Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру (курстық жұмыс)

Кәсіпорынның қаржылық жұмысын ұйымдастыру (курстық жұмыс)

Кәсіпорынды, цехты, учаскені  ұйымдастырғын кезде немесе өндіріп отырған өнімнің – детальдің тораптың, бұйымның өзіндік құнын есептеудегі негізгі шығындарға мыналар жатады:

  • негізгі материалдар;
  • отын мен энергия;
  • жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысы;
  • амортизациялық жарна.

Бастапқы мағлұматтар ретінде берілген детальдің, тораптың құрастыру бірлігінің негізгі технологиялық процестері, ондағы қолданылған операциялардың уақытының қажет екендігі болып табылады.  Осы мәліметтер бойынша детальді өндіріп шығару үшін қандай жұмыстар атқарылатынын талдап шығу керек: біріншіден - өнімді өндіріп шығару үшін қандай жабдықтар, станоктар, аспаптар қажет екенін есептеу керек.

Екіншіден – жабдықтардың саны бойынша цех әлде учаске болатынын белгілеу керек, кейін қажетті кескіш аспаптарды, тетіктерді бақылау аспаптарын, жетектерді бақылау аспаптарын, тағы басқа құралдардың көлемдерін есептеу кетек.

  1. Қаржыны басқару ұғымы

Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардың объективті зандылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қаржыны басқару — бұл қаржыны және шектесуші экономикалық және әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау процесі және қаржы қатынастарының бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізіңде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі.— бұл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті процесінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Бұл орайда қажетті нәтижеге жету үшін объектіге мақсатты ықпал жасаудың әдістерімен тәсілдері пайдаланылады. Қаржы жүйесіндс оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет профицитінде, мемлекетгік борыштың азаюыңца, ұлттық валютаның беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде (ұштасуында) көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржының тәуелсіздігі болып табылады.

Қаржыны басқарудың негізіне мына қағидаттар қойылған: басқарудағы демократизм; қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме (көзқарас); басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі (ұштасуы);

басқарудың ғылымилығы;

орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;

басқарудағы жауапкершілік; шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы. Қаржыны басқарудың екі аспектісін  ажырата білгсн жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметгік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл процесіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша қорлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі басқарылады.

Қаржыны басқаруға ғылыми көзқарас қаржы қатынастарының әрбір сферасында, олардың әрбір буынында оны басқаруға көп жоспарлы сипат пен жүйелі көзқарасты айқындайды. Заңи заңдарда, қаржылық болжамдар мен жоспарларда, қаулыларда және басқаларда ресімделстін қаржылық сипаттағы басқару шешімдсрін әзірлеген кезде экономикалық және заңи заңдардың талаптарын, өткен шаруашылық кезеңнің қорытындыларының ғана емес, сонымен бірге келешекті экономикалық талдаудың нәтижелерін, экономикалық-математикалық әдістер мен қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуін ескерген жөн. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми нешделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қар­жылық жоспарлау талап стілсді.

Қаржы қатынастарының әрбір сферасы мен әрбір буынында бас­қару субъектілері қаржыға мақсатты ықпал етудің өзіндік әдістері мен нысандарын пайдаланады. Мәселен, қаржыны басқаруда мынадай бірнеше өзара байланысты нақтылы функциялық элементтерді бөледі: ақпарат, жоспарлау (болжау), ұйымдастыру, реттеу, бақылау. Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақса­ты үшін де, сондай-ақ бүкіл қаржы процесін оперативті басқару үшін де зор маңызы бар. Жоспарлау процесіндегі басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады, ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс. Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақытгылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз етеді. Қаржылық ақпарат бухгалтерлік, статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау (болжау) қаржыны басқарудың жүйесінде маңызды орын алады. Бұл — жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақша қаражаттарының мелшерін және оньщ көздерін анықтау; орталықтаңдырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында, ұлттық шаруашылықтың салалары мен әкімшілік-аумақтық бірліктері арасында қаражаттарды белудің оңтайлы үйлесімін (пропорциясын) белгілеу; ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау және т.б.

Ұйымдастыру — басқарудың барлық буындарының жене салынғандығын, айқындығын, қаржы ақпаратының жоғары нәтижелілігін, басқару қызметкерлерінің жауапкершілігі мен  тәртіптілігін білдіреді.

Қаржыны басқаруды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор. Көбінесе қаржыны оперативті басқарудың нәтижесі қаржы субъектілерінің — қаржы органдарының, салық қомитеттері мен қаржы полициясының және ұлттық шаруашылық салаларындағы қаржы бөлімдерінің толып жатқан аппаратының жұмысының қалай ұйымдастырылып отырғанына байланысты болады. Қаржы аппа­ратының ұйымдастырылу дәрежесі жоғары болуы тиіс. Бұл қаржы құрылымдарының барлық қызметкерлерінің біліктілігі мен жеке білгірлігіне жоғары талаптар қояды.

Қаржылық реттеу — бұл жоспарлы тапсырмалардың орындалуы үшін қаржы ресурстарын икемді, шебер жұмсау, белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін аддын алуға және жоюға бағытталған; мұның өзі резервтіқ (сақтық) қорлары, жоспардан тыс қаржы ресурстары, пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасыз етуді білдіреді.

Бақылау басқарудың элементі ретінде жоспарлау процесінде де, сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады. Ол қоғамда барлық қаржы процестерін (операцияларын) жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппараттарының қызметін қамтиды. Бақылау қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы қөрсеткіштермен салыстыруға, қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға, шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді.

Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объекгілері мен субъекгілері бөлінеді. Объектілер ретінде  қаржы қатынастарының сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржы қатынастарын олардың сфераларына сәйкес объектілсрдің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларга басқару­дың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруа­шылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласыңда қаржы­ны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай-ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомстволардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отырады.

Нарықтық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайындағы қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда нарықтық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған нарықтық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвснциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды және т.б. Осы және басқа себептерге байланысты қар­жының ролі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне қошуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің қаржысын басқарудың қолданылып жүрген жүйесінің айтарлықтай кемшіліктері бар. Олардың бастыларына мыналарды жатқызуға болады.

Біріншіден, өкіметтік операцияларды қамтудың толық еместігі.

Қазіргі кезде өкіметтік операциялардың едәуір болігі, биліктің аймақтық және жергілікті органдарының барлық операциялары Қаржы министрлігі тарапынан болатын тиімді бақылаудан тыс қалып қояды. Ең алдымен бұл толып жаткан бюджеттен тыс қорлардың қаражаттарын, шетелдік субсидиялар мен нәтижелерді пайдалану жөніндегі операцияларға, шетел валютасындағы бюджет      операцияларына, сондай-ақ мезгілі өткен сыртқы берешекке қызмет ету жөніндегі операцияларға қатысты.

Екіншіден, түсімдерді уақтылы алуға жеткілікті бақылау жасамау.

Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі бұл проблемаларды ойдағыдай шеше алатыны, мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында салықтық түсімдерді, шығыстарды түзету жүйесіңдегі икемділікгі белуге бақылауды жолға қояры сөзсіз.

Үшіншіден, мемлекеттік бюджет тапшылығын қаржыландыру жүйесінің кемшіліктері.

Бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджеттің тапшылығын қаржыландырудың дәстүрлі көзі ұзақ жылдар бойы Мемлекеттік  банктің пайызсыз кредиттері, сондай-ақ Жинақ банктеріндегі халықтың салымдары болып келді. Қазіргі кезде бұл көздерді пайдалану қиын мәселе болып қалды.

Мемлекеттік бюджет тапшылығын жабудың баламалы қаржы көзі ретінде пайдалануға болатын мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бүгінге дейін кеңінен таралмай отыр. Мұның экономикалық дағдарыстар мен инфляция жағдайыңда заңды екенін мойындауға тура келеді.

  1. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметін басқару

Бұл буынның қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, концерндердің, ассоциациялардың, қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы департаменті (басқармалары) мен бааімдері,

шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы

службалары жүзеге асырады

Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдерімен топтары басқарады.

Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы бас-қармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты кәсіпорындардың  қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және кәсіпорындар мен ұйым­дардың кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мөні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында багалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

Кәсіпорындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктіқ құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зиятқерліқ (интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктср.

Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбсқ енімділігі мен сапасын ынталандыру процесінде қерінсді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (ақциялардың, вексельдердің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — ақционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды қосады: қаржы жөніндегі вице-президентті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің  (қоғамның) тиісті бөлімшесіне - қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер — Шаруашылық жүргізуші субъектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

Қаржы бөлімінің құрылымы (3.1 сызбаны қараңыз) әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарына негізделеді.

Қаржы-өтім бөлімдері бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, кассалық сияқты топтарға бөлінсді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздсстіру жоме рентабелділікті арттыру;

өндіріс, күрделі қаржылар, жаңа техниканы ендіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурста­рымен қамтамасыз ету;

мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;

есеп айырысуларды ұйымдастыру;

өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қара-жаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

Қаржыны оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері кәсіпорындар мен ұйымдарға есеп айырысу-кассалық қызмет керсетуді жүзеге асырады, ақшаға деген уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.

Шаруашылықты жүргізудің нарықтық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінің басқа мәселелері нарықтық экономика жағдайындагы кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

  1. Мемлекеттің қаржысын басқару

Қаржыны басқару стратегиялық, яғни қаржыны жалпы басқа­ру және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқару қаржы ресурстарын келешекте болжау арқылы анықтауда, мақсатты бағдарламаларды және басқаны іскс асыруға арналған қаржы ресурстарының ауқымын белгілеуде көрінеді. Оны дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғарғы органдары — Президент аппараты, Парламент, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы Президентіне көп жағдайда Прези­дент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

1)  республикалық бюджетті әзірлеу және  оның атқарылуы туралы есеп беру тәртібін айқындайды;

2)  Республикалық бюджет комиссиясын құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның құрамын айқындайды;

3)  Қазақстан Республикасының аумағында төтенше мемлекеттік бюджет енгізу туралы шешім қабылдайды және оны әзірлеу тәртібін айқындайды;

4)  мемлекеттегі жагдай мен республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауда алдағы жылға арналған Қазақстан Республикасының қаржы-кредит және бюджет саясатының негізгі бағыттарын айқындайды;

5)  Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес құрады және ол туралы қағиданы бекітеді; Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемі мен бағыттары жөнінде шешімдер қабыдцайды. Ұлттық қорды қалыптастыру және пайда­лану туралы есептсрді бекітеді;

6)  Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында тиісті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспарын бекітеді және Қазақстан Рсспубликасының зандарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыра­ды.

Қаржыны жалпы басқару Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын елдің ең жоғарғы өкілді орга­ны  - Парламентке жүктелген. Палаталардың бірлескен отырысында Парламент Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, республика­лық бюджетті, сондай-ақ республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, бекітеді, салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды, мемлекеттік қарыздар мен республиканың экономикалық және  өзге де көмек көрсетуі туралы мәселелерді шешсді.

Парламенттің құзырында қаржы проблемаларын шешу заңнамалық акгілерді - Қазақстан Республикасының заңдары мен Пар­ламент қаулыларын талқылауға және кейін дауыс беруге енгізу жөніңдегі заңнамалық бастама құқында жүзеге асырылады. Пар­ламент аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін зандар, негізгі қағидаттар мен нормаларды белгілейді, олар: салық салуға, алымдар мен басқа да міндетті төлемдерді белгілеуге, республикалық бюджетке, білім беруге, денсаулық сақтауға және әлеуметтік қамсыздандыруға, елдің қорғанысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік органдар мен жергілікті басқару органдарын ұйымдастыру мен олардың қызметіне, айналадағы ортаны қорғауға, меншік режіміне және өзге де мүліктік құқықтарға қатысты.

Парламенттің жұмыс органдары тұрақты негізде жұмыс істейтін сенат пен мәжілістің түрақты комитеттері — Экономика, қаржы,  бюджет комитеттері болып табылады. Комитеттерде заңнамалық актілер оларды Парламенттің палаталарында дауысқа салуға  . енгізгенге дейін анықталады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі — Министрлер Кабинеті Республика Президенті белгілейтін тәртіппен Парламентке респуб­ликалық бюджетті және оның атқарылуы туралы жылдық есепті табыс етеді. Мұндай есепті Үкімет Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне де табыс етеді, қарыз алуды жүзеге асырады, Ұлттық қорға активтерді есептеу, Ұлттық қорды пайдалану тәртібін айқындалды, төменгі бюджеттерден жоғарғы бюджетке бюджеттік алынымның және жоғарғы бюджеттен төменгі бюджеттерге бюджеттік субвенцияларды аудару тәртібі мен кезенділігін айқындайды, Қазақстан Республикасының заңдарына және Президенттің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Экономика мен әлеуметтік саланы басқару жүйесін түбірлі қайта құрудан туындап отырган жаңа мәселелерді шешуге байланысты және Қазақстан экономикасының дамудың нарықтық жолына өтуіне орай қаржыны басқару саласыңда "Қазақстан Респуб­ликасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қайта құрылған Қаржы министрлігі және оның жер-жерлердегі органдарының рөлі шұғыл артып отыр. Қаржы министрлігімен оған қосылған Мемлекеттік кіріс министрлігінің бюджетті жоспарлау және мемлекеттің кірісін жоспарлау саласындағы функциялары мен өкілеттіктері Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне берілді  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылгы 3 қыркүйектегі №962 қаулысымен бекітілген Қазақстан Рсспуб-ликасының қаржы министрлігі туралы қағидаға сәйкес Министрлік басшылықты, соңдай-ақ заңнамада көзделген шекте мемлекеттік бюджеттің атқарылуы және атқарылуын бақылау, мемлекеттік меншікті басқару, есепке алу және пайдалануын бақылау, банкроттық рәсімдерінің және дәрменсіз борышкерді таратудың соттан тыс рәсімінің жүргізілуін бақылау, бухгалтерлік есеп жүйесін және қаржылық есептеме аудитін реттеу саласындагы салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы бо­лып табылады.

Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады:

республикалық бюджеттің атқарылуын және жергілікті бюджеттердің атқарылуына кассалық қызмет көрсетуді қамтама­сыз ету;

салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін және бюджетке түсетін озге дс түсімдерді, міндетті зейнетақы жарналарының толық және уақтылы аударылуын, шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түеімдер бөлігінің Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударылуын қамтамасыз ету;                                                                                                       республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы, бухгалтерлік есеп, есептеме және аудит жөнінде әдіснамалық басшылық жасау;

өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдалануын бақылау;

мемлекеттік меншікті басқарудың тиімділігін арттыру;

мемлекеттік салық саясатын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;

банкроттық рәсімін жүргізуге (банктерді және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын қоспағанда), сондай-ақ сот­тан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді таратуға мемлекеттік бақы­лау және оған заңнамамен жүктелгсн өзге де міндеттср.

Министрлік заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырады:

тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын, мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды, Қазақстан Республиқасының стратегиялық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикатиізтік жоспарларын, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді әзірлеуге қатысу;

бюджетке түсетін түсімдерді болжауға және мемлекеттік бюджетке кірістердің түсуі саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен басымдықтарын нақтылауға қатысу;

өз құзыры шегінде мемлекеттің қаржысын және мемлекеттік басқару саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаттары мен ба­сымдықтарын анықтауға қатысу;

мемлекет қаржысы, фискаддық саясат және мемлекеттік меншік саласындағы заңнаманы қолдану тәжірибесін талдау және қорытындылау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;

ұтымды үкіметтік және мемлекет кепілдігімен қарыз алуды, сондай-ақ мемлекеттік борышты басқаруды қамтамасыз ету;

мемлекеттік меншікті пайдалану мониторингі жүйесін жетілдіру;

заңнамада белгіленген тәртіппен шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке түсетін түсімдердің бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына аудару;

ез құзыры шегінде бюджеттің атқарылуы жөніңдегі нормативтік құқықтық актілердің, бухгалтерлік есеп пен аудиттің, қаржылық бақылаудың және мемлекеттік меншікті басқарудың жобаларын әзірлеу және дайыңдау (немесе қабылдау);

әз құзыры шегінде қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық салық келісімдері мәселелерінде уәкілетті органның функциялары;

жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың салық сараптамасы, сондай-ақ келісімшарттық талаптардың орындалу барысына тексеру жүрғізу;

мемлекеттік мекемелердің бухгалтерлік есебін, сондай-ақ өз құзыры шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің ат­қарылуы туралы есептемені жүргізу және іске асыру тәртібін өзірлеу;

жергілікті бюджеттердің шоттарын, мемлекеттік мекемелердің шоттарын жүргізу және шоттар бойынша аударымдық операцияларды жүзеге асыру;

республикалық бюджетті қаржыландырудың жиынтық жоспарын бекіту және оларға өзгерістер енгізу;

республикалық бюджеттен шығыстарды қаржылаңдыру және республикалық бюджетте көзделген соманың шегінде кредит беру;

Ұлттық қордың қалыптасуы және атқарылуы жөніндегі қызмет туралы ақпаратты қамти отырып, республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есептерді, мемлекеттік бюджеттің ат­қарылуы барысы туралы айлық, тоқсандық және жылдық ақпаратты жасау, сондай-ақ мемлекет қаржысы бойынша статистикалық есептерді жасау;

республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ республикалық бюджет қаражатының, үкіметтік қарыздар, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекеттік емес қарыздар қаражатының және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттардың және мемлекеттік меншіктегі өзге де мүліктердің мақсатты пайдалануын бақылау;

республикалық бюджеттің атқарылуын, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау және талдау;

бухгалтерлік есеп пен аудит саласында, оның ішіңде өз құзыры шегінде аудиторлық қызметті лицензиялау саласында уәкілетті органның фуңкцияларын анықтау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіндегі қазынашылық комитетінің тиісті шоттары арқылы мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын жүргізу және есепке алу, заңнаманы сақтау жөніндегі тексерістерді ұйымдастыру;

мемлекет кепілдігімен тартылған мемлекеттік емес қарыздардың және жергілікті атқарушы органдар қарыздарының шарттарына қаржылық сараптама жүргізу;

үкіметтік қарыздардың қаржылық шарттарын анықтау, жергі­лікті атқарушы органдардың қарыздарды тартуын келісу;

Қазақстан Рсспубликасының Үкіметі беретін өкілеттіктерге сәйкес келіссөздер жүргізу, үкіметтік қарыздардың шарттарына қол қою, Үкіметтің мемлекеттік эмиссиялық багалы қағаздарын шығару, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздары бойынша үкіметтік кепілдіктер беру;

үкіметтік қарыздарды алу, пайдалану,  және оларға қызмет көрсету, Қазақстан Республикасы резиденттерінің мемлекеттік емес қарыздарының мемлекеттік кепілдері бойынша міңдеттемелердің орындалуын қамтамасыз сту;

республикалық бюджетте көзделген және Үкімет шешімдеріне сәйкес инвсстициялық жобаларға, мемлекеттік бағдарламаларға және өзге де іс-шараларға кредит беру;

үкіметтік сыртқы қарыздар туралы келісімдерді бскітуге қажстгі құжаттарды дайындауға қатысу;

түпкілікті қарыз алушылар мен екінші деңгей банктерінің үкіметтік қарыздардың қаражатын және Үкіметтің бірлесіп қар­жыландыру үлесін республикалық бюджетке қайтару туралы ішкі кредиттік келісімдердің жобаларын дайындау;

уәкілетті банк-агснттермен бірлесіп рсспубликалық бюджет­тен оқшауландырылған қаражатты ондіріп алу жөніндс түпкілікті қарыз алушылармен жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу;

төлемдердің бюджетке түсуін көздейтін заңнаманың сақталуын, міндетгі зейнетақы жарналарьшың толық және уақтылы аударылуын бақылау;

мемлекеттің кірістері бойынша мемлекетгік есептемені жинаудың нысандары мен төсіддерін жетілдіру;

Үлтгық банкпен келісім бойынша конкурстық негізде үкіметгік қарыздарға, мемлекеттік кепілдігі бар мемлекетгік емес қарыздарға және кейіннен үкіметтік қарыз алуға байланысты гранттарға  қызмет көрсету үшін екінші деңгей банктерін, бастапқы дилерлерді, лид менеджерлерді және мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару жөніндегі басқа да әріптестерді іріктеу;

заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында лотерея ұйымдастыруға және өткізуге байланысты қызметті және өзінің құзырына жатқызылған өзге де қызмет түрлерін лицензиялау;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

өз құзыры шегінде салықтық құқық бұзушылыққа қарсы қүрес мөселелері бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелерін орындау;

банкроттық рәсімдердің жүргізілуін (банктерді және сақтан­дыру (қайта сақтаңцыру) ұйымдарын қоспағанда) мемлекетгік ба­қылау, соңдай-ақ соттан тыс рәсімде дәрменсіз борышкерді тарату және оған заңнамамен жүктелген өзге де функциялар.

Қаржыны басқару жөніндегі сан алуан функцияларға байла­нысты Қаржы министрлігіне үлкен құқықтар берілген.

Министрліктің негізгі міндеттерін іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін зандарда белгіленген тәртіппен:

мемлекетгік органдардан, өзге де ұйымдардан және жеке тұлғалардан Министрлікке жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажетті ақпараттарды сүратуға және алуға;

өз құзырының шегінде барлық мемлекеттік органдардың, өзге де ұйымдардың және жеке тұлғалардың орындауы үшін міндетті нормативтік - құқықтық актілерді шығаруға;

Министрліктің қарауындағы комитеттер мен мемлекеттік ұйымдардың бұйрықтарын, өзге де кесімдерін тоқтатуға немесе тоқтата тұруға;

акционерлік қоғамдардағы мемлекеттік үлеске және республикалық басқа да мүлікке иелік етуге, пайдалануға, сондай-ақ заңнамалық актілермен және Үкімет белгілеген жағдайларда билік етуге;

өз құзырындағы мәселелер бойынша халықаралық ұйымлармен ынтьшақтастықты жүзеге асыруга;

бірыңғай қазынашылық шоттағы және Қазынашылық комитетінің корреспонденттік шоттарындағы ағымдағы қалдықтарды Үкімет белгілеген тәртіппен тиімді орналастыру жолымен басқаруды жүзеге асыруға;

бюджеттік заңнамада көзделген жағдайларда бюджет қаражаттарын қайтарып алуға, қаржыландыруды тоқтата түруға;

қымбат бағалы металдар мен асыл тастарды басқаруды, есебін және сақтауды ұйымдастыруды жүргізуге;

ұлттық және шетелдік валютада банктік операциялардың жекелеген түрлерін және өзіне заңдармсн жуктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқықтары бар.

Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында белгілі міндеттер мен функцияларды атқаратын бірқатар арнаулы бөлімшелер бар, басқарудың мақсаттары мен міндеттерінің өзгеруі, аппараттар функцияларының дамуы, жұмысты жетілдірудің қажеттілігі ескеріле отырып бұл бөлімшелердің құрамы мен құрылымы үнемі өзгеріп отырады.

Қазіргі кезде Қаржы министрлігінің орталық аппараттарында бірқатар департаменттер мен басқармалар маңызды орын алады:

Мемлекеттік бюджетті атқару департаменті;

Фискалдық саясат пен болжам департаменті;

Макроэкономика және қаржы статистикасы департаменті;

Мемлекеттік органдарды қаржылаңдыру департаменті;

Кірістерді талдау департаменті;

Кірістер мен келісімшарттар департаменті;

Электронды мониторинг департаменті;

Жұмыстарды ұйымдастыру және қаржылық қамтамасыз сту департаменті;

Құжат айналымы және кадр жұмыстары департаменті;

Акциздерді реттеу департаменті;

Заң қызметі департаменті;

Ақпараттық технологиялар департаменті;

Мониторинг және трансферттік баға белгілеу департаменті;

Мемлекеттік органдарды қаржыландыру департаменті;

Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті;

Мемлекеттік қарыз алу департаменті;

Қазыналық саясат және жобалар департаменті;

Мемлекеттік борыш және кредит беру департаменті;

Халықаралық қаржы қатынастары департаменті;

Халықаралық салық салу департаменті және т.б.

Департаменттер өз кезегінде нақтылы функциялық міндеттерді орындайтын басқармалардан, ал олар бөлімдерден тұрады.

Министрліктің мынадай ведомствалары бар: Қазынашылық комитеті, Кедендік бақылау комитеті, Қаржьшық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті, Салық комитеті, Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс женіндегі комитет.

Қазынашылық комитетінің ұйымдық құрылымы Қаржы министрлігі құрамындағы Қазынашылықтың орталық аппаратынан және оған бағыныштағы аймақтық бөлімшелерден тұрады.

Қазынашыаық органдары мынадай міндеттер мен функцияларды орындайды:

республикалық бюджетті ұйымдастыру, оның кассалық атқарылуын жүзеге асыру, жергілікті бюджеттерге есеп-қисаптық-кассалық қызмет көрсету және мемлекеттік бюджеттің орындалуын бақылау;

касса бірлігі қағидатын негіздей отырып, Қазынашылықтың шоттарындағы ақша қаражаттарын басқару;

республикалық және жергілікті бюджеттер арасында өзара есеп айырысуды енгізу;

республикалық және жергілікті бюджеттер арасында салықтарды және басқа міндетті төлемдерді бөлуді қамтамасыз ету және оларды түрлі деңгейлердің бюджеттеріне есептеу;

мемлекеттік мекемелердің валюталық операцияларын басқару және есепке алу, оларды жүргізген кезде заңнамалықтың сақталуы жөнінде тексерулер ұйымдастыру;

мемлекет қаржысының мән-жайы туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау;

республикалық бюджеттің қолма-қол ақшасының ағынын болжау;

мемлекеттік сыртқы қарыздарды және мемлекеттің кепілдігі бар мемлекеттік емес ішкі қарыздарды өтеу және қызмет көрсету кезінде ақша аударуды жүзеге асыру;

бухгалтерлік есеп пен бюджет жүйесіндегі есептемені және Қазынашылық органдары жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту және жетілдіру;

қазынашылықтын құзырына жататын мәселелер бойынша есептік операцияларды жүргізудің тәртібі туралы әдістемелік және нұсқаулық құжаттарды әзірлеу.

Қазынашылық қызметкерлерінің мемлекеттің қаражаттарын пайдаланатын мемлекеттік кәсіпорындардың, мемлекеттік билік пен басқару органдарының, мемлекеттік банктердің қаржы - бухгалтерлік службаларын тексеруге құқы бар. Олардың лауазымды адамдардан қаржы заңнамасын бұзуды жоюды талап етуге құқы бар. Қазынашылық службаларына Қазынашылық төлем операцияларының орындалуын тоқтата тұруға, бюджет ақшасын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталған жағдайда оны қайтарып алуға және жұмсауға тиым салуға, ақшаны бюджетке өндіріп алуға (қайтарып алуға) құқық берілген, сонымен бірге Қазынашылық бюджет қара­жаттарын үнемді жұмсауға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Қаржылық бақылау комитеті бақылау саласындағы ұйымдық-әдіснамалық және талдамалық жұмыстарды жүзеге асырады. Оның органдары мемлекеттік кәсіпорындарға ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының және көрсетілетін қызметтер сферасының ұйымдарына, әлеуметтік сфера мен халықты қорғаудың мемлекеттік ұйымдары мен мекемелеріне, басқару оргаңдарына, қорғаныс кәсіпорындары мен ұйымдарына және құқық тәртібін қорғауға тексеріс жүргізеді. Олар сонымен қатар кредит және валюта ресурстарын пайдалануды, бағалы қағаздар бойынша заңнамалардың орындалуын бақылайды.

Мемлекеттің кірістерін жұмылдыру жөніндегі аса маңызды функцияларды Салық комитеті орындайды.

Салық комитеті органдарына салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салықтық міндеттемелерін орындауына салықтық бақылауды жүзеге асыру жөніндегі негізгі міндеттер жүктеледі.

Қаржы министрлігі жүйесіңде ең көбі жергілікті қаржы орган­дарының аппараты, ол облыстық, қалалық, аудандық, қаржы басқармалары мен бөлімдерін, салық комитеттерін қамтиды. Олар басқа­ру жөніндегі жұмыстарды жүргізеді, яғни жергілікті бюджеттердің атқарылуымен, ішкі шаруашылық резервтерді анықтаумен және шаруашылық кешенінің және әлеуметтік-мәдени сфераның барлық буындарында ресурстарды үнемдеуді іздестірумсн айналысады, шаруашылық органдарды қаржылаңдыруды жүзеге асырады және олардың қаржы қызметін бақылап отырады. Қаржы және салық органдары жергілікті өкімшіліктің бағынышында болады.

Жергілікті қаржы органдарының міндеттеріне мемлекеттік қаржы тәртібін сақтауды бақылау кіреді. Осы мақсатпен олар шаруашылық органдары мен мекемелері жасаған жоспарлар мен сметалардың дұрыстығы мен объективтігін тексереді, жергілікті әкімшіліктер бөлімшелерінің бухгалтерлік есептері мен баланстарын қарайды.

Салық заңнамасына сәйкес салық органдарына облыстар, рес-публикалық маңызы бар қалалар бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитетгері, аудандар, қалалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады.

Салық органдары тиісті жоғарғы салық службасы органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды.

Мемлекеттің қаржысын басқаруга өзінің функцияларының өзгешілігіне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі  белгілі бір түрде қатысады. Ұлттык, банк ақша-кредит саясатын жүргізгенде, ақша айналысын реттегенде, қаржы ресурстарын басқарғанда қаржы қатынастарына тікелей де, сонымен бірге жанама түрде де ықпал жасайды; ол Қаржы министрлігімен бірлесіп мемлекеттік валюта-қаржы қатынастарына, экономиканың қажсттіліктерін қаржыландыруға арналған сырттан қарыз алуға қатысады. Сондықтан Ұлттық банктің басқарушылық ықпалының тиімділігі мемлекеттің бірыңғай қаржы-кредит саясатын жүргізген субъектілер қаржысының жай-күйінде көрініп, білінеді.

Қаржыны басқаруға Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі мен Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттігі де катысады. Олар стратегиялық жоспарлау, бюджеттік жоспарлау, мемлекеттің кірістерін жоспарлау мен бақылау, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен және үйлестірумен бірге бұл органдар республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын талдайды; Қаржы министрлігімен, Ұлттық банкпен бірлесіп, мемлекеттік бюджет жобасының негізгі көрсеткіштерін белгілейді; Қаржы министрлігімен бірлесе отырып, республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара іс-әрекеттерінің механизмдерін өзірлейді және реттеуге қатысады; Қаржы министрлігімен және Ұлттық банкпен бірлесе отырып мсмлекеттің сыртқы берешегін таңдап, оның лимитін белгілейді және т.б.

Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде мына департаменттерді беліп корсетуге болады: Салық саясаты және болжамдар департаменті; Бюджет процесінің әдіснамасы және функциялық талдау департаменті; Бюджеттік саясат және жоспарлау департаменті; Мемлекеттік қарыз алуды және кредит беруді жос­парлау департаменті; Аймақтық саясат және бюджетаралық қатынастар департаменті; Халықаралық экономикалық және қаржы қатынастары департаменті; Стратегиялық жоспарлау және инвестициялық саясат департаменті; Экономикалық саясат және индикативтік жоспарлау департаменті; Мемлекеттік ақпарат, қорғаныс, қогамдық тәртіп және қауіпсіздік  шығыстарын жоспарлау департаменті; Әлсумстгік сфера шығыстарын жоспарлау департаменті және басқалары.

Елімізде Республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылаумен байланысты мәселелермен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті айналысады, ол Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін республикалық бюджеттің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзсгс асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Есеп комитетінің құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Коституциясымен, заңдарымен Қазақстан Рсспубликасы Президентінің актілерімен, соңдай-ақ осы комитет туралы Қағидада айқындалған.

  1. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі

Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетіддіру - бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқа­руға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістср мен электроңды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қар­жыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу жәнс ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының окімшілік, экономика­лық, математикалық әдістерінің жиынтығын айтады. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырыл­ған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.

Қаржыны басқаруда қаржы есеп-қисаптарының автоматтан­дырылған жүйесі (ҚЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз стуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.

Ұйымдық түрғьщан ҚЕАЖдегеніміз бір-бірімен өзара байла­нысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы:

1)    ұйымдық-экономикалық қамтамасыз ету;

2)    ақпараттық қамтамасыз ету;

3)    бағдарламалық қамтамасыз ету;

4)    техникалық қамтамасыз ету;

5)     ұйымдық-құқықтық қамтамасыз ету;

6)    технологиялық қамтамасыз ету;

7)     кадрмен қамтамасыз ету.

Ұйымдық-экономикалық қамтамасыз етудің қосалқы жүйесі ҚЕАЖ жүйесінде бастысы болып табьшады, бюджеттерді жасау және оның атқарылу процесін автоматтаңдырудың өдістемелік және ұйымдық алғышарттарды жасайды, басқа қамтамасыз етуші қосалқы жүйені үйлестіреді және езара байланыстырады, ҚЕАЖ-дің барлық деңгейлеріндегі жұмыстың әдістемелік бірлігін анықтайды.

ҚЕАЖ-да әр түрлі функциялық қосалқы жүйелер болуы мүмкін: бюджеттің жиынтық есептері, мемлекеттің кірістері, мемлекеттік мекемелердің шығыстары және бюджет жүргізілетін шаралар, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы.

"Бюджеттің жиынтық есептерің  қосалқы жүйесіңде есептердің кешендері біртекті есеп-қисаптардың топтгары бойынша қалыптастырылған. Басқа қосалқы жүйелердің блоктарында есептердің кешендері кірістердің немесе белгілі бір саланы немесе мекемелсрдің және шаралардың топтарын қаржыландыруга жұмсалатын шьғыстардың түрлері бойынша бөліп көрсетілген. Автоматтандырылған басқарудың орталықтандырылған жүйелерінен басқа, автоматтандырылған жұмыс орыңцарын (ЯЖО) ұйымдастыру жолымен жергілікті нұсқалар пайдаланылады. АЖО - көсіби-бағдарланған шагын есептеу жүйесі, микро-ЭЕМ ЙімИесе СЭЕМ басқаратын және белгілі бір көсіп мамандарының уфіы-сын автоматтандыруга арналған немесе сырттағы техникалық Іфэал-дардың кешені. АЖО жабдығының үлгілік қүрылымы:

1)     микро-ЭЕМ базасында басқарудың құрылғысы;

2)     бейнетерминал (дисплей);

3)     магнит дискілеріндегі жинақтаушы;

4)     деректер жинақталымының клавитатурасы;

5) шағын габаритті басып шығаратын қондырғы. АЖО-ның техникамен жарақтауының мұндай құрамы тйістібағдарламалық құралдарға сәйкес бірқатар экономикалық есеійерді шешумен қатар диалоггіктертіптемеде графикгік, кестелік, құжаттармен жедел жұмыс істеуге, түрлі картотекаларды жүргізуге мүмкіңдік береді. АЖО ақпараттарды түзетіп, редакциялауға, қорытындыларды қалыптастыруға, мәтінді тіркеуге, аралық және актық нәтижелерді талдауға, АЖО-сы бар басқа қызметкерлермен ара қашықтық (дистанциялық) түрде қатынасуға мүмкіндік жасайды.

Кәсіпорыңдарды басқарудың автоматтандырылған жүйелерінде (КБАЖ) қаржыны басқарудың дербес функциялық қосалқы жүйесі бөлінеді, онда қаржы-кредитті басқарудың есептері шығарылады.

Ол өнім өндіріп, оны еткізудің белгілі бір жағдайында ең жоғары рентабелділілікке жету үшін паіщаланылатын шаралардың, әдістер мен кұралдардың жиынтығы ЙШІып табылады. Қосалқы жүйс рс-сурстардыңжай-күйі мен олардың   қозғалысының процестерін сипаттайтын басқару блоктарын К)І^гиды. КБАЖ-дағы қаржы есептері ақпараттардың (өндірістің, материалдық ресурстардың, еңбектің және т.б.) аралық массивтерін пайдалану кезінде, яғни басқарудың бас­қа объектілері бойынша кәсіпорынның әр түрлі құрылымдық бөлімшелерінің  АЖО-ны қамтитын және сссптсу орталығының ЭЕМ-мен жалғырылған АЖО-ның желісін қүру қажет. Сөйтіп, екі деңгей құрылады: үлкен ЭЕМ-ның ресурстарын қажет етстін ессптер шығарылатын жоғарғы деңгей жәнс ДЭЕМ-мен жарақтанған және сергілікті желіге жалғастырылған АЖО болып табылатын төменгі деңгей. Толып жатқан ақпараттық ағымдар қалыптасатын қаржы Жүйесінің төменгі деңгейлерінің тсхникалық құралдарының кешені құжаттарды жасаудың, көбейтудің, кешірудің, өңдеудің, тасымалдау мен сақтаудың түрлі құралдарын, басқару байланысының құралдарын, дабылдама, ақпарат құралдарын пайдалануды қарабіырады.

Дербес ЭЕМ-ның, әсіресе кәсіби КДЕЭМ-нің, электронды поштаның, деректер жинақтамасының, мәтін және графиктік ақпаратты өндеу құралдарының,   ге қазіргі ақпараттық техниканың болуымен байланысты басқару қызметін ұйымдастыруды түбірлі өзгертудің жағдайлары пайда болып отыр. Техникалық құралдар басқару шешімдерінің тікелей процесінде көптен-көп пайдаланылып  келеді.

ҚЕАЖ жағдайында қаржыны басқару аппараты жұмысының мазмұны айтарлықтай өзгеруде. Мамамдардың шығармашылық жұмысқа — БАЖ үшін проблемаларды, есептерді және оларды  шығару шарттарын әзірлеу мен қоюга, терең экономикалық талдау жасауға және қаржыны оперативті басқарудың барлық буындарында — жергілікті қаржы органдарынан бастап Қаржы министрлігіне дейін БАЖ ксңсстерінің көмегімсн білікті шсшімдср қабылдауга уақыты босайды. Қаржы жоспарларын орындаудағы, қаржы тәртібіндегі алшақтықтарды жоюга багытталған жедел шараларды дер кезінде қабылдау жөніндегі қаржы аппаратының мүмкіндіктсрі едәуір артады. Қаржы қызметкерлерінің БАЖ-дан алған ақпараттары оларга көптегсн нұсқалар мен оңтайлысын таңдауды есепке алу негізінде қабылданатын басқару шешімдерінің сапасын арттыруға мүмкіңдік береді.

Қазіргі уақытта қаржы органдарның төменгі жергілікті органдарының, аудандық және қалалық қаржы басқармаларының жұмысына қаржы есеп-қисаптарын автоматтандыруды енгізу коксйтесті мәселе болып отыр. Іс жүзінде мүндай жұмыс оларда инспекторлар мен экономистердің автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) енгізумен басталады, бұл орындарда жеке пайдаланудың микро-ЭЕМ-і қолданылып отыр. Әсіресе, бұл халықтың табыстары жөніндегі мағлұмдамалардың көптеген және үнемі өзгеріп отыратын мәліметтерімен іспеттес болатын салық агенттері үшін өте  көкейтесті мәселе.

Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі тұрақты экономика жағдайыңда ойдағыдай іс-әрекет ететін айта кету қажет. Тек осы жагдайда ғана ол қаржы аппараты жұмысының мазмұнын айтарлықтай өзгертуге мүмкіндік береді. 

Қорытынды

Курстық жұмыс болашақ инженерлердің экономика және өндірісті ұйымдастыру пәндерінен алған білімдерін іс- жүзінде пайдалануына негізделген. Ұтымды технологияны қолдана отырып , өнім өндіруде шығындарды азайту арқылы максималдық пайдаға ие болу жолдарына бұл бастама болып табылады.

Нарық экономикасы жағдайында ел шаруашылығының негізін сан жағынан шағын немесе орта кәсіпорындар қалыптастыралы. Мұндай кәсіпорындарды ұйымдастырушылар кәсіпкерлік іс-әрекетімен шұғылданушылар деп аталады. Бұл курстық жұмыста сол кәсіпкерлік іс-әре-

кеттің  негізгі жолдары көрсетілген, экономикалық дәлелдемедегі жұмыстардың негізгі есептеу әдістері келтірілді.

Қолданылған  әдебиеттер тізімі 

  1. К.Ш.Дүйсенов., Э.Т.Төлегенов., Ж.Г.Жұмағалиева «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау». Алматы. Экономика баспасы, 2001 ж.
  2. Ишмухамбетова Т.Р., Мендебаев Т.М.  «Өнімнің өзіндік құнын есептеу» - Алматы : ҚҰТУ, 1995.
  3. Ишмухамбетова Т.Р., Қапанова А.К. «Кәсіпкерлік  іс-әрекеттің экономикалық негізі» - Алматы : ҚазҰТУ , 2001.
  4. Гамрат- Курек Л.И. «Экономическое обоснование дипломных проектов» -М.: Высшая школа , 1985.
  5. Лисицын Н.А. и др. «Экономика, организация и планирование промышленного производства» - Минск: Высшая школа, 1990.
  6. Власова В.М. и др. «Основы предпринимательской деятельности»-Москва.: Финансы и статистика, 1996.

Похожие материалы