Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - Қазақстандық жарнамашылар «Канндық арыстандар» креатив-фестивалі шеңберінде өтетін Young Lions Competitions халықаралық чемпионатында бақ сынайды.
«Бізге Канныда Қазақстан намысын қорғау құрметі бұйырды, - дейді Рената Хуснутдинова. – Креатившілердің бұл фестиваліне қатысу – орасан зор тәжірибе. Оған біздің индустриядағы әрбір қызметкер қатысуға талпынғаны жөн. Коммуникация саласындағы гурулардың тәжірибесімен алмасу және араласу арқылы сен көптеген айларға жетерлік ерекше шабыт пен қуатқа бөленесің. Осы тұста өз жұмысыңды қаншалықты жақсы көретініңді сезіну керемет».
Cheil Kazakhstan-ның орындаушы креативті директоры Хуан Пабло Валенсия қазақстандық команданың тамаша әлеуетін атап өтіп, Канныда жеңіске жетуге барлық мүмкіндіктері бар екендігін айтты.
Чейлерлерді бұған дейінгі сайыстарда жеңіске жеткізген - коммерциялық банкттердің біріне арнап жасаған идеясы. Ол идея берілген несиелердің санының артуына едәуір ықпал еткен. Жарнамашылар стартқа дайын тұрған және сол мезетте финиш жолағына жеткен жүгірушіні суреттеген еді. Осындай стандарттан тыс бейнеде тұтынушының банкке хабарласқан уақытынан бастап несие алу қашықтығын көрсеткен. Процесс ең тиімді аз уақытта атқарылады.