Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазақстанның тұрғын үй нарығы. Қайталама нарықтағы үйлер арзандайды

Қазақстанның тұрғын үй нарығы. Қайталама нарықтағы үйлер арзандайды

Сарапшылар жаңа үйлер мен қайталама нарықтағы жылжымайтын мүліктің бағасына қатысты болжамдарымен бөлісті. Маусымның екісінде өткен "Трендтер. Қазақстанның тұрғын үй нарығы" атты конференцияда олар екінші деңгейлі тұрғын үй нарығындағы баға әлі 7 мен 17 пайызға дейін төмендеуі мүмкін екендігін айтты.

- Әртүрлі деңгейдегі бағалар бар. Бұл жерде 7 пайызтуралы айтылып жатыр. Ал біздің болжамдарымыз бойынша ол әлі де 17 пайызға құлдырауы мүмкін, - деді Global компаниясы бақылау кеңесінің төрағасы Мухит Әзірбаев.

Бірақ спикер жаңа үйлер нарығындағы баға көңіл көншітерлік деңгейде болады деген сенімде. 

- Күзге қарай біз бағаның төмендеп кеткен 5 пайызын қалпына келітіріп, жыл соңына дейін 3 пайыз өсім көреміз деп отырмыз, - дейді ол.

Қазақстан риелторлар қауымдастығының вице-президенті Нина Лукьяненко болса қайталама нарықтағы тұрғын үйлер екі санатқа бөлінетінін айтады. 

- Кейбір сатушылар, шынымен де үйді сатуды көздеп отыр, сондықтан клиенттер келгенде саудаласып, бағаны түсіруі әбден мүмкін. Дәл осы сатушылармен жасалады келісім шарттар. Ал екінші санаттағы үйлерді біз асыра бағаланған деп есепейтміз, - деді ол.

Лукьяненконың айтуынша, бағасы тым жоғары бұл үйлер оңайлықпен сатыла да қоймайды екен. Сонымен бірге ол "мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында оның бағасы аз да болса, кері кететіні анық" деген пікірде.

Krisha.kz порталының шолушысы Алина Буравцева порталда жарияланған хабарландырулар негізінде жасалған зерттеуімен таныстырды. Онда келтірілген дәлелдер жылжымайтын мүлік бағасы, әсіресе, қайталама нарықтағы баға одан әрі төмендей береді дегенге саяды.

- 2017 жылдың қаңтар-мамыр аралғында Алматы қаласындағы тұрғын үй бағасы 5,4 пайызға төмендеген. Яғни шаршы метріне 339 600 теңгеге түскен, - деді Буравцева.

Сонымен бірге, ол 2017 жылдың бірінші тоқсанында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үй бағасы 17,3 пайызға төмен екенін айтты.

Ал kn.kz сараптама қызметінің мәліметтеріне сенсек, мамырдың соңында Алматы қаласында тұрғын үйдің  орташа бағасы - 23 051 500 тг болған. Ал Астана қаласында бұл көрсеткіш -24 997 000 тг.

Ал сатылымға шыққан тұрғын үйлердің саны Алматыда Астанаға қарағанда екі есе көп. Мысалы, Алматыда 6197 үй сатылса, Астанада 3 344 үй сатылады екен.

Похожие материалы