Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұялы телефонда құбыланы көрсететін бағдарлама іске қосылды

Ұялы телефонда құбыланы көрсететін бағдарлама іске қосылды

Алматы. 19 маусым. 7kun.kz - Google компаниясы мұсылмандарға арнап құбыла бағытын көрсететін «Qibla Finder app» ұялы телефон  бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы kazislam.kz хабарлады.

Бағдарлама арқылы кез келген мұсылман құлшылық қылу үшін құбыла бағытын жаңылмай, оңай таба алады. «Google» компаниясы мамандарының айтуынша, соңғы бес жылда мұсылмандар тарапынан Google арқылы құбыла бағытын іздеушілердің саны күрт өскен екен. Олардың барлығы намаз оқу үшін құбыланы веб-сайттардан іздеген.

«Біз осы іздеу жұмысын жеңілдету мақсатында мұсылмандарға арнап бағдарлама шығардық. Бұл бағдарлама арқылы GPS-тің көмегімен құбыла бағытын табу оңай», - деп жазылған компанияның ресми блогында.

Похожие материалы