Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Экономикада доллар үлесінің артуы ең үлкен проблема - Ақышев

Экономикада доллар үлесінің артуы ең үлкен проблема - Ақышев

Алматы. 20 маусым. 7kun.kz – Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев экономиканың долларлану процесін елдегі ең үлкен проблема деп атады.

Қаржы реттеуші басшысы бұл мәселені қандай жолдармен шешкенін сейсенбі күнгі қазақстандық және шетелдік журналистермен болған кездесуде айтып берді, деп хабарлады 7kun.kz.

Ол доллар үлесінің артуы ЕДБ мен Ұлттық банктің қызметіне кері әсер етеді. Бірақ долларды қатаң әдістерді пайдаланбай-ақ айналымнан шығаруға болады. «Экономикадағы доллардың артуы – үлкен проблема. Бұл Ұлттық банктің саясатын жүзеге асыруға кедергі болады. Себебі Ұлттық банк теңгенің эмитенті болып табылады. Естеріңізге сала кетсем, 2016 жылы қаңтарда экономикадағы доллардың үлесі 80 пайыз еді және жеке тұлғалардың депозиттерінің барлығы шетелдік фалютада болатын. Мұндай жағдайда банктер де жұмыс істей алмады, себебі оларды теңге болған жоқ. Орталық банк те дұрыс ақша саясатын іске асыра алмады, себебі біз теңге нарығындағы мөлшерлемеге жүгінеміз, ал банктерде тек доллар», - деді Ақышев.

Қорытындылай келе ол: «Сондықтан долларлану деңгейін төмендету керек. Біз мұны нарық тәсілдері арқылы жүзеге асыруға болады деп есептейміз. Ия, тікелей тыйым салу арқылы да жұмыс істейтін әкімшілік тәсілдер де бар. Бірақ Қазақстанда мұндай амал жарамайды. Сондықтан біз теңгедегі депозиттердің сыйақы мөлшерлемесін көтердік те, шетелдік валютадағы мөлшерлемені төмендеттік. Ал қазір қалай? Қазір жеке тұлғалар, мекмелер мен ұйымдар өз қаражаттарын ұлттық валютаға аудара бастады. Және талдауларға қарасақ, соңғы 15 айда доллардың графигі төмендеген», - деді.

2015 жылы Қазақстанда экономикадағы доллардың үлесін төмендету жоспары жасалып, ол Үкімет пен Ұлттық банктің отырысында мақұлданған еді.

 

Похожие материалы