Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Жұмағұлов Талғат Маратұлы

Жұмағұлов Талғат Маратұлы

Жұмағұлов Талғат Маратұлы 1981 жылы дүниеге келген. Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін және Гарвард университетінің (АҚШ) магистратурасын бітірген. Аудармашы-референт, мемлекеттік басқару магистрі. Дипломаттық дәрежесі - Бірінші сыныпты бірінші хатшы. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметінің референті, Ақпарат және талдау басқармасының үшінші, екінші хатшысы, Қазақстанның Израильдегі Елшілігінің үшінші, екінші хатшысы және «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰК» АҚ-ның баспасөз хатшысы, кейіннен Қазақстан Республикасының ЕҚЫҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі қызметін атқарды. Сонымен қатар «Егемен Қазақстан» газетінің Венадағы штаттан тыс шолушысы, Сыртқы істер министрлігінің кеңесшісі, Халықаралық ақпарат комитеті Ақпарат басқармасының бастығы ретінде жұмыс істеді. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Баспасөз қызметінің жетекшісі болып қызметке орналасты. Үш медальмен, соның ішінде «За укрепление парламентского сотрудничества» медалімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

2017 жылдың 18 сәуірінде Жұмағұлов Талғат Маратұлы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

Дереккөз: http://www.parlam.kz/3/senate/person/1145

Похожие материалы