ақ Белгілі бір тауар шекарасын анықтау және монополистің рынок субъектісін тану ережесінің талаптарына сәйкес.
Талдау жүргізу барысында рынокты талдайтын субъектілерден ақпарат тікелей, сондай-ақ мемлекеттік органдардан сұратылады (Қазақстан Республикасының статистика, құзіретті мемлекеттік органдар жөніндегі агенттік). Талданатын рынок субъектілерінің басымдық үлесін есептеуде ұсынылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) көлемі табиғи және құндық көріністе беріледі. Біртекті тауарлардың басымдық үлесін есептеу кезінде (жұмыстар, қызметтер) негізге табиғы көріністегі көлем алынады (мысалы, ұялы телефонның бір минуттағы қызметі).
Рынок субъектісінің басымдық жағдайы белгілері
- егер тиіст тауар рыногында субъекті рыногының жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден асатын болса. Бұл ретте тиіст тауар рыногындағы үлесі 35 пайыздан асатын субъектінің жағдайы басымды (монополиялық) деп танылуы мүмкін емес;
- егер тиіст тауар рыногында субъекті рыногыың үлесі жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден кемін құраса және егер мұны сайын монополияға қарсы орган мыналардың негізінде белгілесе:
- тиісті тауар рыногындағы рынок субъектісінің үлесінің тұрақтылығы;
- бәсекелестерге тиесілі рыноктағы үлес мөлшеріне қатысты;
- осы рынокқа рыноктың жаңа субъектілерінің (бәсекелестердің) кіру мүмкіндігі.
- Егер рынготың бірнеше субъектілерінің кез келгеніне қатысты мынадай шарттар орындалатын болса:
- белгілі бір тауар рыногында екеуден аспайтын рынок субъектілерінің жиынтық үлесі 50 және одан көп пайыз болса;
- белгілі бір тауар рыногында үшеуден аспайтын рынок субъектілерінің жиынтық үлесі 70 және одан көп пайыз болса.
Қызметтер рыногында басымдық (монопольдық) жағдайды анықтау мысалы
Қазақстанның ұялы байланыс рыногында (болжаммен) рыноктың 4 субъектісі қызметін жүзеге асырады: «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС, «Кар-Тел» ЖШС, «Алтел» АҚ, «Мегафон» ЖШС. Осы кәсіпорындардың үлесі былайша көрінеді «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС - 59,4% (1900,0 млн. мин), , «Кар-Тел» ЖШС - 15,6% (500,0 млн. мин.), «Алтел» АҚ - 9,4% (300,0 млн. мин.), «Мегафон» ЖШС - 15,6% (500,0 млн. мин.). Герфиндаля – Гиршмана (НН) коэффициентінің деңгейі үлес квадраты сияқты есептеледі, ал концентрации рыноктың (CR )шоғырлануы бұл тиісті субъектінің үлесінің өзі, бірақ ең ірі немеес анағұрлым ірі топтың. Мысал бойынша Қазақстанның ұялы байланыс операторларының үлес квадраттарының жалпы сомасы 4103,44 (НН)тең. Бұл ретте бір ірі субъектінің шоғырлану коэффициенті 59,4% (CR-1) тең. Осылайша, осы коэффициенттердің мәні былай көрінеді: 35< CR-1 = 59,4% < 70%, 2000< НН=4103,44 < 10000.
Осы жағдайда «GSM Қазақхстан ОАО «Қазақхтелеком» ААҚ» ЖШС ұялы байланыс қызметтері рыногындағы жағдайы басымды (монопольдық) болып танылады, себебі осы кәсіпорынның үлесі жыл сайын монополияға қарсы орган белгілейтін шекті мөлшерден асып отыр, ал бұл 35%. Сонымен, осы субъект белгілі бір тауар рыногында басымды (монопльдық) жағдайда Рынок субъектілері мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі мәтін бойынша Тізілім) енгізілуге, не ол қазірдің өзінд етізілімде тұрса, басымдық үлесін нақтылауға жатады.
«Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес бұйырамын:
- Мына қоса берілген:
Монополиялық кірісті анықтау жөніндегі ереже;
Монополиялық жоғары және монополиялы төмен бағаны белгілеу жөніндегі ереже бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің Ішкі әкімшілік ету басқармасы осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
- Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Бәсекелестікті қорғау комитеті Төрағасының орынбасары Ж.М. Қожахметовке жүктелсін.
- Осы бұйрық ол алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрлігі
Бәсекелестікті қорғау комитеті
Төрағасының 2006 жылғы 7 қарашадағы
№ 252-НҚ бұйрығымен бекітілген
Монополиялық кірісті анықтау ережесі
- Жалпы ережелер
- Осы Монополиялық кірісті анықтау ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» (бұдан әрі - Заң), «Жосықсыз бәсеке туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзірленді.
Осы Ереженің мақсаты монополиялық кірісті есептеу тәртібін айқындау болып табылады.
- Осы Ережеде қолданылатын ұғымдар мен терминдер заңдарда айқындалатын мағыналарда пайдаланылады.
- Монополиялық кірісті айқындау
- Нарық субъектісі нәтижесінде монополиялық кірісті алуы мүмкін іс-әрекеттері:
1) нарық субъектілерінің бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері).
2) нарық субъектісінің үстем (монополиялық) жағдайын асыра пайдалануы.
3) мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы іс-әрекеттері.
- Монополиялық кіріс нарық субъектісінің, мемлекеттік органның осы Ереженің 3-тармағында көрсетілген іс-әрекеттерді жүзеге асырған кезден бастап нарық субъектісі, мемлекеттік органдар аталған іс-әрекеттерді тоқтатқан кезге дейін айқындалады.
- Монополиялық кіріс:
1) монополиялы жоғары бағаны монополиялы жоғары бағаны қолдану кезінде алынған кіріс пен тиісті тауар нарығында немесе ұқсас нарықта нақты немесе бағдарлы бәсеке бағасы негізінде есептелген табыс арасындағы айырмашылық ретінде не монополияға қарсы орган негізделген шығындар мен пайдалар негізінде есептеген баға бойынша бәсеке бағасын айқындау мүмкін болмаған жағдайда қолданған кезде;
2) монополиялы төмен бағаны:
доминанттың нарықтан бәсекелестерді жою арқылы өткізу көлемін ұлғайту нәтижесінде алған қосымша табысы ретінде;
үстем жағдайға ие нарық субъектісінің сатып алушы ретінде нақты немесе бағдарлы бәсеке бағасы бойынша тауарды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алуға арналған шығындары мен монополиялы төмен бағалар бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатып алу кезінде қалыптасқан шығындар арасындағы айырмашылық ретінде белгілеген кезде;
3) доминанттың нақты кіріс пен бекітілген баға белгілеу тәртібіне сәйкес есептелген баға бойынша айқындалған кіріс арасындағы айырмашылық ретінде баға белгілеу тәртібін бұзған кезде айқындалады.
- Мемлекеттік органдардың бәсекеге қарсы келісімдері (келісілген іс-әрекеттері), монополияға қарсы іс-әрекеттері нәтижесінде алынған нарық субъектісінің монополиялық кірісі аталған іс-әрекеттерден алынған барлық кіріс ретінде айқындалады.
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу тәртібін белгілеу мақсатында, «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 30-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қоса беріліп отырған Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі бекітілсін.
- «Тауар рыногында үстем (монополиялық) жағдайға ие рынок субъектілері тауарларының (жұмыстарының, қызметтер көрсетуінің) бағаларын мемлекеттік реттеуді енгізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 14 қыркүйектегі № 1212 қаулысының(Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., № 33, 427-құжат) күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Үкіметінің Қазақстан Республикасы
2003 жылғы 29 сәуірдегі
№ 9379 қаулысымен
Бекітілген
Тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі
- Жалпы ережелер
- Осы тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға белгілеу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңынасәйкес әзірленді.
- Осы Ережені әзірлеудегі мақсат тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің (бұдан әрі - нарық субъектілері) тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген баға енгізу туралы шешім қабылдау тәртібін айқындау болып табылады.
- Осы Ереже тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) белгілі бір түрі нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие және тиісті тауар нарығында үстем (монополиялық) жағдайға ие нарық субъектілерінің Мемлекеттік тізіліміне енгізілген нарық субъектілеріне қолданылады.
Тіркелген бағаны енгізу тәртібі
- Мынадай:
1) нарық субъектілері монополиялық жоғары (төмен) баға белгілеуде көрініс тапқан үстем (монополиялық) жағдайын теріс пайдаланған;
2) нарық субъектілерімен бірдей келісімдерге әр түрлі баға қолданған;
3) нормативтік құқықтық кесімдерде белгіленген баға белгілеу тәртібін бұзған;
4) келісілген бағалар белгілеуге (ұстап тұруға) қатысты бәсекеге қарсы келісімдер (келісілген іс-әрекеттер) жасаған;
5) басқа субъектілермен бірдей шарттарға кемсітетін бағаларды қолданған жағдайларда, тіркелген баға енгізіледі.
- Осы баптың 4-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, тіркелген бағаны енгізу қолданылады.
- Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектісіне тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) алдағы уақытта тіркелген баға белгіленетіні туралы хабарлама жібереді.
- Алдағы уақытта тіркелген баға белгіленетіні туралы хабарлама алған нарық субъектісі он күн мерзімде монополияға қарсы органға мынадай құжаттарды ұсынуға тиіс:
1) бағалар жобасы;
2) бухгалтерлік теңгерім;
3) қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп;
4) еңбек және еңбекақы жөніндегі есеп;
5) өндірістік-қаржылық қызмет туралы есеп;
6) негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің болуы және қозғалысы туралы есеп;
7) бағалар жобасын есептеу үшін шығындарды баптар бойынша толық жазылған жиынтық деректер (тарифтік смета);
8) еңбекке ақы төлеудің қолданылатын жүйесі туралы мәлімет;
9) шикізаттар мен материалдар шығысының қолданылатын нормалары, қызметкерлер санының нормативтері туралы мәлімет;
10) бастапқы және қалдық құнын, негізгі құралдарды пайдалану мерзімдерін, пайдалануға енгізу күнін көрсете отырып, амортизациялық аударымдарды есептеу;
11) нарық субъектісінің мүмкіндіктерін ескере отырып, тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндірудің (жеткізудің) жоспарланған көлемін растайтын құжаттар, жобалық қуаты мен оның іс жүзінде пайдаланылуы туралы деректер.
- Осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген және монополияға қарсы органның сұрау салуы бойынша қосымша ұсынылған құжаттар мынадай талаптарға жауап беруге тиіс:
1) әрбір параққа нарық субъектісінің басшысы, ал қаржы құжаттарына бас бухгалтер бұрыштама соғады және мөрмен растайды;
2) тіркелген баға енгізер алдындағы төрт тоқсан ішінде, және өткен күнтізбелік жыл үшін ұсынылады;
3) жылға (жарты жылға) арналған есептегі деректер, мұндай есептеу салық есебі тұрғысынан болатын орынсыз жағдайларды қоспағанда, негізге алынады;
4) бағалардың жобалары тіркелген бағаны енгізер алдындағы төрт тоқсандағы және өткен күнтізбелік жылдағы тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) іс жүзінде өндірілген (жеткізілген) көлемдерін негізге алу жолымен жасалады;
5) өндіру (жеткізу) көлемін азайту кезінде азайтуды негіздейтін және оны растайтын құжаттар ұсынылуға тиіс.
- Монополияға қарсы орган нарық субъектілерінің тауарларына (жұмыстарына, қызметтеріне) тіркелген бағаны енгізу кезінде:
1) нарық субъектісі қызметінің монополиялық түріне жататын және бухгалтерлік есептің стандарттарына сәйкес келетін шығындарды, (шығыстарды);
2) өнімдердің (қызметтердің) бір бірлігін шығаруға жұмсалатын шикізаттар, материалдар, отын, энергия нормаларынан көріне отырып айқындалатын материалдық шығындарды (шығыстарды);
3) жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына, техникалық қайта жарақтандыруға және негізгі өндірістік қорларды жарамды күйінде ұстауға жұмсалатын шығындарды (шығыстарды) (осы іс-шараларды жүргізу қажеттілігі құжаттамалық растау болған кезде);
4) қызметкерлердің (әкімшілік-басқару және өндірістік персоналдың) іс жүзіндегі санын есепке ала отырып, еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды (шығындарды);
5) баға белгілеу алдындағы кезең (жыл, жарты жылдық) ішінде іс жүзінде қалыптасқан еңбекке ақы төлеу шығыстары негізге алына, тиісті кезеңдегі инфляция индексі ескеріліп, статистикалық деректер бойынша есептеле отырып, қызметкерлерге еңбекке ақы төлеуге жұмсалатын шығыстарды (шығындарды). Бұл ретте еңбекке ақы төлеу шығыстары (шығындары) мыналарды қамтиды:
ұйымда қабылданған еңбек ақы төлеу нысандары мен жүйелеріне сәйкес кесімді бағалауға, тарифтік ставкаларға және лауазымдық жалақыларға сүйене отырып есептелген орындалған жұмыс үшін еңбекақы төлеу жөніндегі төлемдер;
ынталандыру сипатындағы төлемдер: өндірістік нәтижелер үшін берілетін сыйақылар (заттай сыйақының құнын қоса алғанда), кәсіби шеберлігі, еңбектегі жоғарғы жетістіктері үшін тарифтік ставкалары мен жалақыларына үстемеақылар және ұйымда қабылданған материалдық көтермелеудің басқа да нысандары;
жұмыс режиміне және еңбек жағдайына байланысты төлемдер, сондай-ақ ұйымдарды қайта ұйымдастыруға, қызметкерлер санын қысқартуға байланысты өтемақы - төлемдері;
6) бухгалтерлік есеп саласындағы заңнамаға сәйкес есептелген негізгі құралдардың тозу сомасы. Бұл ретте монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері осы Ереженің 9-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген шығындарға (шығыстарға) негізгі құралдардың тозу сомасын енгізуге құқылы;
7) тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) тұрақты және үздіксіз өндіруді (жеткізуді) қамтамасыз ету үшін тартылған банкілердің кредиттері үшін пайыздарды; Бұл ретте банктің ұзақ мерзімді кредиттерінің пайыздары нарық субъектісінің инвестициялық бағдарламасы шегінде ескеріледі;
8) тіркелген баға енгізер алдындағы төрт тоқсандағы нақты шығындар деңгейінде алдыңғы төрт тоқсан ішіндегі инфляция индексін ескере отырып, әкімшілік мақсаттағы шығыстарды (шығындарды) ескереді.
- Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері қызметтің сондай немесе соған ұқсас түрімен айналысатын нарық субъектілерінің тиісті шығындарын салыстыра талдау нәтижесінде не тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өндіру көлемі едәуір төмендеген кезде бағаға енгізілетін әкімшілік мақсаттағы шығыстар сомаларын өзгерту туралы шешім қабылдауға құқылы.
- Тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тіркелген бағаларды қалыптастыру кезінде нарық субъектілерінің мынадай:
1) нормативтен жоғары техникалық және коммерциялық ысырап, тауарлық-материалдық құндылықтардың бүлінуі мен жетіспеуі және қоймалардағы тауарлардың запастары, басқа да өндірістік емес шығыстар (жұмысты ұйымдастыру сапасына және басқа да факторларға байланысты әртүрлі сипаттағы ысыраптарды жабатын өндірістік қызметке арналған шығындар) мен ысыраптар;
2) ластағыш заттардың нормативтен жоғары шығарындылары (тастандылары) үшін төленетін төлемдер;
3) үмітсіз қарыздар (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап қою мерзімінің аяқталуы бойынша дебиторлық берешек);
4) шаруашылық шарттардың талаптарын бұзғаны үшін айыппұлдар, өсімпұлдар, тұрақсыздық төлемдері мен жазалардың басқа түрлері;
5) кірісті жасырғаны (азайтқаны) үшін төленетін айыппұлдар мен өсімпұлдар;
6) ұрлықтардан келген зияндар;
7) ақаудан болған ысыраптар;
8) қызмет көрсететін шаруашылықтар мен учаскелерді ұстау жөніндегі (үй-жайларды тегін беру, қоғамдық тамақтандыру ұйымдарына коммуналдық қызмет көрсету құнын төлеу және т.б.);
9) денсаулық сақтау, мектепке дейінгі балалар ұйымдарының, оқу орындарының, оның ішінде кәсіптік-техникалық училищелердің объектілерін ұстау;
10) сауықтыру лагерьлерін, мәдениет және спорт объектілерін, тұрғын үй қорын ұстау;
11) ұйым қызметкерлерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, саяжай үйлерін сатып алуға және үй шаруашылығымен айналысуға алған несиелерін (пайызсызды қоса алғанда) өтеу;
12) мәдени-ағарту, сауықтыру және спорттық іс-шараларды (демалыс кештерін, концерттерді және басқаларды) өткізу;
13) демеушілік және қайырымдылық көмектер көрсету;
14) тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өндірісіне (жеткізуге) тікелей қатысы жоқ және бағаны өсіруге алып келетін шығыстардың басқа да түрлері бойынша шығыстар ескерілмейді.
- Монополиялық түрде өндірілетін (жеткізілетін) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) тіркелген баға қалыптастыру кезінде пайда (кіріс) деңгейі алдыңғы есепті кезең ішінде (статистикалық есеп беру деректері бойынша) қалыптасқан орташа салалық мөлшерден аспайтындай етіп есептеледі.
- Монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері нарық субъектісі ұсынған негіздеуші құжаттарды талдау жолымен тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалардың жобаларына сараптама жүргізеді, оны жүргізу кезінде монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері:
1) нарық субъектісі соңғы тиісті сұрау салуды алған күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде ұсынатын қосымша құжаттарды сұратады;
2) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) арналған бағалардың жобасын монополияға қарсы органның жанындағы сараптама кеңесінің қарауына береді.
- Нарық субъектісінің монополияға қарсы органға және оның аумақтық бөлімшелеріне осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген немесе осы Ереженің 13-тармағының 1) тармақшасына сәйкес сұрау салынған құжаттарды ұсынбауы тіркелген баға белгілеу үшін кедергі болып табылмайды.
- Шығындар жөнінде растау құжаттарын ұсынбаған жағдайда монополияға қарсы орган мен оның аумақтық бөлімшелері тіркелген бағаны белгілеу кезінде осы шығындарды есепке алмайды.
- Шығындарды жеке есепке алу болмаған және нарық субъектісі өнімдер түрлері бойынша шығындардың жеке есебін ұсынбаған жағдайда, монополияға қарсы орган сатылатын тауарлардың түрлері (өндірістік персоналға еңбекақы төлеуге арналған кірістер, көлемдер, шығындар) бойынша доминанттың шығындарын бөледі.
- Монополияға қарсы орган ұсынылған құжаттарды қарайды және осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген құжаттар ұсынылған күнінен бастап отыз күн ішінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.
- Монополияға қарсы орган қарау қорытындылары бойынша, бұйрықпен ресімделетін бір жылдан аспайтын мерзімге бағаның белгілі бір шамасы, кірістілік деңгейі және (немесе) тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) бағаның жоғарғы (төменгі) шегі түрінде тіркелген бағаны енгізу туралы шешім қабылдайды.
Бәсекелестік дегеніміз – (латынның «concurred» деген сөзінен аударғанда – қақтығысу) шаруашылық субъектілері және нарықтың экономикалық қатысушыларының арасындағы тауарларды сату және сатып алу барысында үстеме пайда табу үшін күресі мен ең жақсы жағдайлары үшін бақталастығы болып табылады. Егер де мен қандайда бір бизнеспен айналысатын болсам, менің өнім өндіруге жұмсалатын шығындарды азайтудың жолдарын іздеймін және жаңа техникамен жетілдіруге, жаңа әртүрлі технологияны енгізуге, шығаратын өнімімнің саны мен сапасын және оның тиімділігін жақсартуға ұмтылар едім. Мысал келтірер болсам, қазір бұрынғыдай машинкамен емес, оның орнына компьютерді қолданамыз. Осы мысалды келтіре отырып, бәсекелестіктің үнемі болатынын және оның дамуына себепші болатынын айқын көруге болатынын көрсеткім келді. Қазіргі заман бұрынғыдай романтика мен поэзия ғасыры емес, қазіргі заман экономика мен компьютер ғасыры демекпін. Осыған қоса мен тағыда мына шараларды қолданар едім, олар: Ең жаңа технологияны қолданып, соның негізінде жаңа және жоғарғы сапалы тауарлар мен игі қызметтер шығарар едім; Ұқсас тауарлар жасау. Мен дәл бәсекелесімдікіндей емес, оған қарағанда кішкене болса да өзгеше, көзге көрінетіндей блуын қалар едім; Өнімімді сатып болғаннан кейін, технологияны жақсы жұмыс істеуін қадағалау. Істен шыққан жері болса, оңдату немесе жаңарту; Жасаған адамныңда сапалы товар өндіруіне икемді, қолайлы жағдайлар жасалуға көңіл бөлу керек. Өз товарларымның жақсы өтуі үшін, мен оған жарнама жасар едім. Мәселен кір жуатын машинаны алсақ, оны ақысыз жеткізу сол сияқты 3 жылға гарантия беру . Бұл жердегі бәсеке – бағадан тыс бәсеке болып табылады. Бағадан тыс бәсеке дегеніміз – бұл қосымша табыс табу үшін кәсіпкерлер арасындағы күрес. Ал, баға бәсекесі – бұл мынадай жолдармен таза табыс алу үшін фирмалар арасындағы күрес: Өндіріс шығынын азайту және, тиісінше, ассортименттер және тауарлар мен игі қызиеттердің сапаларын өзгертпестен бағаны төмендету. Мен бұл жағдайдағы бәсекелестіктен мынаны ұқтым: Ол - адамды ынталандырады, жаңа идеялар пайда болады, адамның бір орына тұрып қалмай одан арықарай амуына, кім жақсы еңбек етсе, сол істеген ісінің жемісін көреді, ортаңнан лидерді анықтауға көмектеседі. Менің осы жерде айтқым келгені, өндіруші әрқашанда өз клиенті үшін күреседі, сол арқылы өз товарын көрсете алады. Егер де товары жақсы көрініп жатса, оның одан алдағы уақытта көтерілуіне және әлемдік нарыққа шығуына болады. Әлемдік нарыққа шықса, оның өз елін көрсетуіне болатынын мүмкіндігі бар. Ал, мен осы жерде тұтынушы болсам,оның : Сапасына (зат болған жағдайда – оның сапасының жоғарлығына, төзімділігіне; жеңіл өнеркәсіп болған жағдайда - оның сапасының жоғарлығына, оның матасының сапасына және өз денеңе шағын, ыңғайлы, әр түрлі адамның денсаулығына зиян келтірмейтіндей болуы қажет «аяғыңдағы аяқ киімім тар болса, дүниенің кеңдігінен не пайда?»; ал егер азық – түлік өнеркәсібі болса – мерзімінің өтпегендігін, сапасына қарау керекпіз.) Оның басқасына қарағанда ұқсамауында. (Мен жеке өз басым киім алғанда қайталанбауын, ұқсамауын қалар едім. «Адамды киіміне қарап қарсал, ақылына қарап шығарып сал» дегендей оның өзгеше болып киінсе және киімі өзіне үйлесіп тұрса , ол тез адам көзіне түседі және сен ол кісінің талғамының жоғары екенін бірден көруге болады.) Өнімнің қазіргі заман үлгісіне сай болуы. ( Тағы да мен өзімді мысалға алатын болсам, оның қазіргі заман үлгісіне сай болуын қалар едім. Алайда, көп темір – терсектің, жартылай жалаңаштық көп болғанын қаламаймын. Соңғы кезде шет елдің үлгісіне көп еліктеп бара жатқан сиятымыз. «Егер мөлшерден асып кетсең, сүйкімдінің өзі сүйкімсіздену болып кетеді» көне грек филосфы Демокрит айтқандай, мен осы пікірге қосыламын.) Өз қаражатына қарауы керек. (Қазіргі кезде барлық қалаған нәрсеңді алу мүмкін емес, сол себептен адам таңдау керек болады. Мен осы жерде шама келсе қаражатымды үнемдеуім қажет. Сондықтан басқа да жерлерді қарап, альтернативті қарап, сәл арзандауын аламын. Бірақ, әрқашанда тұтынушының көзі қымбатқа түсетінін ұмытпайық. ) Осы жерде менің бәсекелестіктен алатын нәрселер көп. Мен мұның барлығын сараптай келе өз басым осы салада экономикалық түсініктерді қолдаймын. Қорыта келе мен бәсекені мынадай кішкене тақырыптарға бөлемін. Одан бұрын бәсекенің мынадай формаларын көрсетіп кетейін: 1.Функционалды бәсеке – кез –келген қажеттілікті әртүрлі тәсілдермен қанағаттандыруға болады. 2.Түрлік бәсекесі – егер товар бір қажеттілі қанағаттандырып, ал бірақ көптеген қасиеттер иеленсе. 3.Заттық бәсеке – товардың сапасы тез ажыратымды болса, онда шығынның төмендеу жолымен қосымша пайда алу үшін товар өндірушілер арасындағы күрес және өнім ассорттары мен сапасына өзгеріс енгізбей – ақ оған бағаны төмендету. Бәсекелестік жетілген және жетілмеген болып екіге бөлінеді. Жетілген бәсеке – басты бақылаушысы тұтынушының мүддесі болып табылатын рынок деп түсіну керек. Егер нарықта сатушылар көп болса олардың товарлары ұқсас болғанымен бірдей болмаса, онда бұл жетілмеген бәсеке болады. Жетілмеген бәсекенің өзі үш түрге бөлінеді: 1.Таза монополия; 2. Монополия; 3. Олегополоия. 1. Таза монополия Бір сатушы. Таза немесе жетілген монополия – бір фирма, көп сатып алушылар; Монополия өнімі таңғажайып оның теңдесі жоқ. Сатып алушы үшін балама жоқ. Жарнамамен шұғылданудың қажеті жоқ (керісінше жағдай – монопсония және шектеулі монопсония, яғни сатып алушының монопсолиясы); Таза монополист тауар мен игі қызметтердің бағаларына билік етеді. өнімге сұраным жүрмей тұрған кезде бағаның өзгерісін жасап, ұсынылған өнімнің санымен амалдау, яғни, ол бағаны бақылайды; Монополист өз саласына басып кіру қаупін тудырған жаңа фирмаларға стратегиялық инвестицияны жүзеге асыру арқылы қасарыса жауап қата алады. 2. Монополия бұл мемлекеттердің, фирмалардың, ұйымдардың, сауда жасаушылардың қандай да бір шаруашылық қызметін жүзеге асырудағы айырықша құқығы. Монополияның түрлері: 1.табиғи монополия; 2.жасанды монополия. «Монополияның үш негізгі көзі бар: «Техникалық түсінік», тікелей және жанамалай үкіметтік қолдау және жеке келісім... қашан қандай да бір нақты адам немесе кәсіпорын, басқа біреулер билік етуге жол жоқ жерде өз шарттарын қоя аларлықтай жағдайда қандай да бір тауарларды немесе игі қызметтерді бақылай алса, монополия сол кезде бар болып шығады». Жетілмеген бәсекемен салғастырғанда монополияның өте маңызды нәтижесі болып өнім шығаруды азайту, бағаны көтеру және табысты тұтынушылардан өндірушілерге өткеру саналады. Монополиялық бағаның құрылуы, сондай-ақ, жақсы тұрмыстағы белгілі «таза шығындар» дегенге саяды. Олар тұтынушылар үшін заттың құнынан шығынға ұшырап, бәсеке баға үстінде ол өнімді сатып алар да еді бірақ монополиялық бағада тауарларды алмастыратын төменгі сапалы заттарды сатып алуға мәжбүр. Біздің ғасырымыздың 30-шы жылдары Эдуард Чемберлен жасаған монополистік бәсекенің теориясы өзінің мақсаты етіп жетілген бәсеке мен монополияның тайталастық күштерін жарастыруды қояды, алайда ол мақсат сөзсіз олардың орташа арифметикасы болып табылмайды. Егер рынок келесі белгілермен сипатталатын болса, онда монополистік бәсеке бар деп саналады:
- Рынокта сатушылар мен сатып алушылардың көп болуы, мұның үстіне олардың бәрі ұсақ сатушылар (Немесе сатып алушылар) болып келеді.
- Рынокқа шығу және одан кетудің толық еркіндігі бар.
- Барлық сатып алушылар мен сатушылар рыноктағы баға туралы және сатылатын тауарлардың сипаттамалары туралы ең соңғы ақпараттарды біледі.
- Сатушылардың өнімдері әр текті болып келеді. Сатып алушының көзқарасы тұрғысынан әр бір сатушының өнімі белгілі дәрежеде кез-келген басқа сатушының өнімінен аздап болсада өзгешеленеді.
Төртінші белгісі шешуші болып саналады - әрбір өндіруші басқалардан гөрі өзгешелеу, бірақ алмастыруға болатын өнімдерді сатады. Рынокта көптеген сатушылар бар, алайда, олардың әр қайсысыларының өнімдері бір –бірінен басқалау және осы қызымет саласында басқа өндірушілердің сатып жатқан өнімдерінен де өзгешелеу болып келеді. Ол фабрика таңбасына қарап немесе басқаша белгі салу тәсілдерінің арқасында ажыратылады. Монопалистік бәсеке моделіне қарағанда антирестік заңнама үшін олигополия теориясы өте маңызды болып келеді. Оның негізге постулаты былай, егер рынок бірнеше сатушылардан тұратын болса, онда барлық сатушылар белгілі дәрежеде өздерінің өзара тәуекелділіктерін мойындайды. Сол себептен әрбір сатушы шығарылатын өннің көлемнің және бағасын белгілей отырып, бәсекелестің қабағына да қарайды. Бұл дегеніміз, олигополистер рынктағы өз үлесін ұлғайту мақсатында бағаны төмендетпейді деген сөз, себебі олар өздерімен бәсекелестіктегі сатушылардың да өздеріне дәл солай жауап қатып, бағаны азайтуын күтеді, сонда ғана түскен тауар тез өтетін болады. Осының нәтижесінде олигополистік сатушылар үйлестіру мен болжалдауға назар тіктейді. Бәсеке бүркемелеу арқылы бағаны төмендетуге (Сапаны жақсарту, несие шарты, жеткізіп беру қызметтері арқылы, тіпті болмаса жасырын ішнара бағаны азайту арқылы ) және бағалық емес, бәсекеден, мысалы, өнімдерді бөлшектеу, жарнама және өнім таратуды ынталандырудан көрініс табады. Мұндай бәсеке, алайда бәсекелестіктердің қарсы шаралары алдындағы қорқынышқа немесе орташа жиынтық шығындардың өсуіне орай шектелінеді (ол олигополистік үстеме таза табыстың бөліп шығарудың мүмкін еместігіне жеткізеді) . Монополистік бәсекедегі олигополияның қарама –қайшылығы – бәсекелес сатушылардың көптігінен таза табыс мөлшері деңгейге дейін төмендейді, олардың әр қайсылары бәсекелестерінің есебінен рынокта өз үлестерін ұлғайтуға тырысады. Сол себепте фирамалар арасында үйлесу мүмкін емес.
Қорытынды
Сонымен «бәсеке, егер оған кедергі келтірмесе, ол өнімнің өндірілуіне жағдай жасайды: Біріншіден ,кімде болса, нені болсада өндіріп және сатып алу үшін таза пайдалы тиімді бағамен алатын болса, екіншіден, соның бәрін жасай алатын адамдар арқылы өндіріп, болмаған жағдайда, тағы біреулер секілді әбден арзандатып (тіпті, сол бір әлдекім, бәлкім сол өнімді шығармайды да), және үшіншіден, барлығы ең төменгі баға мен сатылатын болады (немесе, аз мөлшерде төменгі бағамен), іс жүзінде сол тауарды сатпайтын кісі солай деп баға беруі мүмкін».