Қазақстан туристік қауымдастығының президенті Алматы облысындағы туризмді дамыту жобалар туралы ойын айтты. 7kun Рашида Шайкенованың пікіріндегі маңызды ақпараттарды назарларыңызға ұсынады.
Алматы облысында туризмнің экологиялық, этнотуристік, көшпенді, сауықтыру секілді бағыттарын дамытуға болатын бірнеше сала бар. Статистика бойынша, туризмнің ең танымал түрі - демалыс күндердегі турлар. «Ең басты проблема - Алматыдан, аудан орталықтарынан туристік аумаққа тұрақты түрде тасымалдап тұратын көліктің болмауы. Біз әр күн сайын екі рет Алматы облысындағы төрт ұлттық паркке тасымалдайтын транспортпен қамтамасыз ету туралы ұзақ келіссөз жүргізіп жатырмыз. Жұмыс күні барғысы келетін турист көбірек ақша шығаруға мәжбүр. Мұндай автобустар шығынды болатыны сөзсіз, сондықтан дотациялар (жеңілдіктер) керек. Ал бұл бір күнде шешіле қоятын мәселе емес», - дейді Рашида Шайкенова.
Оның айтуынша, проблеманы туристік аймақ маңындағы ауылдарда шағын қонақ үйлер салу арқылы шешуге болады.
«Шетелдіктерге көбіне экотуризмге қызығады. Мұндай туристер бес жұлдызды қонақүй үшін көп ақша төлегісі келмейді. Оларға арзандау тұратын жерлер керек. Алматы облысының әкімдігі мен Еуропалық эго және агротуризм орталығымен бірлесіп қонақ үйлер желісін ашу жобасының жұмыстары жүріп жатыр. Қазір Тамғалы шатқалы маңындағы елді-мекендердің жанынан қонақ үйлерді ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл жобаның басты артықшылы еуропалық мамандар жергілікті халықты қонақ үйде қызмет көрсету, тамақ, қызмет сапасын мен жиһаз орналастыру әдептері секілді жұмыс істеу стандарттарына үйретеді. Одан бөлек, шағын қонақ үйлер салу аумақтарда жұмыс орындарын ашып, қалаға жұмыс іздеуге кететіндер санын азайтуы мүмкін», - дейді Шайкенова.
Қазір министрліктерде ұлттық парктердің негізгі миссиясын сақтай отырып, ондағы туристік қызметтің сапасын көтеру мәселелері талқыланып жатыр. 2014 жылы Алматы облысында туризмді дамыту жоспары жарияланды.
Оның айтуынша, облыста 2 жылда туристер 3,5 есе өскен. Ең көп турист барған аумақ ретінде Алакөл тіркелді: 2012-2013 жылдары онда 58 мың турист барса, өткен жылы 452 мың адам келген. Осы жылы 26 жаңа демалыс орнын іске қосу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, жергілікті ұйымдардың ақпараты бойынша, өткен жылдың алғашқы жарты жылында Қазақстанда ішкі туризмді таңдағандар саны былтырғы жылғымен салыстырғанда 5,8 пайызға өсіп, 2,1 миллион адамға жетсе, шетелге демалуға шығатындар саны 4,5 миллион адам болған. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 18 пайызға аз.