Қызылорда. 19 сәуір. 7kun.kz - Жалағаш аудандық соты ауыл мектебінің директорына қатысты қылмыстық істі қарап, үкім шығарды.
Облыстық соттан мәлім еткендей, мектепте директоры өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, азаматша М.-нан атқарып жүрген қызметінің үстіне 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 мың теңге талап еткен. Мектеп директоры соманы алу кезінде ұсталды.
Сот үкімімен білім мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы, 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес кінәлі деп танылды. Оған дүние-мүлкін тәркілеу, білім беру саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде (250 мың теңге) айыппұл салу жазасы тағайындалды.