Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 737 өтініш мақұлданды

«7-20-25» бағдарламасы бойынша 7 737 өтініш мақұлданды

Алматы. 20 мамыр. 7kun.kz – Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпаратты жариялады. 

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 20 мамырдағы жағдай бойынша қарыз алуға 147,5 миллиард теңге сомасына 13 003 өтініш қабылданды. Оның ішінде 89,7 миллиард теңге сомасына қарыз беруге 7 737 өтініш мақұлданды. 

Айта кетейік, «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтарыңыз болса, «Баспана» ипотекалық ұйымына + 7 (727) 227-20-25 нөмірі бойынша тәулік бойы хабарласуыңызға болады. Сонымен қатар, ипотекалық ұйымның ресми интернет-ресурсында www.baspana72025.kz  сілтемесі бойынша қосымша ақпаратпен таныса аласыз.   

Похожие материалы