Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Қазинвестбанкті" мәжбүрлеп тарату туралы сотқа шағым жолдаймыз - Ақышев

"Қазинвестбанкті" мәжбүрлеп тарату туралы сотқа шағым жолдаймыз - Ақышев

Алматы. 24 мамыр. 7kun.kz - Қазақстанның Ұлттық банкі сотқа "Қазинвестбанкті" мәжбүрлеп тарату туралы арыз түсіреді. Бұл туралы Ұлттық банктің төрағасы сәрсенбі күнгі баспасөз конференциясында айтты.

"Қазинвестбанктің (ҚИБ) активтері мен міндеттемелерін Альфа банкке аудару процесі аяқталған соң сотқа ҚИБ-ті мәжбүрлі түрде тарату туралы шағым жолдаймыз.

Ол 2017 жылы мамырдың 19-ында ҚИБ активтері мен міндеттемелерін Альфа банкке бері туралы келісім жасалғанына да тоқталып өтті.

"Жеке тұлғалар (7,8 млрд теңге) мен зейнетақы активтерінің (3 млрд теңге) депозиттеріне қатысты мәселелердің барлығы шешімін тапты", - деді Ақышев.

Ұлттық банк 2016 жылы желтоқсанның 27-сінде Қазинвестбанкті лицензиясынан айырған еді. Қазақстандағы Альфа-банк  елімізде 1994 жылдың желтоқсанынан бері жұмыс істейді. Банк Ресейде, Украинада, Белорусия мен Нидерландыда бөлімшелері бар ABH Holdings S.A. тобына кіреді.

Ұлттық банктің 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларындағы мәліметтері бойынша, актив көлемі жағынан Қазақстандағы 33 банктің арасында 15-орында тұр.

Похожие материалы