Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Францияның сиқырлы таяқшасы бар ма?

Францияның сиқырлы таяқшасы бар ма?

Өткен айда Эммануэль Макрон сайлау қалпағының ішінен аталмыш қоянды алып шықты. Көптің айтқан қауесеттеріне қарамастан, тәуелсіз орталықшыл Макрон оңшыл популист Марин Ле Пенді жеңіп, айтарлықтай айырмашылықпен француздық төрағалыққа ие болды және бұл жолда Францияның ескі үкіметтік құрылымын да жеңіп өтті.

Енді, оның соңғы сәтті ісі ретінде Макрон Францияның Ұлттық Ассамблеясында үлкен көпшілікті қамтамасыз етуі керектей.

Бірақ жаңа келген Макронның сайлауда жолы болған сиқыршы ғана емес, жақсы саясаткер екені оның үкіметінің іске асыратын экономикалық бағдарламасының табысқа жетуіне байланысты болады.

Франция, және біртұтас Еуропаның достары Макронның жеңіске жетуі бір қуантып қалғаны рас. Және оның төрағалығының алғашқы күндері, француз қоғамы да оны қолдады; соңғы сайлау сауалнамасы 62%-ға тең халық қолдау рейтингін көрсетті. Дегенмен жылы қолдау тез кетіп қалуы мүмкін, сондықтан Макрон фискалды саясат, салық салу, еңбек нарығы, білім беру сияқты өзгерістерді ұзақ күткен салаларда реформаларды жүзеге асыру арқылы өзінің бастапқы мандатын капиталға айналдаруы керек.

Францияның ең шұғыл мәселелері анемиялық өсу және жеткіліксіз жұмыс орындарын құру болып табылады. Соңғы 12 жылда Францияның ЖІӨ әрең жылына 1% -ға өскен, бұл тұтастай Еуропалық Одақтағы орташа мөлшерден төмен; ал жұмыссыздық деңгейі қазір 10% үстінде тұр. Тек бес ЕО елдері - Хорватия, Италия, Кипр, Испания, және Грецияда бұдан жоғары жұмыссыздық деңгейі белгіленген.

Сондықтан, Макрон алғашқы бес жыл қызмет мерзімі барысында, Францияның ЖІӨ өсуін орташа деңгейге, кем дегенде, жылына 2% -ға арттыруға, және жұмыссыздықты 6%-дан төмен деңгейге төмендетуге назар аударуы керек. Осы екі мақсатқа жетудің ең оңай жолы Францияның басқа ЕО елдерімен салыстырғанда артта қалып бара жатқан салалары мен басты мәселелерге бас назарды аудару болар еді.

Жұмыссыздық мәселесінің бір бөлігі жасырын шығындармен байланысты. Франция ЕО-дағы сағат бойынша жұмыс жасайтын қызметкерлер үшін ең жоғары еңбек шығындары бар мемлекет болып табылады, және мұның салдарынан жұмысқа алу белсенділігі де төмен. Сондай-ақ өсіп келе жатқан теңсіздікпен, көптеген француздар капитал өсуі пайдасына қарағанда еңбекке әлдеқайда көп салық салынып жатыр деп наразылық білдіруде. Шынында да, Францияның жалақы салықтары ЖІӨ-нің 19% -ын құрайды - бұл ЕО-дағы орташа 13 пайыздан көп. Бұл өте зиянды салық, себебі одан тек жұмыс берушілер ғана азап шегеді. Сондықтан бұл Макронның бірінші болып қысқартатын салық түрі болуы тиіс.

Сол сияқты, ЖІӨ-нің 57 пайызына тең үкіметтік шығындар, орташа мөлшері 47%-ды құрайтын ЕО-мен салыстырғанда, өте үлкен болып тұр. Бұл шамадан тыс ауыртпалық және экономикалық өсуге айтарлықтай кедергі жасайды. Үкімет осы шығыстарды кем дегенде жылына бір пайыздық тармаққа (әсіресе, тым үлкен әлеуметтік қорғау бағдарламаларын) азайту үшін жұмыс істеуі керек.

Корпоративтік салықтар реформалау үшін дайын тұрған тағы бір сала болып табылады. 33% мөлшерлемесімен Франция Еуропадағы корпорацияларғы салынатын ең жоғары табыс салығы бар ел болып тұр.

Бірақ бұл салықтардан көрген пайдасы ЖІӨ-нің 2,6 пайызына тең, және бұл ЕО-дағы орташа деңгейге сәйкес келеді. Макрон ұсынғандай, Францияда үлкен салық түсімдерін жоғалтпай-ақ, пайда салық мөлшерлемесін 25% -ға дейін азайту мүмкіндігі бар.

Әрбір дерлік фискалдық көрсеткіш бойынша, Франция артта келе жатыр (сондай-ақ, соңғы жылдары нашар көрсеткіштерге ие болған Финляндия мен Бельгиямен бірге). Ал Франция, қазір айқын көрінгендей, еркін саясатты дұрыс қолданған жоқ, сондықтан Макрон салықтар мен шығындарды қысқарту бойынша ымыраға қол жеткізуі тиіс. Шынында да, қазіргі жағдайды өзгерту үшін экономикаға түскен фискалдық ауыртпалықты төмендету өте маңызды болмақ.

Бірақ Франция, сондай-ақ неғұрлым күрделі құрылымдық реформаларды қажет етеді, соның ішіндегі ең өзектісі жұмысқа алу мен шығаруды тым қиындатып тұрған күрделі Еңбек кодексін ырықтандыру мен жеңілдету болып табылады. Ең көп қиналатындар көбінесе экономикаға ең аз қамтылғандар, яғни жастар және иммигранттар. Көптеген еуропалық елдер осы проблемадан зардап шегеді, бірақ 26% құраған Францияның жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі, 19,6%-ға тең болған ЕО орташа көрсеткішінен айтарлықтай жоғары болып тұр. Еңбек кодексін жеңілдету ереуілдер және наразылықты болдырмау үшін, әлеуметтік әріптестермен келіссөздер арқылы жасалуы тиіс.

Сонымен қатар, Францияның білім беру жүйесіне үлкен көңіл бөлінуі керек. ЭЫДҰ бойынша, француздық жоғары сынып оқушыларының көрсеткіштері әлемнің дамыған экономикалары арасындағы орташа деңгейден сәл жоғары ғана болып тұр. Франция, басқа да көптеген еуропалық елдер сияқты, еңбек нарығына жастарды дайындауды жақсарту үшін көп жұмыс жасауы керек.

Macron’s victory – and the likely parliamentary landslide for his LREM – has presented France with a great opportunity. But, given the scope and scale of the needed reforms, the president’s political honeymoon will be short. He must deliver results quickly, or his magic will soon fail him – and French voters will make him disappear.

Франциядағы жоғары оқу орындарының жағдайы тіпті нашар. Бүкіл әлемдегі университтерге баға беретін Times Higher Education Supplement бойынша, Францияның үздік университеті Йcole Normale Supйrieure, тек 66-шы орында тұр. Жоғары білім жүйесіндегі реформаларсыз, Франция британдық және американдық институттарымен бәсекеге түсе алмайды.

Франция үкіметі ЕО-сыз, бір жақты тәртіппен осы реформалардың барлығын жүзеге асыра алады. Бірақ ЕО түрлі нарықтарды ілгерілету арқылы Францияның экономикасына да көмектесе алар еді. Қызметтердің еркін саудасы ЕО-ның бастапқы төрт бостандықтарының бірі болып табылады; алайда, бүгін, қызметтер үшін бірыңғай нарық нашар жұмыс істейді. Франция өзінің ішкі қызметтер нарығында жасалған одан әрі ырықтандырудан үлкен пайда көре алады. Ал ЕО-ның сандық технологиялар нарығы алтын жүлде болып тұрғанымен, онда Францияның қатысуы таңқаларлықтай шектеулі болып тұр. Қаржылық қызметтерді ырықтандыру жеңілдете түсетін венчурлық капиталға қол жеткізуді жақсарту да көмектесе алар еді.

Макронның жеңісі және оның LREM париясының да парламенттік сайлауда жететін керемет ықтимал жеңісі Франция үшін үлкен мүмкіндіктерді ұсынды. Бірақ, қажетті реформалардың мақсаты мен ауқымын ескерсек, президенттің саяси бал айының қысқа болары анық. Ол тез нәтижелерге қол жеткізуі тиіс, немесе оның сиқыры көп ұзамай жоғалып, француз сайлаушылары оның өзін де ғайып қылады.

Автор туралы: Андерс Аслунд Вашингтондағы Атлантика кеңесінің аға ғылыми қызметкері. Сонымен қатар ол Симеон Дянковпен бірге жазылған Еуропадағы Даму Қиындықтары атты кітабының авторы.

Похожие материалы