Шамамен бір жыл бұрын, британдықтардың 52 пайызы Еуропалық Одақтан шығамыз деп дауыс берген еді. Осы себептен ауыр экономикалық құбылмалы жағдай аса күтілген еді. Бірақ экономика осы күнге дейін жақсы тұрақтылықты көрсетті.
Алайда біз осы аптада өтетін кезектен тыс жалпы сайлауды күтіп отырғанымызда, жоғары инфляция тұтынушылар мен кейбір бизнестерге әсер етіп жатқандығының белгілері де барын байқадық. Негізгі сұрақ экономика ЕО-мен нақты ажырасуға төтеп бере алады ма?
Брексит референдумы ізімен, Англия Банкінің уақытылы әрекет етуі қаржы нарықтарын тыныштандырып және несие ағымдарын қалыпты жағдайда сақтауға көмектесті. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысы кезіндегімен салыстырғанда, Ұлыбританиядағы фирмалар мен отбасылар үшін несие құны көтерілген жоқ, ол тіпті керісінше төмендеп те кетті. Ал британдық тұтынушылар олар ең жақсы көретін ісі - дүкендер және интернетте ақшаларын жаратуды жалғастырды. Тұрмыстық шығыстар өткен жылы жалпы экономикалық өсімді 2% деңгейінде сақтап тұруға көмектесті.
Қаржы нарықтарындағы үлкен өзгеріс ретінде фунт құнының күрт төмендеуін атап өтсек болады. Бірақ бұл төмен айырбас бағамы Ұлыбритания экспорттаушыларының бәсекеге қабілеттілігін арттырды. Мен бас экономист болып қызмет атқаратын британдық өнеркәсіп конфедерациясының сәуір айындағы жүргізген өндірістік үрдістер зерттеуі қазір 2011 жылдан бері өндірістік тапсырыстардың ең мықты өсуін көрсетті. Бірақ мұнда да біраз қиындықтар бар, мысалы британдық өндірушілер импорт бағаларының жылдам көтерілуі салдарынан, 2011 жылдан бері орташа бірлік өндіріс құнының артуына да тап болды.
Фунт құнның төмендеуі, сондай-ақ үй шаруашылықтарына зақым келтіре алады. Тұтыну бағаларының инфляциясы биылғы жылы өсіп, 3% деңгейінде тұр. Дегенмен, еңбек нарығының өзгеріп жатқан динамикасы және өнімділік өсуінің баяулауын ескерсек, орташа жалақының өсуі 2,5 пайыздан аспауы мүмкін. Сондықтан, орташа тұрмыстық табыстың нақты мөлшері өзгермей немесе тіпті төмендеуі де мүмкін, және бұл Ұлыбритания экономикасының тұтыну шығындарына кері әсер етеді.
Бәлкім, осы төніп келе жатқан макроэкономикалық қиындықтарды алдағы Брексит келіссөздернен туындайтын мәселелер басып кетуі мүмкін, бірақ себептер де біз күтпегендей болуы мүмкін.
Бизнес үшін негізгі қауіп, құрылыс-инженерлік фирма көшбасшысы маған түсіндіріп өткендей, Брекситтен туындайтын сценарийлердің барлық жоспарларына дайындалу компаниялардың толықтай жұтып, олар өздерінің үлкен стратегиялық мақсаттарын ұмытып кетуі мүмкін.
Жақсы жаңалық деп әзірге, бизнес-қоғамдастықтың сенімді көрінуін айтып кетуге болады. Кәсіпкерлер мен компания басшыларында белгісіз әлемде шешімдер қабылдау тәжірибесі мол. Сондықтан, Брекситтан туындаған белгісіздікке қарамастан, олар бұлтты есептеу, жасанды интеллект, және деректер аналитикасы сияқты болашаққа бағдарланған салаларға инвестиция салуды жалғастыруда.
Негізі, ЕО мен Ұлыбританияның қарым-қатынасы емес, технологиялық революция және Азиядағы тұтынудың артуы алдағы онжылдықтарда бизнестің жасалу жолын өзгертетін болады. Ұлыбритания-ЕО келіссөздері жүргізіліп жатқанда, компаниялар осыны ескере отырып, Брексит мәселесі бойынша жұмыс топтарын шектеп және фирма басқармасының қалған бөлігінің назарын кеңірек бизнес стратегиясында сақтап отыру керек.
Бұл әрине біз алдағы тапсырманың күрделілігін елемей немесе Брексит әкелетін қиындықтарды ескермеу керекпіз демек емес. Керісінше, біз сол қиындықтар мен қатты шындықтың тап бетіне қарап, кейбір қиын шешімдерді мүмкіндігінше тезірек жасауымыз керек.
Бизнес тұрғысынан Брекситке қатысты ірі проблемалардың бірі адамдарға байланысты болып тұр. Қазіргі кезде Ұлыбритания экономикасы дағдылар жетіспеушілігіне тап болды: фирмалардың үштен-екісінен астамы олар алдағы 3-5 жылда жоғары біліктілікті талап ететін бос орындарды толтыра алатынына сенімді емес. Ұзақ мерзімді шешім бүкіл Ұлыбританияда білім беру және оқытудың сапасын жақсарту болып табылады. Бірақ, қысқа мерзімде көші-қон маңызды рөл атқаруы тиіс.
Қазірдің өзінде, ЕО елдерінен келген мигранттар - жемістер мен көкөністерді жинайтын маусымдық жұмысшылар мен жас ұрпақты оқытатын мұғалімдерге дейін, сонымен қатар халықтың денсаулығын қорғауға ат салысып жүрген дәрігерлер мен медбикелер - осы адамдардың барлығы Ұлыбритания экономикасына маңызды үлесін қосып жүр. Көптеген ұйымдар мен фирмаларда ЕО азаматтары қызметкерлердің 40% -дан астам бөлігін құрайды. Осы ЕО азаматтары және олардың отбасылары қазір нақты белгісіз болашақ мәселесіне тап болып тұр.
Бизнес-қауымдастық қазіргі уақытта Ұлыбританияда жұмыс жасап жатқан ЕО азаматтары ары қарай жұмыстарын жалғастыра бере алатынына дереу кепілдік беруді қолдайды. Сол сияқты, ЕО елдерінде жұмыс жасап жүрген Ұлыбритания азаматтарында ары қарай сол жерде қала беруге заңды құқығы болуы тиіс. Бұл тек дұрыс ой ғана емес, сонымен қатар ақылды экономикалық ойын болып табылады; себебі осы жұмыс күшінің дағдылары мен таланттары алдағы онжылдықта компанияларды алға сүйрейтін қозғалтқыш болады.
Бірақ қазір Ұлыбританияда жұмыс жасайтын ЕО азаматтары бұл қозғалтқышты іске қосуға жеткілікті болмайды. Міне, сондықтан Ұлыбританияға жаңа, ғылыми тұрғыдан дәлелді иммиграция жүйесі қажет. Кәсіпорындар, жұмысшылар және олардың отбасылары осы жылдың соңына дейін мұндай жүйенің қандай болатынын, және мемлекетке ену үшін қажетті талаптарды да білулері қажет.
Қазір қабылдануы тиіс тағы бір шешім «ешқандай мәміле болмайды» деген шарттың орынсыз екенін тану болып табылады. Ешқандай серіктестік болмайды деп премьер-министр Тереза Мэй басқарған үкімет айтқандай жасамай, Ұлыбритания мен ЕО Ла-Манштың екі жағындағы компанияларға іскерлік байланыстарды жалғастыруға мүмкіндік беретіндей етіп нормативтік мәселелер бойынша нақты келісім жасауға тырысу керек. Ал екі жыл келіссөз кезеңінің аяқталуы тіпті түсініксіз немесе шешілмеген нормативтік режимге кенеттен өзгеруді әкелетін «Ла-Манштың жағасында байланысты үзу» сценарийден аулақ болу керек.
Британ экономикасы Брексит дауыс беруін шешкендей, Ұлыбританияның ЕО-дан шығуын шешпек болса, онда үкімет пен бизнес тиімді басқару арқылы белгісіздіктің кері әсерін азайтуға тырысуы керек. Маңызды келіссөздердің басталуын кешіктірудің қандай да бір саяси себептеріне қарамастан, экономикаға қатысты мәселелер алдағы келіссөздер барысында шетте қалмауы тиіс.
Автор туралы: Рейн Ньютон-Смит Британ өнеркәсіп конфедерациясының бас экономисі.