Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері

Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері

Экономикалық өсу қоғамды дамыту мен әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды бола отырып, бірнеше жүз жылдар бойы зерттелуде. Кез келген мемлекет өз халқының тұрмыс-жағдайын, әл-ауқатын жақсартуға және ұлттық қауіпсіздігін қамтамсыз етуге міндетті.

Жалпы экономикалық өсудің түрлі модельдері   (неоклассикалық,  кейсиандық, неокейсиандық, институционалдық) бар екендігі белгілі. Неоклассикалық модельдің зерттеу обьектісі экономикалық өсу факторлары, яғни еңбек, капитал, ресурстар, ҒТР, уақыт, экологиялық ақпараттық фактор, адам капиталы болып табылады. Ал, Кейнстік бағытты жақтаушылар теориясында өсу әлеуметтік-экономикалық алғышарттардың кешеніне әсер етпейтін, тек технико-экономикалық параметрлердің өзгерісі деп дәлелденген. Ол ең алдымен сапалы емес сандық құбылыс ретінде қарастырылады. Кейнстік және неокейнстік бағыт экономикалық өсудің алғышарттарын жасайды, яғни дағдарыстан қалай шығу керек, дамушы елдердің жүргізетін саясаттарын қарастырады.

У. А. Льюис экономика секторларын өнеркісіп және ауыл шаруашылығына бөле отырып, негізгі екі: 1) қорлану, яғни жинақтарды инвестицияға айналдыру;  2) жұмыспен қамту, яғни жұмыс күші артық сферадан еңбекке қажеттілігі жоғары сфераға еңбекті ауыстыру мәселелері шешілуі тиіс деп көрсетеді. Сонымен Льюистің жаңарту секторлар арасындағы материалдық және еңбек ресурстарын қайта бөлу тәсілі болып табылады.

Неоклассикалық және неокейнстік модельдердің өзара айырмашылығына қарамастан, олар ұқсас методологияға негізделген.

Осылай ХІХ ғасыр басы мен ХХ ғасыр классикалық теориясында үлкен орын экономикалық өсуге берілген. Табиғат, механизм және қорлану тенденциясы «халықтың байлығы» А. Смит, Д. Рикардо, Т. Мальтус, К. Маркс, Дж. Ст. Милльдің негізгі көңіл аударған мәселесі болды. Содан кейін ұзақ уақыт бұл тақырыпқа ешқандай көңіл бөлінбеді. Тек ІІ дүниежүзілік соғыс қарсаңында ғылымдық мақала шығарған, кейнсиандық экономикалық динамиканы талдауға жол ашқан Р. Харродтың арқасында бұл мәселеге қайтадан қызығушылық туындады. Соғыстан кейінгі бірнеше бесжылдықта өсу теориясы көбірек талқыламалы болды. Ұлттық өнімнің өсуі мәселесін қарастыратын үш концепция құрылды: неокейнсиандық (Т. Харрод, Е. Домар, Э. Хамсен), неоклассикалық (Р. Солоу) және посткейнсиандық (Н. Калдор, Дж. Робинсон).

Өзімнің курстық жұмысымда экономикалық өсуге теориялық анықтама бере отырып, оның жетекші мемлекеттердегі көрсеткіштерін анықтауға тырыстым. Мен бұл жұмыста Америка Құрама Штаттарының ІІ дүние жүзілік соғыстан кейінгі экономикалық өсуінің алғы шарттарын, оған әсер ететін факторларды қарастырдым. Қазіргі кездегі АҚШ-тың кейбір әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін кесте түрінде жаздым. Европа Одағындағы дамыған мемлекеттердің экономикалық өсуіне евроның халықаралық валюта ретінде қалыптасуының мәселелері мен қазіргі экономикасы мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткішетерін қарастырдым.

Экономикалық өсу әр мемлекеттің экономикасының негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Сол себепті дамыған елдер мен Қазақстан Республикасының  экономикалық өсуінің ерекшеліктерін көңіл бөлдім.

 І бөлім. Экономикалық өсудің теориялық және әдістемелік негіздері

1.1. Экономикалық өсу: түсінігі, факторлары мен типтері.

Осы замандағы экономикалық теорияда, әдетте экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі өзгерістерін атайды. Осы жағдайда талдаудың пәні өндірістің потенциалдық көлемінің өсуі болып табылады. Ал осы өсу, тепе-теңдіктің бір ұзақ мерзімдік болмысынан, оның келесі болмысына қозғалыс деп тұжырымдалады.

Осындай жағдайда экономикалық өсуге және ұсыныс факторларына басты назар аударылады. Нақты экономикалық өсуді талдағанда зерттеу пәні тек экономикалық динамиканы белгілейтін факторлармен шектелмейді, оған салалық және ұдайы өндірістік пропорциялар, экономикалық өсу процесіндегі институционалдық құрылымдардың пропорциялары, өсу қарқынын өсіру немесе тежеудің мемлекеттік саясаты, өндірістің нақты көлемінің оның потенциялдық көлемінен аз болуының себептері және т.б. жатады. Нақты экономикалық өсудің мәні – экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру болып табылады: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар: біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы, екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігін жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы. Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қаматамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайылыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.

Экономикалық теорияда экономикалық өсудің көрініс формалары туралы екі бағыт орын алған. Экономикалық өсу деген ЖҰӨ (ҰТ) нақты көлемінің өсу шапшандылығымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштердің бір адамға шаққандағы өсуінің (көбеюінің) шапшаңдығымен өлшенетін, белгілі мерзімде ұлттық экономиканың дамуының қорытынды сипаттамасы деген түсінік кең тараған. Әдетте экономикалық өсуді өлшеудің қандай әдісін қолданатыны зерттеудің мақсаттарымен байланысты болады. Экономикалық өсудің бірінші әдісі көбінесе елдің экономикалық потенциалының молаю шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады, екінші – халықтың әл-ауқатының динамикасын талдағанда, немесе әр елдер мен региондардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады. Бүгінгі күні өсу теорияларында өлшеудің екінші әдісі көбірек қолданылады. Экономикалық өсу деп халықтың санының өсу шапшаңдығынан нақты ұлттық табыстың өсу шапшаңдығының артық болуына әкелетін, ұлттық экономиканың дамуы деп түсініледі.

Экономикалық өсуді өндірістің нақты көлемінің өсуі шапшаңдығы жағынан қарағанда, әдетте экономикада күрделі құрылымдық немесе институционалдық өзгерістер орын алмайды деп тұжырымдалады. өндірістің құрылымы мен институционалдық орта қалыптасып болған және өзгерістер жоқ, тұрақты деп есептеледі. Дамудың осындай сипаты, тұтастық қасиеттері бар және сыртқы ортамен үйлесімді өзара әсер ететін экономикалық жүйелерге тән болады. Ұзақ мерзімді уақыт деп әдетте негізгі капиталдың өмірлік циклына тең уақыт түсініледі. Осындай тұжырым экономикалық өсудің неокейнстік және неоклассикалық теорияларына тән болады.

Басқаша тұжырым экономикалық даму, ұдайы өндірістік, индустриалдық және постиндустриалдық теорияларда қолданылады. Бұл теориялар «тым ұзақ» мерзімдегі экономикалық динамиканың мәселелерін зерттеп, талдайды. Осы мерзімде үкіметтің негізгі институттары, басқару, инфрақұрылым объектері, экономикадағы құрылымдық өзара байланыстар және оның сыртқы ортамен  байланысы – осылардың барлығы өзгеріске ұшырайды.

Тым ұзақ мерзімді экономикалық өсуді зерттеудің екі негізгі ерекшеліктері болады:

  1. Экономикалық өсу экономикалық дамуының құрамды элементі деп есептеледі. Ол, бір жақтан, дамудың циклдық сипатына дем береді, екінші жағынан, өзі құлдырау мен депрессияның кезінде дайындалған өзгерістердің нәтижесі болып табылады. Сондықтан негізгі назар экономикалық өсуге емес, экономикадағы глобалдық өзгерістерге, осылардың жаңа сапаға айналуының тұрақты тенденциялары мен заңдылықтарына аударылады.
  2. Макроэкономикалық өзгермелі көрсеткіштерімен қатар, экономикалық дамудың микроэкономикалық, салалық және индустриалдық негіздері, кәсіпкерліктің мәселелері; өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің және үкіметтің мүдделерінің қайшылықтары, жаңа экономикалық құрылымдардың қалыптасуы зерттеледі.

Халықтың әл-ауқатын көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету – экономикалық өсудің негізгі түпкі мақсаттары болып табылады. Экономикалық өсудің негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады, осының құрамы:

  1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл мақсатқа жетуді ұлттық табыстың (ҰТ) жан басына шаққанда келетін өсу шапшаңдығын көрсетеді.
  2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты ЖҰӨ немесе ҰТ көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудару керек.
  3. ҰТ халықтың әр топтарының арасында бөлінуін жақсарту.
  4. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, түрлерін көбейту.

Көпсалалы «өндірістің тиімділігі» деген түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы экономикалық өсудің тиімділігі болып табылады. Осыған жататындар:

  • тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
  • бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін, немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар өндірісін игеру;
  • халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен кооперациялануын жетілдіру;
  • басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, «Х-тиімді еместікті» жою;
  • өндірістік ресусртардың салалық және елдің аймақтары бойынша аллокациясын жақсарту;
  • жаңа технологиялар игеру.

Экономикалық теорияда «экономикалық өсудің сапасы» деген түсінік оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:

  • халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
  • адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың көбеюі;
  • әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
  • адам капиталына инвестицияны өсіру;
  • адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
  • жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
  • еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық қамтуды қолдау.

Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею масштабын белгілейтін құбылыстар мен процестер белгілейтін өсудің тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.

Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және жанама деп бөледі. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық мүмкіндігін белгілейтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа айналдыратын факторлар жатады.

Тікелейді бес негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:

  • еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
  • негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
  • өндіріс технологиясы мен ұымдастырылуының жетілдірілуі;
  • шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен сапасының өсуі;
  • қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.

Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану дәрежесінің төмендуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары да жатады.

Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары: тұтынулық, инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі нәтижесінде экспорттың кеңеюі.

Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.

Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:

  • өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі аймақтар бойынша нақты аллокациясы;
  • қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлу тәртібі.

Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның тиімділігіне әсер етеді.

Экономикалық өсу потенциалын жүзеге асыруда табыстарды бөлу тәртібі де маңызды рөл атқарады. Ол осы қызметін тек жұмысшыларды еңбек өнімділігін арттыруға ынталандырған болса атқарады. Басқа сөзбен айтқанда, экономикалық потенциалдың мүмкін қарқынмен өсуі үшін өндіріс факторларының меншік иелерінің табысының өсу шапшаңдығы олардың өнімділігінің өсу шапшаңдығына тең болуы қажет.

Экономикалық өсудің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр түрлі болуы мүмкін. Теория жағынан экономикалық өсудің негізгі типі болады: экстенсивтік және интенсивтік.

Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілігін қолдану арқылы жүреді: жұмыскелерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының арасындағы пропорциялар тұрақты болып сақталады.

Экономикалық өсудің интенсивті типі керісінше сипатталады - өндірістің кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге асырылады: прогрессивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың өзгеру қарқынынан артық болып отырады.

Экономикалық өсудің типтерге бөлінуіне сәйкес, өсудің тікелей факторлары негізгі екі топқа бөлінеді – экстенсивтікке және интенсивтікке.

Нақты өмірде экономикалық өсудің экстенсивтік немесе интенсивтік типтері таза түрде болмайды. ҒТП жетістіктерін енгізу негізінде жүзеге асырылатын, өсу факторларын сан жағынан жетілдіру, қашан болмасын өндіріс құрал-жабдықтарына және жұмысшы күшіне инвестициялар салымын жасауды талап етеді. Жұмысшы күші мен құрал-жабдықтардың өсуі, олардың сапалық сипаттамаларына өзгеріс енгізеді. Сондықтан нақты экономикалық өсуді талдағанда, оның теориялық үлгісін емес, өсу типтерін басымырақ экстенсивтік және басымырақ интенсивті деп бөледі.

Осы заманда экономикалық өсуді типке бөлу, өсудің интенсивтік факторларының нақты ЖҰӨ (ТҰӨ) өсіміндегі үлесіне сәйкес жүргізіледі. Егер өсудің интенсивті факторларының нақты ЖҰӨ үлесі 50 % артық болса, онда экономикаға өсудің басымырақ интенсивтік типі тән болады. Керісінше, егер нақты ЖҰӨ өсіміндегі интенсивтік факторлардың салмағы ЖҰӨ жалпы өсімінің 50 % төмен болса, онда экономикалық динамикаға өсудің басымырақ экстенсивті типі тән болады.

Өндірісте қолданылатын еңбек пен капиталдың сәйкестігін белгілейтін макроэкономикалық көрсеткшітердің өзгерістеріне әсер етуіне байланысты, ҒТП бірнеше типке бөлінеді.

Егер ҒТП дамуында еңбектің капиталмен жабдықталуының әрбір белгіленген шамасына (К/L-const) өндіріс факторларының шекті өнімділігінің ылғи бір ғана көрсеткіші (шамасы) сәйкес келсе, онда Хикс бойынша бейтарап ҒТП орын алады.

Егер еңбектің капиталмен жабдықталуы белгіленген жағдайда шекті еңбек өнімділігі капиталдың шекті өнімділігінен тез өсіп отырса, экономикаға еңбекті үнемдейтін техникалық прогресс тән болады. Керісінше жағдайда – шекті еңбек өнімділігінің өсу қарқыны мен шекті капитал өнімділігінің арақатынасы керісінше болғанда, ҒТП капитал үнемдейтін типі орын алады.

Егер ҒТП дамуында белгіленген еңбек өнімділігінің орта дәрежесіне еңбектің шекті өнімділігінің бірдей шамасы сәйкес келсе (Yt/Lt-const, сондай-ақ DYt/DLt-const), онда осындай тип Солоу бойынша бейтарап деп аталады. Егер капиталдың шекті өнімділігі тұрақты болғанда (DYt/DКt-const) оның орташа өнімділігі де (Yt/Кt тұрақты болса), Харродтың пікірі бойынша, техникалық прогресс бейтарап деп аталады.

1.2. Экономикалық өсудің модельдері.

Егер тепе-теңдіктің статикалық үлгісі осы болмысқа жету шартына анықтауға бағытталса, немесе, салыстырмалы статиканың графикалық үлгісі тепе-тең алғашқы болмысы мен жаңасын сылыстырумен айналысқан болса, тепе-теңдік өсудің үлгісін жасаудың мақсаты даму процесінде тепе-теңдікті қамтамасыз етудің шарттарын анықтауға болып табылады. Бұлар тренд траекториялары деп аталады. Нақты экономика осының бойымен қозғалып отырады.

Өсудің тепе-теңдік үлгілерінде дамудың тепе-теңдік траекторияларын тұрақты және тұрақты емес деп бөледі. Егер тепе-теңдік траекториясынан экономика ауытқыса, бірақ біраз даму мерзімінен кейін қайтып осы тепе-теңдікке оралған болса, онда осындай тепе-теңдік траекториясы тұрақты болады. Егер бір траекториямен экономика бір сәтте тепе-теңдікке жетіп шексіз ұзақ мерзім қозғалыста болатын болса, мұндай балансталған өсу траекториялары тұрақты болмайды, егер оның ішкі құрылымы немесе бастапқы даму шарттары өзгермесе қаншама аз түрткі болса да оның тепе-теңдік болмысы бұзылады да экономика өз күшімен (өндірушілер мен тұтынушылардың өзара әсерлерінің негізінде) ешқашан тепе-теңдік траекторияға қайтып оралмайды, ол одан алыстай береді.

Тепе-теңдік өсу үлгілері тепе-теңдік траекториялардың қасиеттерін (олардың тұрақтылығы және тұрақты еместігі) зерттеуге бағытталған және олар ауытқу жағдайында экономикалық жүйені тепе-теңдік траекториясына қайтару шарттарын анықтау үшін қолданылады. Осы үлгілердегі нақты экономикалық жүйелердің өзгерулерінің ықтималдық тенденцияларын болжауға бағытталған өсу үлгілерінен айыра білу керек.

Өсудің жабайы неоклассикалық үлгісі. Өсудің неоклассикалық үлгілері дамудың стационарлық жағдайында трендтік траекторияларды зерттеу үшін қолданылады. Дамудың стационарлық тәртібі жетілген бәсеке жағдайында және өсу процесінде макроэкономикалық статикалық тепе-теңдік өзін-өзі ұдайы өндіреді деп тұжырымдайды. Базалық өзгермелі үлгілер бірдей шапшаңдылықпен өзгереді, ал олардың өзара байланыстары байқалып отырған мерзімде, оның қандай уақытын алсақ та тұрақты болады. Осы жағдайда әңгіме «динамикалық статика» туралы болып отыр: дамудың болашақтағы сипаты оның бүгінгі сипатында болады. Осылайша, динамикадағы тепе-теңдік те статикадағы тепе-теңдік сияқты жүзеге асырылады.: өндірушілердің өз өнімінің бағасын толық білуінің негізінде, өнімдер мен ресурстардың икемді бағалары икемді проценттік ставка (өсім ақысы) арқылы жинақтар мен инвестицияларды қолма-қол теңестіру негізінде барлық өндірушілердің тәртібін жоғарылатын өндіріс факторларының шекті өнімділігіне пропорционалды түрде табыстарды көбейту негізінде.

ҒТП үлгілеріне жүргізілген талдаудың көрсетуі бойынша, жетілген бәсекенің өзі де экономикалық өсу процесінде тұрақты тепе-теңдікті автоматты түрде ұстап тұруы техникалық прогрестің кез келген типінде жүзеге асырылуы мүмкін емес. Мұндай мүмкіндік тек ҒТП-тің Харрод көрсеткен бейтарап жағдайында ғана пайда болады. ҒТП-тің басқа типтерінде қосымша шарттар қажет болады.

Динамикалық тепе – теңдіктің неокейнстік үлгілері.  Дж. Кейнстің концепциясы бойынша, жұмыспен толық қамтылған жағдайда, макроэкономикалық тепе – теңдікке жету үшін, егер ЖҰӨ - нің барлық көлемін өткізу үшін тиімді сұраныс жетімсіз болса, мемлекеттік бюджеттің тапшылығын көбейту арқылы және мемлекеттік қарыздың өсуі арқылы қосымша инвестициялар жасау қажет.

Қосымша инвестициялар мультипликатор негізінде қосымша тұтыну заттарына туынды сұраныс жаратады. Бұл ұлттық өндірістің барлық табиғи көлемін өткізуге және жұмыспен толық қамтуға мүмкіндік береді. Осыдан кейінгі экономиканың жағдайы Дж. Кейнстің назарынан тыс қалған, өйткені оның зерттеуі қысқа мерзіммен шектелген болатын.

Бұл мәселелермен экономикалық өсу теориясы бағытынан Кейнстің ізбасарлары айналысты. Олар мынаған назар аударды: егер инвестициялар қосымша тұтыну заттарына сұраныс тудырса, онда осы жаңа сұраныс, туынды байланыс ретінде, жаңа өндіріс құрал – жабдықтарына, жаңа инвестицияларға да қосымша сұраныс жаратады. Осы процесте сату көлемінің өсу проценті маңызды рөл атқарады. Егер көлемі өскен болса, онда осы процесс тудырған инвестициялар бұдан жоғары шапшаңдықпен өседі. Және керісінше, сатудың көлемі төмендегенде, инвестициялар осыдан шапшаң төмендейді. Осы жағдай мультипликатор принципін акселератор принциптерімен толықтыруға мүмкіндік берді.

Өсудің жабайы посткейнстік үлгілеріне Е. Домар мен Р. Харродтың үлгілері жатады.

Е.Домардың үлгісі. Өсу теориясына Е.Домардың қосқан негізгі үлесінің мәні мынада: ол инвестициялардың екі тиімділігін де есепке алудың қажеттігіне назар аударады – мультипликатормен қатар акселераторға.

Домардың үлгісі бойынша, өндірістік қуаттардың толық пайдаланылуын қамтамасыз ету үшін инвестицияларды тұрақты түрде өсіріп отыру қажет. Бұның өсу қарқыны капиталдың өнімділігінің жинаққа шекті бейімділіктің көбейтіндісіне тең болуға тиісті. Ал жұмыспен толық қамтылуды қолдау үшін еңбек ұсынысының өсу шапшаңдығы еңбек сұранысының өсімінің шапшаңдығына тең болу керек. Факторлардың біреуінің қызметін басқасы атқара алмайтындығына байланысты, еңбекке сұраныстың өсімінінің қарқыны капиталдың өсімінің қарқынына тең болу арқылы қамтамасыз етіледі. Сөйтіп еңбек нарығындағы тепе – теңдікті еңбек ұсынысының өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынына тең болғанда қамтамасыз етіледі.

Домардың үлгісі бойынша, толық жұмыспен қамтуды және игіліктер нарығындағы тепе – теңдікті қолдап, ұстап тұру үшін инвестициялар көлемін берілген шапшаңдықта тұрақты түрде өсіріп отыру керек. Бірақ кәсіпкерлердің инвестициялық жоспарлары сонша оптимистік болмауы мүмкін. Егер инвестициялар өндірістің нақты көлемінің тепе – теңдікте өсуіне және толық жұмыспен қамтылуды қолдауға қажет мөлшерден төмен болса, онда экономикалық жүйе тепе – теңдік траекториядан одан әрі алыстай түседі. Сондықтан Домардың үлгісіндегі тепе – теңдік тұрақты емес деуге болады. Өйткені мұнда экономиканы сол тепе – теңдікке келтіру механизмі көрсетілмеген.

Р. Харродтың үлгісі. Р. Харрод  Е. Домардан гөрі өз міндетін кең мағынада түсінген. Ол үйлесімді өсу механизмін анықтау үшін, экономикадағы функционалдық байланыстарды көрсететін теңдеулерге ғана сүйенбей, сонымен қатар талдауға кәсіпкерлер әреккетерінің психологиялық мотивтерін енгізген.

Р. Харродтың үлгісіндегі кәсіркерлердің тәртібі былай сипатталады. Егер өткен мерзімде сұраныс артық болса, онда олар (кәсіпкерлер) өндіріс көлемінің өсу қарқынын көтереді. Керісінше болса, қалыптасқан өсу қарқыны сақталады.

Өсудің неокейнстік үлгілерін талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар және экономиканың статика жағдайында қызмет етуінің кейнстік үлгісін талдаудың негізінде жасалатын қорытындылар бір – біріне өте ұқсас деп тұжырымдауға болады. Бұлардың мәні мынада: тепе – теңдік өсу тұрақты емес, сондықтан экономиканың өсуіне мемлекеттік реттеу мақсатпен белсенді кірісу қажет.

Осы концепциялардың негізгі мақсаты, ол қоғамның даму сатыларындағы ерекшеліктерін, фундаметалдық айырмашылықтарын көрсету болып табылады.

Экономикалық теорияда қоғамды өсу сатыларына бөлудің екі негізгі концепциясы орын алған.

1.3. Экономикалық өсуді мемлекеттік реттеу.

Мемлекет  экономикалық  өсуді реттеуде маңызды  рөл атқарады. Сондықтан мемлекет тарапынан реттеудің қандай шаралары осы процесті ең қолайлы әдіспен ынталандыратынын қарастыру керек:

  1. Кейнсиандықтар көзқарасы жағынан экономикалық өсу , ол сұраныс факторымен байланысты деп түсіндіреді. Әдетте олар өсудің төмен қарқынын жалпы ұлттық өнімнің қажетті өсуін қамтамасыз етпейтін адекватты емес жиынтық шығындар деңгейімен түсіндіреді. Сондықтан олар проценттің төмен ставкаларын («арзан ақща»саясатын) капитал  жұмсау ынталандырушы құрал ретінде насихаттайды. Қажетті жағдайда финанс – бюджеттік саясат жоғары капитал жұмсау денгейі инфляцияға әкеліп соқтырмауы үшін мемлекеттік шығындар мен тұтынуларға шектеу қолданыла алады.
  2. Кейнсиандық бағытты жақтаушыларға қарсы «ұсыныс экономикасының» өкілдері экономикалық жүйенің өндіріс потенциялын ұлғайтатын факторларға сүйенеді. Жеке жағдайда олар салықтың төмендетеді. Ал салықтың төмендеуі қорлану мен капитал салудың нәтижесінде еңбек жағдайлары мен кәсіпкерлік  белсенділікті ынталандырады. Мысалы, табыс салығын төмендету немесе алып тастау қорланудан түсетін табыстың үлкеюіне әкеліп соғады. Керісінше, табыс салынатын салық көлемін үлкейтсек, онда тұтыну көлемі төмендейді және қорлану ынталандырылмайды. Кейбір экономистер тұтынуға біркелкі салықты енгізуді қолдайды. Яғни  бұл салықың түрі  жеке табыс салығының     толық немесе бөлшектеп ауыстыруы ретінде болады (жеке тұлғаларға , үй шаруаларына және корпоративтік емес фирмалардың  табысына салынатын салық   ). Бұл сөйлемнің мағынасы қорды тұтыну мен ынталандыруға қойылатын шектеулерден тұрады. Капиталды жұисауға қатысты бұл экономистер әдетте инвестицияға қатысты салық жағынан жеңілдік жасау үшін корпорацияның пайдасына салынатын салықтарды төмендетуді немесе алып тастауды ұсынады. Кейнсиандықтар қысқа мерзімді мақсаттарға көп көңіл аударатынын айтып кеткен жөн.  Дәлрек айтқанда , жиынтық шығындарға әсер ете отырып нақты жалпы ұлттық өнімнің жорғарғы деңгейіне көңіл аударады.  Олармен салыстырғанда , «ұсыныс экономикасының» өкілдері өндіріс күштерінің толық боссыздығы және толық түрде жұмыс істейтін қоғамдық өнімнің өсуін қамтамасыз ететін фаторларға сүйене отырып ұзақ мерзімді мақсаттарға көңіл аударады.
  3. Әр түрлі бағыттағы теорияларды қолдайтын экономистер экономикалық өсуді ынталандыратын басқа да мүмкін әдістерді қарастырады. Мысалы , кейбір ғалымдар жеке саясатты насихаттайды. Оның салдарынан экономикалық өсуде  қолдау табу үшін өндіріс құрылысының қырылуында мемлекет өзіне тікелей белсенді рөл алатын еді. Мемлекет жоғары деңгейде өндіретін салалардың дамытуын тездететін және де төмен деңгейде өндіретін салалардан ресурстарды тасымалдауға қатысатын шешім қабылдауына болатын еді. Сондай – ақ мемлекет техникалық прогресті ынталандыра отырып көптеген маңызды зерттеулерге өзінің шығындарын ұлғайта алар еді. Білім  саласына кеткен шығындардың үлкеюі де , сондай – ақ жұмыс күшінің сапасының және еңбек өнімділігінің өсуіне елеулі әсер ететін еді.

Экономикалық өсуді ынталандыруға мүмкін әдістердің көптігі мен күрделілігіне қарамастан экономистердің басым бөлігі экономикалық өсудің қарқындылығын ұлғайту оңай емес екендігі , - капиталдың көп мөлшерде қажет  болуы және  кор жинауға талпыныс ынталандыру шараларына оңай берілмейтінін түсінеді.

ІІ бөлім. Дамыған елдер арасындағы экономикалық өсу ерекшеліктері.

2.1. Америка Құрама Штаттарының экономикалық өсу алғышарттары, қазіргі экономикалық-әлеуметтік көрсеткіштері

ІІ дүние жүзілік соғыстан кейін әлемдік экономика АҚШ, Япония және Шығыс Европа сияқты жетекші мемлекеттердің дамуымен байланыста болды.

ІІ дүние жүзілік соғыс АҚШ-қа экономикалық дамуда жаңадан бір талпынысқа мүмкіндік берді. Оның соғыстан кейінгі әлемдегі негізгі орынды иеленуге әкелді. Осылай 1938-1948 жж арасында мемлекеттің өндірістік өнімді өндіруі 2 есе көбейді. Салыстыратын болсақ, дүние жүзілік соғыстар кезеңіндегі, яғни 20 жылда өнім өндіру тек 38 %-ға ғана өсті. Жалпы ұлттық өнім 1940 жылы 200 млрд доллардан 1950 жылы 300 млрд-қа дейін артты.

Соғыстан кейінгі кезеңде АҚШ басқармасының алдында шешештін келесідей негізгі мәселелер болды: өндірісті реконверсиялау, мемлекеттің экономикаға араласуын азайту, өндірістің төмендеуін тоқтату, әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру. Осы мәселелерді шешуге «Маршалл жоспары» өзінің әсерін тигізді. Ол соғыстан зардап шеккен Европа мемлекеттері төмендегі шарттарды орындаған жағдайда оларға көмектесуді көздеді:

  1. өндірісті ұлттандырудан бас тарту;
  2. жеке меншік кәсіпкерлігінің еркіндігі.
  3. Американдық тауарларды кіргізу үшін сауда барьерлерін төмендету.
  4. АҚШ-қа тапшылық материалдарды жеткізу.
  5. жеке меншік американдық инвестицияларды көтермелеу.

Маршалл жоспары соғыстан кейінгі қаржы мәселелерін шешудегі нақты салымдарды көрсетеді. АҚШ-та ленд-лиз заңының жаңа жобасы бойынша соғыс кезіндегі жұмыс істеген халықаралық сауда механизмі қосылды. Бұл одақтастарына қару-жарақтарды, Европа мемлекеттерінің экономикасын қалпына келтіру үшін қойылымға қоятын қажетті тауарларды жеткізу процесін өзгертуге жол ашты. Сол уақытта Маршалл жоспары американдық өнеркәсіптің конверсиясына сәтті әсер етті.

1947-1955 жж АҚШ еуропалық мемлекеттерге 35 млрд доллар көмекке берді, соның ішінде 11,5 млрд соғысқа көмек ретінде, 17 млрд – қайтарымсыз негізде, ал қалғаны ұзақ мерзімді несие ретінде берілді.

«Маршалл жоспарын» іске асыру нәтижесінде АҚШ өзінің артық өнімінен құтылды, сонымен қатар перспективалық технологиялар кең дамыды, еуропалық мемлекеттер экономикасына инвестициялар өсті.

1960-1970 жж соңында кәсіпкерлікті өндіріс төмендей бастайды. Сол себепті 1971 жылдан бастап жаңа экономикалық саясат бағдарламасын іске асыру, долларды алтынға айрбастау тоқтатыла бастады. Доллар құнсызданып, инфляция өсті. 1980 жылдың қаңтарында инфляция 18 %, сұраныс бағасының индексі 13,5 %-ға өсті және бюджет тапшылығы көрініс тапты.

Сол кезеңдегі мәселелерді шешіп, елдің экономикалық өсуін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік реттеудің неоконсервативтік реформасы қолданылды. Бұл жобада келесідей негізгі жағдайлар қарастырылды:

  1. корпарацияларға салық пен жеке табыс салығының қысқартылуы;
  2. кәсіпкерлікке заңды регламенттердің қатаң емес түрлерін дайындау;
  3. феодалдық шығындар мен бюджет тапшылығын қысқарту;
  4. ақша-несие саясатын жүргізу;
  5. ҒТР-мен байланысты терең құрылымыдық өзгертулер жүргізу.

1983-1989 жж инфляция 4 %-ға дейін түсті, жұмыссыздық азайып, ЖҰӨ көлемі 25 %-ға өсті. Бірақ 1980 жж АҚШ-тағы экономикалық өсу тез арада бәсеңдей бастады. 1989-90 жж ЖІӨ көлемі 1% ғана болды. 1990 жж-ң басында мемлекеттік бюджет тапшылығы және мемлекеттік қарыздың өсуі орын алды. 1990 жж 1980 жылдармен салыстырғанда экономикалық қарқыны төмен болғанымен, олар тұрақты болады. Бұл елдегі инвестициялық айналымның төмендеуіне әкелді. Осыған байланысты 1992 жылы «Жаңа экономикалық стратегия» қабылданды. Оның негізгі бағыттары:

  1. ұзақ мерзімді мәселелерге көп көңіл бөлу, монетарлыққа қарағанда шұғыл түрде фискальдық шараларды қолдану;
  2. кәсіпкерліктің дамуына дұрыс әсер ететін шарттарды құру;
  3. әлеуметтік мәселелерді шешуге мемлекеттің рөлін нығайту;
  4. шет елдік капиталды тарту.

АҚШ басқармасы экономикалық стратегияның бағыттарын  1990 жылдың соңына дейін ұстанды. 1990 жж-дың аяғында ЖІӨ АҚШ-та 8 трлн долларға дейін бағаланды. Ол әлемдік ЖІӨ-ң 21 %-ын құрады және басқа дамыған мемлекеттердің көрсеткіштерінен артық болды: Қытай-12%, Япония-7%, ФРГ - 5% .

1990 жж аяғында АҚШ-та экономикалық өсудің жарты жылдық көрсеткіші 2,2 % деп бағаланады.

Бұл өз кезегінде АҚШ-тың ХХІ ғасыр басындағы позициясын бекітіп, жоғары бәсеке қабілеттелікті қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта АҚШ басқа мемлекеттерге қарағанда экономикалық өсу қарқыны, өмір сүру деңгейі мен сапасына қарай алдыңғы қатарда.

Әр елдің экономикалық өсуіне әр түрлі факторлар әсер етеді. АҚШ-ң экономикалық өсуінің негізгі факторы ретінде ҒТР орнады. ҒТР-дың жылдам дамуының шешуші инструменті капитал салудың жылдамдығының, көлемінің, бағытталғанының және құрылысының өзгеруі. Экономиканың бүтіндей салалары модернизацияланды; шикізат ресурстарын қолдану мәселелерін шешу өзгерді; өндірісте, банктік жұмыста, қызмет көрсету аясында ЭЕМ кеңінен қолданыла бастады.

АҚШ-тың қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:

жыл ЖІӨ динамикасы, тұрақты баға бойынша Өндірістік өндіру динамикасы, тұрақты баға бойынша Мұнай өндіру, млн. тонна Электроэнергетика өндірісі, млрд киловатт-сағат
2003 101,6 99,8 283,4 . . .
2004 102,4 101,5 280,2 4051
2005 103,9 102,5 268,0 4081
2006 103,2 103,2 252,6 4152
2007 103,4 103,7 253,3 4252
Экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны, млн адам Жұмыссыздық деңгейі, %
2003 136,5 5,8
2004 137,7 6
2005 139,3 5,5
2006 141,7 5,1
2007 144,4 4,6

2.2. Еуропа Одағындағы экономикалық өсу ерекшеліктері мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Әлемдік экономикада Еуропа Одағы ерекше орын алады. Оған ВМП-ң 28 %, халық қоныстануының 6,4 % келеді.

Қазіргі кезде Еуропа Одағына кіретін елдер оның экономикалық жағдайын , біріншіден, евроның болашақтағы перспективасын анықтайды. Әдебиетерде айтылғандай «бірлік валютаның перспективасы, алдын ала болжамдап қойылған оны құрудағы себептерден тұрады. Трансакциондық шығындардың төмендеуі, бәсекелестіктің артуы, инфляциямен күрестің жеңілдетілуі, интеграциялық үрдісті жылдамдату және күшті валютаны құру сәйкесінше инфляцияның деңгейін төмендетуге, экономикалық нығайту үрдісін күшейтуге және экономикалық өсудің тез өсуіне әкеледі».

Еуропа Одағындағы елдердің экономикалық болашағын болжау үшін алдымен орта және ұзақ перспективадағы Еуропалық валюта одағының жағдайына, жалпы инвестиция мен қаржыға, әлемдік нарықтағы еуропалық тауарлардың бәсеке қабілеттілігіне, сонымен қатар ішкі әлеуметтік-экономикалық аспектілерге – жұмыссыздық, инфляция деңгейі және т.б. әсер ететін факторларды қарастыру керек. Бұндай факторларға экономикалық нығайту үрдісін күшейту, евроның болашақтағы халықаралық валюта ретіндегі қасиеті, құрылған одақтың экономикалық потенциалы, сондай-ақ қаржы нарығының даму үрдісі жатады.

Экономикалық күшейту үрдісін нығайту. Евроның пайда болуы экономикалық күшейту үрдісін айтарлықтай күшейтті. Соңғы жылдары Европа Одағы мемлекеттерінің ненізгі макроэкономикалық көрсеткіштері өзара жақындай бастады: баға тұрақтылығын нақты жетістіктерге жеткізу қамтамасыз етілді, ұзақ мерзімді пайыздық қойылымдардың төмендеуі, ұлттық валютаны айырбастау курсы тұрақтандырылды.

Евроның халықаралық валюта ретіндегі перспективалары. Валютаның интернализациялық көрсеткіші келесідей факторларға тәуелді: ЖІӨ көлемі, әлемдік саудаға араласу деңгейі, экономиканың ашықтығы,, төмен инфляция, макроэкономикалық тұрақтылық, сырқы әсерлерге экономиканың тұрақтылығы, экономикалық өсудің потенциалы.

Экономикалық потенциал. Соңғы жылдары Европа Одағы АҚШ-тан тұрғындардың саны бойынша біршама алда. Ал ЖІӨ көлемі бойынша Жапониядан екі еседей артық, бірақ АҚШ-қа әлде болса да жетпеген.

Көрсеткіш Өлшем бірліктері Еуропа Одағы АҚШ   Жапония
Тұрғындар млн 302,2 272,0 127,0
ЖІӨ (әлемдік үлес) % 16,0 22,0 7,3
Тауарлар мен қызметтер экспорты %ЖІӨ 16,9 10,3 10,7
Тауарлар мен қызметтер импорты %ЖІӨ 15,9 13,2 9,1
Экспорт (әлемдік үлесте) % 18,9 15,2 9,1
Жұмыссыздық % 8,9 4,6 4,2
Мемлекеттік бюджет балансы %ЖІӨ 0,3 2,2 -12,1
Мемлекеттік қарыз %ЖІӨ 69,7 44,5 130,4

2007-2010 жж Еуропалық Валюта Одағына Орталық және Шығыс Еуропаның кіруі бір жағынан Еуропа Одағының ЖІӨ қосындысы, экспорт, импорт, тұрғындар сияқты көрсеткіштерді көтеруші еді, алайда экономикалық потенциалда кері әсерін тигізуші еді, әсіресе жұмыссыздық деңгейі, мемлекеттік қарыз, ағымдағы баланс және жалпы Еуропалық Валюта Одағындағы елдерінің орта өмір сүру дейңгейі.

2006 жылдан бастап өзінің экономикалық күшімен Еуропа Одағы АҚШ-қа жақындап келеді. Бірақ қаржы нарығының дамуында екі аймақтың айырмашылықтары үлкен.

Қаржы нарығының даму деңгейі. Төмендегі кестедегі көрсеткіштерден көрініп тұрғандай Еуропа Одағының берілген банктік ссудалардың көлемі АҚШ-пен салыстырғанда 2 есе көп. Ал осы кездегі айналыстағы бағалы қағаздардың жалпы бағалануының көрсеткіштері мен қор нарығының капитализациясы 3 есе кем. Қазіргі кезде Еуропа Одағының корпоративтік бағалы қағаздар сферасындағы артта қалуы орасан, ал Еуропа Одағындағы күшті позиция ұстап тұрған бір ғана қор нарығы секторы – облигация.

Құрал өлшем бірлігі Еуропа Одағы АҚШ Жапония
Банктік депозит млрд евро 4752 4743 4468
%ЖІӨ 78 55 112
Банктік ссуда млрд евро 6136 4155 4281
%ЖІӨ 100 48 107
Айналыстағы Ұлттық бағалы қағаздар, солардың ішінде: млрд евро 5432 14141 5061
%ЖІӨ 89 165 127
Корпорациялар %ЖІӨ 202 2494 583
Қаржылық институттар %ЖІӨ 1892 3900 754
Мемлекеттік секторлар %ЖІӨ 3329 7747 3724

Еуропа Одағының мәселесі тек оның қор нарығында американдық нарықтан төмен болуы емес, соныен қатар олар көбінде ұлттық болып қалуында. Қазіргі уақытта АҚШ-та 8 қор биржасы бар, олардың екеуі – NYSE және NASDAQ нарықтың 95 % алады. Еуропа Одағында 32 ұлттық қор биржасы бар олардың 2-3 ауқымды биржаға қосылуы әлі қарастырылмаған.

Тағы бір әсер ететін фактор – салық заңы. Ол ұлттық болып табылады және ұлттық болып көрінетіндей қалады. Салық – мемлекеттік басқару органдарының қолында қалған, макроэкономикалық реттеу құралдарының бірі,

Еуропалық Валюта Одағын 12-ден 22 мемлекетке дейінгі кеңеюі Еуропа Одағына тек Батыс емес, сонымен қатар, Орталық Еуропа, Балтия, Шығыс Еуропаның бөлігі мен Жерорта теңізінің Шығыс бөлігі кіретін болады. Осылай экономикалық жағынан халық саны 500 млн адамға және ЖІӨ - 7 трлн долларға тең, 5 млн км шаршы аумақты алып жатқан ең ірі біртұтас нарық пайда болады.

Бұл жерде мемлекеттердің Еуропалық Валюта Одағына кіруі принципиалдық нұсқада, себебі Еуропа Валюта Одағына мемелекеттердің қосылуы бұрын Батыс Еуропаның әлеуметтік-экономикалық моделі бойынша дамыған жоқ және Батыс Еуропалық қауіпсіздік жүйесінде болмаған.

Одаққа мемлекеттердің қосылуы тарихта болмаған әкімшілік-бұйрықтық мемлекеттік экономикадан нарықтыққа, авторитаризациядан парламенттік демократия және құқықтық мемлекетке өтуді жүзеге асыратын елдер,

Қосылудағы шешілмейтін мәселелердің біріне Орталық және Шығыс Еуропаның ауыл шаруашылығының бейімделуі жатады. Бұл мемлекеттер Еуропа Одағынан қаржылық ресурстарды алуды күткен. Бірақ Еуропа Одағының біртұтас ауыл шаруашылық саясаты қазірдің өзінде 50 % бюджетті жейді. Еуропа Одағының істегі ауыл шаруашылықты қолдау жүйесі бұрыннан пайдасыз деп мойындалған. Біртұтас ауыл шаруашылық саясатын 2000-2002 жж реформалау нәтижесіз қалды. Бұл кейбір мемлекеттердің қатал позицияларымен байланысты. Нәтижесінде Еуропа Одағымен ВТО арасында ауыл шаруашылығын реттеу туралы ешқандай реформа да, сұрақ та болмайды деген ойды қалыптастырады. Осылай Еуропа Одағындағы ауыл шаруашылығын қолдаудағы болашақтағы модель анықталмаған болып тұр.

Еуропа Одағына Орталық және Шығыс Еуропадағы жаңа мүшелердің қосылуы ынтымақтастық саясатын Еуропа Одағындағы 1990 жж керекті көлемде және формада жүргізілуіне күмән тудырады. Ал бұл Еуропа саясатының маңыздысы болып табылады. Оның құралдыра болып Еуропа Одағында белгілі бюджет пайызын қатаң тіркеумен құралатын құрылымдық қор және ұйымдасу қоры жатады. Құрылымдық қор ресурстарынан 1990 жж 178 млн адам, яғни Еуропа Одағындағы азаматтардың жартысынан көбі тұратын алушы-райондарға қолдау көрсетілген.

Қазіргі жағдайда Еуропа Одағына қосылайын деп отырған мемлекеттер ө бетімен нарықта да, құрылымдық қорда да дамуын Еуропа Одағының дәрежесіне көтере алмайды. Ал бұл Еуропа Одағының клиент типтес мемлекеттермен әлі ұзақ уақыт жұмыс істейді дегенді білдіреді.

Одаққа Орталық және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің қосылуы автоматты түрде ЖІӨ-нің 1 жан басына шаққандағы көрсеткішін төмендетті. «Жақындасу» бағдарламасын жүзеге асыра отырып, оған сәйкес Еуропа Одағында жаңа қаржылық стратегияны жүзеге асыра отырып, Еурокомиссия Еуропа Одағына кірейін деп жатқан мемлекеттердің ерекшеліктерін ескеріп отыр. 2000-2006  жж бюджеттің қабылдануына байланысты Еуропа Одағынан Орталық және Шығыс Еуропа жаңа мемлекеттер-мүшелеріне 39,6 млрд евро бөлінді. Әр жылғы болжамдағы Еуропа Одағының экономикалық өсуі 2,5 % шамасында, жаңа мемлекеттер-мүшелер көрсеткіші 4%.

Еуропа Одағының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері:

жылдар мемлекет Жұмыспен қамтылғандар саны, млн адам
2003 2004 2005 2006 2007
Австиря 3,8 3,8 3,7 3,8 3,9
Бельгия 4,1 4,1 4,1 4,2 4,2
Ұлыбритания 28,4 27,8 28,5 28,7 28,9
Германия 36,5 36,2 35,7 35,8 . . .
Грекия 4,2 4,3 4,3 4,4 4,5
Дания 2,7 2,7 2,7 2,7 2,8
Ирландия 1,7 1,8 1,9 2,0 2,0
Испания 16,6 17,3 17,1 19,0 19,7
Италия 21,9 22,1 22,4 22,6 23,0
Нидерланды 7,9 7,8 8,1 8,1 8,2
Португалия 5,1 5,1 5,1 5,1 5,2
Финляндия 2,4 2,4 2,4 2,4 2,5
Франция 23,9 24,6 24,4 24,5 24,7
Швеция 4,2 4,2 4,2 4,3 4,3

Еуропа Одағындағы мемлекеттердің жұмыссыздық деңгейі

Еуропа Одағындағы мемлекеттердің өзара сыртқы сауда айналымы

Экспорт Импорт Сауд балансы
қаңтар желтоқсан 2006 қаңтар желтоқсан 2007 өсу,% қаңтар желтоқсан 2006 қаңтар желтоқсан 2007 өсу,% қаңтар желтоқсан 2006   қаңтар желтоқсан 2007  
Бельгия 268,8 294,0 9 % 256,2 281,7 10 12,6 12,3
Дания 68,4 73,7 8 % 60,8 68,6 13 7,7 5,1
Германия 780,4 885,6 13% 624,6 723,7 16 155,8 161,9
Ирландия 88,2 89,6 2 % 55,1 57,9 5 33,1 31,7
Грекия 13,8 16,6 20% 43,5 50,4 16 -29,6 -33,7
Испания 154,8 163,6 6 % 232,1 252,0 9 -77,3 -88,4
Франция 372,5 389,9 5 % 405,2 425,5 5 -32,7 -35,6
Италия 299,9 327,0 9 % 309,3 348,3 13 -9,4 -21,4
Люксембург 15,1 18,2 20% 17,6 21,2 21 -2,5 -3,0

2.3. Қазақстан мен дамыған елдер арасындағы экономикалық өсу ерекшеліктері

Ел Президенті Назарбаев Н. Ә. өзінің 2008 жылғы жолдауын мынандай сөздермен бастйды: «Менің жыл сайынғы Жолдауларым әдеттегідей жетістіктерімізді саралап, келешегімізді бағдарлауға, ең бастысы – баршамызға ортақ ұлы мақсатқа жетудің дұрыс жолын бірлесе айқындауымызға бағытталып келеді. Қазақстан халқына арналған 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауларымда мен ағымдағы міндеттер туралы ғана емес, біздің дамуымыздың келешегі жайында да айтқан едім. Осыған орай, әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елінің қатарынан нық орын алу мен 30 корпоративтік көшбасшыларын қалыптастыру негізінде елді индустрияландыру міндеттері біздің басты стратегиялық мақсатымыз болып қала бермек...»

Қазіргі кезде Дү­ние­жүзілік экономикалық форумның де­рек­тері бойынша, бәсекеге қабілеттіліктің әлем­дік рейтингінде Қазақстан ТМД елдері­нің барлы­ғының алдына шығып, 61-ші орында тұр.

Мыңжылдықтар тоғысында Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне кірді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, 2005 жылы Қазақстанда жалпы ішкі өнімнің көлемі Орталық Азия мен Кавказдағы жеті мемле­кеттің ІЖӨ-лерінің жиынтық көлемінен асып түскен. Жан басына шаққандағы ІЖӨ 5 есеге жуық – 1994 жылғы 700 доллардан 2005 жылғы 3400 долларға дейін өсті. 2008 жылы бұл көрсеткіштің 9000 АҚШ долла­рына дейін өсуі болжанып отыр. Қазақстан жан басына шаққандағы ІЖӨ көлемі бойынша ТМД елдері ішінде көш бастау­шыға айналды. Алайда, Еуропаның дамыған елдерімен, АҚШ-пен, Канадамен, Жапо­ниямен, Аустралиямен және кейбір дамып келе жатқан (Корея, Малайзия, Шығыс Еуропа елдері) елдермен салыстырғанда жан басына шаққандағы қазақстандық ІЖӨ әлдеқайда төмен.

Факторлық талдау соңғы жылдардағы экономикалық өсу көп ретте негізгі қорлар­дың ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілгенін көрсетеді. Экономи­калық өсудегі капитал фак­торының үлесі өнімділік өсімінің үле­сінен екі есе дерлік артық. Экономика­дағы негізгі қорлардың қатты тозғанын ескерсек, дамудың осы кезеңінде бұл оң жағдай болып табылады. Болашақта өсудің негізгі факторы еңбектің жиынтық өнімділігінің артуы болуы керек.

Осы жылдар ішінде жаңа бюджеттік жүйе қалыптасты. 2000 жылдан бастап мем­лекет­тік бюджеттің кірістері 2,6 есе ұлғайды. Ел­дің одан әрі экономикалық өсуін көтер­ме­­леу мақсатында салық жүктемесін азайту бойынша түбегейлі шаралар қабылданды.

Соңғы 10 жылда ең төменгі жалақы 25 есеге жуық өсті; зейнетақылардың орташа айлық мөлшері 13 604 теңгеге немесе 25%-ға ұлғайды; жеке тұл­ғалардың банктердегі депозиттері мен бір тұр­ғынға шаққандағы салым көлемі іс жү­зінде 36 есе өсті. 2005 жылдан бюджет саласы қызметкерлерінің: мұғалімдердің, дәрігер­лер­­дің, мәдениет, әлеуметтік қамсызданды­ру қызметкерлерінің, сондай-ақ мемлекет­тік қызметшілер жалақысының мөлшері орташа есеппен 30%-ға ұлғайтылды. 2008 жы­лы кезекті ұлғайту жоспарлануда. Мұн­дай ұлғайту жеке секторда нақты жалақы­ның және тұтастай алғанда экономиканың өсуімен қатар жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстандағы жалақы ТМД елдерінде Ресейден кейін ең жоғарылардың бірі еке­нін және 2007 жылғы жағдай бойынша 282 АҚШ долларын құраған.

Бізде бірнеше жылдан бері тек қана ТМД елдерінің арасында ғана емес, жалпы үздіктердің бірі деп танылған жинақтаушы зейнетақы жүйесі жұмыс істейді. Зейнетақы жүйесін реформалау 2000 жылға қарай зей­нет­ақылар мен әлеуметтік жәрдемақылар бойынша жиналған берешектің барлығын өтеуге мүмкіндік берді. Қазақстан Республи­касында әлеуметтік реформаларды одан әрі тереңдетудің 2005-2008 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту зейнетақымен қамтамасыз етудің үш деңгейлі жүйесін жасауға ба­ғыт­талған.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясына сәйкес Қазақстанның  даму банкі, Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Экспорттық несиелер мен инвести­ция­ларды сақтандыру жөніндегі корпорация сияқты даму институттары құрылған. Бү­гінде оларды жалпы капиталдандыру 1 мил­лиард АҚШ долларынан асады. Тұтастай алғанда 2004-2005 жылдары республика бойынша қаржыландыру көздері есебінен 1,5 млрд. АҚШ долларына жуық сомаға 395 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 18 мыңдай жұмыс орны ашылды. Тұтастай алғанда Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыру экономиканың жылына 9%-дан кем емес өсу қарқынын қамтамасыз етеді деп күтілуде.

Сонымен бірге экономика мен әлеуметтік са­лада кешенді түрде шешілуге тиіс пробле­малар баршылық. Қазіргі кезде кедейшілік­пен күрес және елдегі жұмыссыздықты азай­ту өзекті мәселеге айналды. Бұл саладағы негізгі мақсат экономиканы әртараптандыру және индустриялық-инновациялық даму  есе­бінен экономикалық өсу, өнімділікпен еңбек ету үшін жағдайлар жасау, еңбек рыногын­дағы белсенді саясат және халық кірісін ұл­ғай­ту, инфляцияны саналы түрде ірку, ке­дейлердің денсаулық сақтау және білім беру қызметтеріне қолжетімділігін арттыру, әлеу­меттік көмектің атаулылығын, мемлекеттік басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Кедейшілік пен жұмыссыздыққа қар­сы күрес бағдарламасы шеңберінде жұ­мыс­пен қамтудың белсенді шаралары (жұ­мысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру, жұмыссыздарды кәсіптік оқыту) қолданылады. Әр түрлі шаралар қолданылып жатқанына қарамастан Қазақстан мен дамғына елдер арасында үлкен айырмашылықтар бар. Оларды мына кестеден көруге болады:

Жұмыссыздық деңгейі

жылдар Қазақстан Дамыған елдер
АҚШ Жапония Ұлыбритания
2005 8,4 5,5 4,7 4,8
2006 8,1 5,1 4,4 4,8
2007 7,8 4,6 4,1 5,4

Экономикалық қызмет түрлері бойынша жалақыдағы айырмашылық кем дегенде 6-7 есені құрайды және экономика са­лалары арасындағы қолданылатын айырма­шы­лықтармен айқындалады. Жұмыссыздығы бойынша материалдық жәрдем алатын адамдардың үлесі 61,2%-дан 10,25%-ға дейін қысқарды. Бұл жұмыссыздық мәртебесі мен оларға материалдық көмек көрсету тәртібіне заңнамалық өзгерістер енгізумен байланысты болды. Бізде қызметкерлерге бүгінде өтелетін қа­жетті еңбек ақы дамыған елдерге қара­ғанда аз, бұл экономиканың жағдайымен бай­ланысты болады. Көптеген елдерде ұлт­тық табыстағы жалақының қоғамдық қор­дағы үлесі талай онжылдықтарда өзгер­ген жоқ: 60-70%, бізде 37,7%.

Оның үстіне соңғы жылдары дамыған елдерде жалдамалы қызметкерлердің жеке жинақ ақшалары  өндірісті дамытуға барған сайын кеңірек тартылатын болды. Бұл орай­да жапондықтар тәжірибесі атап өтерліктей, олар 40-шы жылдардың аяғынан бастап же­ке жинақ ақшаларын өндірісті дамытуға са­ла бастады. Осы орайда ең соңғы техноло­гияларды әзірлеумен және пайдаланумен ай­налысатын фирмалардың көпшілігі ак­ция­ларын жалдамалы қызметкерлерге жеңілдетілген жағдайлармен сатады. Нә­тижесінде барған сайын еңбекшілердің ба­сым көпшілігі акционерлерге айналады. Мы­салы, Ұлыбританияда өз корпорация­ла­ры­ның бағалы қағаздар салымдарына тар­тылған еңбекшілердің саны 2 млн. адамға жетті. Францияда, Жапонияда, Италияда халықтың ақша қаражаттарын акционерлік жинақтау қорларына тарту жекешелендіру барысында болып өтті.

Сонымен бірге, мемлекет өндірілген бір тонна мұнайдан қандай пайда алады деген сұрақ туындайды. Сарапшылардың деректері бойынша, 2002 жылы мұнай өндіретін ком­па­ниялардың кірістері 2001 жылмен салыс­тырғанда 16%-ға өскен, мұнай өндіру көлемі 18%-ға ұлғайған, ал бюджетке төленетін салықтар 12%-ға азайған. 1998-2002 жылдар ара­сындағы кезеңге жасалған талдау 1998 жы­лы мемлекетке салық түрінде 12 АҚШ дол­лары; 1999 жылы – 9; 2000 жылы – 24; 2001 жылы – 29 АҚШ доллары түскенін, ал 2002 жылы бұл көрсеткіш 22 АҚШ дол­ларына төмендегенін көрсетті.  Алайда мұнай өндіру мен электроэнергетика өндіруде Қазақстан дамыған елдерден өте артта қалуда. Мұның себебі ретінде дамыған елдерде жаңа технологиялардың пайдаланылуы мен Қазақстанда техникалардың ескіруін айтуға болады. Ондан басқа қажетті мамандардың аз болуын атап өткен жөн.

Мұнай өндіру Электроэнергетика өндіру
жылдар Қазақстан АҚШ Канада Қазақстан АҚШ Канада
2005 59,5 268,0 102,5 66,9 4081 587,0
2006 61,5 252,6 104,3 67,9 4152 590,4
2007 65,0 253,3 104,7 71,7 4252 616,4

Елдің экономикалық дамуының күрделі проблемаларының бірі – ұлттық валюта мөл­шерінің айналымда оңтайлы болуы болып табылады. Экономикалық жүйеде теңгенің статистикалық өзгеруі жеке шаруашылықтар, компаниялар мен фирмалардың шешімдерді таңдауына күшті әсер ете алады. Сондықтан тұ­рақты ақша жүйесін жүзеге асыруды мүм­кін ететін жағдайлар жасау басым міндет бо­лып табылады.

Ұзақ мерзімді экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін алдымен елдің ішкі экономикалық жағдайын қалпына келтіру керек, яғни әлеуметтік, табиғи фактор мен технологиялық процестер арасындағы қайшылықты жағдайда тұрақты өсуге жету мүмкін емес. Тұрақты экономикалық өсуге жету үшін ең алдымен өндірістің құлдырауын тоқтатуды, өндірістің салалы құрылымындағы деформацияны түзетуді және тозған негізгі өндірістік  қорларды жаңалауды қарастырып барып, өсуге жол ашу қажет. Сонымен жоғары қарқынды экономикалық өсуді отандық өндірушілер үшін қолайлы жағдай жасай арқылы өнеркәсіптің ғылымды қажетсінетін салалары мен өңдеуші салаларында  қамтамасыз ету керек және елдің негізгі қор жүйесін жаңалап, ресурсты үнемдеуші өндірісті жүзеге асыру қажет, қосымша елдің тұрақсыз қаржылық және ақша-несие жүйесін реттеп, инвестициялық тәуелділікті төмендету қажет.

Қорытынды

Бүгін көп елдер өсу концепциясына кең деңгейде қарау қажеттігін талап етеді: экономикалық іс-әрекеттерді қоғамдық дамудың құрамды бөлігі деп қарау қажет екенін тілейді. Осыған байланысты табиғи ресурстарды үнемдеу мен қоршаған ортаны қорғау мәселелері, әскери потнециалды көбейтпей қауіпсіздікті қамтамасыз етудің қажеттігі, табыстарды бөлудегі теңсіздікті жою, рухани байлықтарды сақтау, еңбектің творчестволық сипатын дамыту және экономикалық өсудің тиімділігі мен сапасын құратын басқа да жағдайлардың маңызы анағұрлым жоғарылап отыр.

Қазіргі экономикалық өсу, ол өндірістің ұзақ мерзімді өсу қарқынының халық санының өсу қарқынын тұрақты түрде артуы кезінде экономикалық даму. Қазіргі экономикалық өсуге тән белгілер: жан басына шыққандағы ЖІӨ өседі, жоғары дамыған елдерде ол – 25000 доллар. Халықтың білім деңгейі жоғарылайды; аграрлық сектор үлесі азаяды; урбанизация процесі жүреді, ЖІӨ-ң экспорт үлесі өседі; ЖІӨ-гі жинақ үлесі біртіндеп өсе бастады, экономикамен әлеуметтік-саяси даму арасында тығыз байланыс    туындайды (демокротизация процесі).

Қазіргі кезде өндірістің тиімділігін арттырып, экономикалық өсуге жетудегі маңызды фактор – ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін игеру, тиімді пайдалану техникалық прогресс экономикалық өсудің АҚШ-та нақты ұлттық табыстың өсімінің үштен бір бөлігін анықтайды. Техника прогресс өз құрамына өндірістің жаңа әдістерін ғана емес, сонымен қатар өндірісті басқару мен ұйымдастырудың жаңа формаларын да қосады. Тәжірибеде техникалық прогресс пен инвестиция тығыз байланысты, техникалық прогрессс үнемі инвестиция тартады. Техникалық прогреспен қатар экономикалық өсуге әсер ететін факторларды да атап өтуге болады: табиғи ресурс, еңбек ресурсы, мемлекеттің саясаты, атмосфера, ЖҰӨ-ң абсолютті және салыстырмалы үлесінің өзгеруі; инфляция қарқыны мен жұмыссыздық деңгейі; экспорт – импорт арақатынасы.

Көрсетілгендерді Батыс экономистерінің М.П. Тодаро мен С. Кузнецтің дамыған елдерге экономикалық өсуге берген сипаттамаларынан да көруге болады: халықтың жоғарғы өсу қарқыны, халықтың жан басына шаққандағы табысының өсуі. ЖҰӨ-ң өсуі, халықтың қажеттіліктерін толық қанағаттандыру, өндіріс факторының өнімділігінің өсуі, техникалық прогресс, т.б.

Нобель сыйлығының лауреаты Сайман Кузнец әлемнің дамыған елдеріне тән экономикалық өсудің 6 сипатын көрсетеді:

  • халықтың жоғары өсу қарқыны:
  • халықтың жан басына шаққандағы табысының жоғары өсу қарқыны;
  • өндіріс факторының өнімділігінің өсуінің жоғарғы қарқыны,
  • қоғамның әлеуметтік және идеологиялық өзгерістері;
  • басқа шет елдерден өткізу рыногын және шикі зат көздерін табу қабілеттілігі;
  • дүние жүзі халқының бестен бір бөлігіне тән экономикалық өсу нәтижесін қамту.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Я. Әубәкіров, К. Нәрібаев, М. Есқалиев, Е. Жатқанбаев, Е. Байжұмаев, Ж. Жәйшібеков «Экономикалық теория негіздері», Алматы 1998.
  2. В. К. Ломакин «Мировая экономика» учебник, Москва 1998.
  3. А. С. Булатов «Мировая экономика», Москва 1999.
  4. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2008 жылғы Қазақстан Халқына Жолдауы.
  5. google.kz
  6. akorda.kz
  7. ҚР-сы статистика агенттігі «ҚР-сы және оның өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуының статистикалық көрсеткіштері», Алматы 2007.
  8. stat.kz
  9. rambler.ru
  10. yandex.ru
  11. economic.narod.ru

Похожие материалы