Калифорния. 12 маусым. 7kun.kz - Бұл туралы Кремний алқабынан шыққан инвестор Мэри Микер Колифорнияда өткен Code Conference конференциясында жариялаған сараптамалық еңбегінде мәлім етті.
Сонымен бірге, инвестор 2017 жылғы интернет-трендтерге тоқталып өткен. Оның айтуынша, биыл әлемде смартфондардың сатылымы төмендейді. "Ақылды" телефондардың сатылымы 2011 жылдан бері біртіндеп азайып келеді. Мысалы, 2016 жылы смартфондардың сатылымы 3 пайызға өссе, 2015 жылы - 10%, 2014 жылы - 28% болған.
Сондай-ақ, биыл әлем халқының жартысына жуығы интернетке қол жеткізсе, мобильді интернет стационарлы интернетті басып озатын көрінеді. Ал интернет-жарнаманың көпшілігі Google мен Facebook компаниясына тиесілі болып, тележарнаманы артта қалдыруы мүмкін.
Жалпы алғанда Google мен Facebook-тің жарнамасы бір жылда 82 пайызға өскен. Себебі олар қолданушылардың өздері көрсеткен ақпараттарды пайдала отырып, таргеттеудің тиімділігін арттыра түседі. Басқа сервистер үшін бұлекі компаниямен бәсекелесі қиындап барады. Дегенмен қолданушылар көбіне жарнамаларды блоктап отырады.
Code конференциясында белгілі болған биылғы жылдың тағы бір жаңалығы - Биыл интернеттегі мәліметтердің көлемі 14 трлн Гб жетті.
Интернеттегі мәліметтердің көлемі былтырғы жылмен салыстырғанда 10 пайызға артқан. Ал сарапшылар 2025 жылға қарай оның көлемі 163 зеттабайтқа дейін өсуі мүмкін екенін айтады.
Окей, Google! Адамдар көбіне текстпен емес дауыспен іздеу бастаған. Мысалы, 2016 жылы іздеу жүйесіндегі сұраныстардың 20 пайызы дауыс арқылы жасалған. Оның ішінде ең танымал дауыстық көмекшілердің арасында Google Home мен Amazon Echo бар.
Ал қазір ілемдегі ең қымбат компаниялардың 40 пайызы IT компаниялардан тұрады.