Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Даму-Оптима» бағдарламасының талаптары жеңілдей түсті

«Даму-Оптима» бағдарламасының талаптары жеңілдей түсті

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz - «Даму» қоры «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасына кірмейтін топқа арналған жаңа бағдарламаны іске қосты. Бұл туралы қордың баспасөз қызметі хабарлады.

"Даму Оптима" деп аталатын бұл бағдарлама сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтандыру, құрылыс секілді салаларда қол жетімді. Сондай-ақ банк алдында кепілзаты жеткіліксіз болған  кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдаланып несие алуға да жағдай жасайды.

«Даму Оптима» бағдарламасына 2017 жылғы берілетін жалпы қаржы 3 млрд теңгені құрайды. Кредитті «Банк Центр Кредит» АҚ, «Bank RBK» АҚ, «Евразийский банк» АҚ, «Эксимбанк Қазақстан» АҚ, «Астана банкі» АҚ, «Tengri Bank» АҚ, «Сбербанк» АҚ ЕБ, «Forte Bank» АҚ, «Альфа-Банк» АҚ ЕБ, «Банк Kassa Nova» АҚ, «Қазкоммерцбанк» АҚ, Банк ВТБ (Қазақстан) АҚ ЕБ, "Цеснабанк" АҚ арқылы алуға болады.

2016 жылы қанатқақты жоба ретінде жүзеге асырыла бастаған «Даму Оптима» бағдарламасына енгізілген өзгерістер қатарында – кәсіпкерлерге қойылатын талаптарды қайта қарау, кепілдеме беру талаптары, кепілдендірудің жаңа түрлерін енгізу мен қазіргі қолданыстағы түрін дамыту да бар. Атап айтқанда инвестициялық мақсаттағы несиенің есебінен алынған кез-келген жылжитын/жылжымайтын мүлікті бұдан былай банкке кепілдік ретінде ұсынуға болады. Бағдарламаның бұған дейінгі талабы бойынша мұндай жағдайда үшінші жақтың кепілдігі керек болып, кәсіпкердің барлық кепілзаттарының 70 пайызы тұрақты және өтімді болуы міндеттелетін еді

Енгізілген тағы бір өзгеріс – «Даму»-Оптима» бағдарламасына ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің де қолы жететін болғандығы. Енді олар банк алдынағы кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда Қордан несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдеме ала-алады. Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге 30 млн теңгеге дейін несие беріледі.

Бизнесі жүріп тұрған кәсіпкерлер үшін непілдеме сомасы бұрынғыдай, яғни несие сомасының 50 пайызы болып қалды. Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін берілетін несие сомасы – инвестициялық мақсатқа 180 млн теңгеге дейін, айналым қаражатын толықтыруға 60 млн теңгеге дейін. Бизнесі бар кәсіпкерлер жоба құнының 20 пайызын өздері шығаруы керек.

Бағдарламаға енгізілген өзгерістер бойынша, кәсіпкерлер «Даму»-оптима» бағдарламасының кепілдемесімен екінші деңгейлі банктердегі несиесін қайта қаржыландыра алады. Бағдарламаның алғашқы нұсқасы бойынша кепілдік тек инвестиция мен айналым қаражатына арналған жаңа несиелерге ғана қарастырылған еді.

Қор «Даму-Оптиманың» кепілдігін банктің несие беру жайлы шешімі шыққанға дейін алуға болатындай етіп өзгеріс енгізуді де жоспарлап отыр. Кәсіпкер қолына «Даму-Оптиманың» кепілдігін алып, несие алу үшін бірнеше банкке қатар өтінім беріп, жобасын қаржыландыратын ең ыңғайлы нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік алады.

Похожие материалы