Францияда реформаларды жақтаған орталықшыл президенттің билікке келуі және Германия канцлері Ангела Меркельдің қайта сайлануы өте ықтимал болған сәтте, Еуропада тоқтап қалған бір-валюта жобасының қайта жандануына үміт бар ма? Мүмкін, бар шығар, бірақ оған қарағанда, борыш әсерінен тоқтап қалып тұратын баяу экономикалық өсудің тағы бір онжылдығының орын алуы ықтимал көрінеді.
Бюджет және банк одағын құруға қарай бел буып, көшу орын алса жағдай әлдеқайда жақсырақ болар еді. Бірақ, тұрақтылық пен орнықтылықты нығайту саясаты болмаған кезде, ақырында ыдырауға жету мүмкіндігі әлдеқайда жоғары болады.
Рас, жақын болашақта, оптимизм үшін көп себеп бар. Өткен жылы, еуроаймақ кез келген басқа да ірі озық экономикаға қарағанда, артқан үміттерден асып өтіп, оның қатты циклдік қалпына келуі орын алды. Және Эммануэль Макронның сайлануы, Францияның қайта жандандыруы болып, оның экономикасының өсіп, еуроаймақты басқаруда Германияға толық және тең әріптес болуға мүмкіндік беретін маңызды оқиға болып табылады. Макрон және оның экономика мәселелері бойынша тобында үміт берерлік жоспарлар көп, сонымен қатар осы ойларын іске асыру үшін Ұлттық Ассамблеяда да көпшілік қолдауы бар (егер немістер одан реформаларды жасау уәдесіне бюджет тапшылығын кешірсе, онда тіпті тамаша болар еді).
Бірақ бәрі ондай керемет емес. Греция тарихындағы ең қиын құлдырауды бастан кешіргеннен кейін әлі де әрең қалпына келіп жатыр, және осыған немістердің қатты үнемдеуі кінәлі деп ойлайтындар сандарға көз шалсын, онда олар Грецияның солшыл АҚШ экономистерінің қолдауымен қазіргі кездегі ең жұмсақ құтқару пакетін дұрыс қолданбағанын түсінер еді.
Италия жағдайы Грецияға қарағанда әлдеқайда жақсырақ, бірақ бұл күмәнді комплимент, себебі нақты табыс мөлшері он жыл бұрынғыға қарағанда төмен (мемлекеттің ауқымды қалтарыстағы экономикасын ескере отырып, нақты сандарды көрсету қиынға соғады). Тұтастай оңтүстік Еуропа үшін, бірыңғай валюта үлкен алтын тордай болды, ол фискалдық және монетарлық туралыққа мәжбүрлей отырып, бірақ күтпеген сілкіністерге қарсы сыни жастық ретінде айырбас бағамын алып тастады.
Шынында да, Ұлыбритания экономикасының былтырғы Брексит референдумынан бері жақсы деңгейде (әзірше) ұсталынып тұруы, сондай-ақ, фунттың күрт төмендеп, бәсекеге қабілеттіліктің артуына үлесін қосқанынан да болар. Әрине Ұлыбритания, бәріне белгілі бірыңғай валютадан шығуды таңдады (ақылды шешім болар), және ол қазір Еуропалық Одақтан және толығымен бірыңғай нарықтан шығып кетуге қарай бел буды (бұл енді ақылсыз болар).
ЕО табысына жетуіне еуроның қажетті емес екенін енді бәріне анық шығар, және Атлантиканың осы жағындағы көптеген экономистер болжағандай онның үлкен кедергі болғаны дәлелдеді. Еврократтар ұзақ уақыт бойы Еуропалық интеграцияны велосипед мінуге теңеп келді: алға қарай айдайсың немесе құлап қаласың. Егер солай болса, бірыңғай валютаны ерте қабылдау, қалың, дымқыл цемент үстімен айдаудай болып тұр.
Қызығы, бастапқыда еуроны қабылдаудың Оңтүстік Еуропада соншалықты танымал болу себебі 1980 және 1990 жылдары қарапайым адамдардың немістер өз маркасы арқылы қол жеткізген баға тұрақтылығына жетуді аңсағанына байланысты еді. Алайда, еуро Еуроаймақ бойы күрт инфляцияның төмендеуімен қатар жүргенде, басқа да көптеген елдер онсыз инфляциянның төмендеуіне қол жеткізді.
Баға тұрақтылығына қол жеткізудің әлдеқайда маңызды себебі ретінде замануи тәуелсіз орталық банктың пайда болуын айтып өтуге болады, ол бүкіл әлемде инфляция деңгейінің күрт төмендеуіне көмектескен құрал болды. Иә, Венесуэла сияқты бірнеше елде, әлі күнге дейін үш таңбалы баға өсуі бар, бірақ ол қазір сирек кездесетін жағдай болып табылады. Еуроға қосылудың орнына, Италия және Испания жай ғана өз орталық банктеріне көбірек автономия бергенінде, оларда да, бүгін төмен инфляцияның орын алуы мүмкін еді. Грекия ең айқын мысал болмаса да, бірақ, көптеген кедей Африка елдерінің бір таңбалы сан ішінде-ақ инфляцияны жақсы ұстап қалғанын ескерсек, Грекияның да осы мәселені шешіп тастауы мүмкіндей көрінеді. Сонымен қатар, Оңтүстік Еуропа елдері өз валюталарын сақтап қалғанда, олар үлкен борыштық ойықты қазып тастамас еді, және инфляция арқылы ішінара дефолт опциясына да ие болар еді.
Ендігі мәселе ылғалды цементтен ЕО-ны шығарып алу болып тұр. Көптеген еуропалық саясаткерлер мұны мойындауға қарсы болса да - статус-квоны сақтап отыру орнықты және тұрақты шешім емес екені анық; ақыр соңында, айтарлықтай үлкен фискалдық интеграция немесе ретсіз ажыраудың болуы тиіс. Еуро, ерте ме кеш пе, әлде келесі 5-10 жылда одан әрі шынайы өмір сынақтарынан өтпейді деп ойлау нағыз аңғалдық болып табылады.
Статус-кво, сайып келгенде, тұрақсыз болса, он жылдық Италия үкіметінің облигациялары Германияға қарағанда кем дегенде екі пайыздық тармақтан аз табыс беріп жатқанда, неге нарықтар тыныш отыр?
Мүмкін шағын қимылдар, көптеген неміс саясаткерлері қарсы наразылық көрсеткенімен, ақыр соңында тікелей құтқарып алу көмегі келе жатыр деген инвесторлар сенімін білдірер. Шеткі елдердің қарызын Еуропалық Орталық Банктің сатып алуының өзі субсидия болып табылады, және Макрон жеңісімен бірге еурооблигациялар туралы талқылау да қызып жатыр.
Немесе, мүмкін, инвесторлар Оңтүстік цементке қатты кіріп, енді шыға алмай жатыр деп әдейі айтып жатқан шығар. Ал Германия оның банктеріне қарыздардың өтелуін қамтамасыз ету мақсатында өз бюджеттерін қысқартуды жалғастырады.
Қалай болса да, еуроаймақ басшылары бірыңғай валютаның жағдайы анық болар уақытты күтіп отырғанша, қазір қажетті шараларды қабылдауы керек. Макрон және Меркель бүгінгі оптимизмнің қаншалықты ұзақ созылатынан өздері шешетін болады.
Автор туралы: Кеннет Рогофф - ХВҚ-ның бұрынғы бас экономисі, Гарвард университетінің экономика және қоғамдық саясат профессоры.