2017 жылдың алғашқы бес айында 341 дана қазақстандық автокөлік экспортталған. Ал Тәжікстанға жеткізілетін көліктер бұл кеөрсеткішті 16 пайызға ұлғайтады.
Бұған дейін 2017 жылдың сәуірінде AllurGroup компаниясы экспорттық сақтандыру «KazakhExport» компаниясы және Тәжікстандағы Қазақатсан елшілігінің қолдауымен "Азия Групп Таджикистан" холдингімен бірге келісімгне қол қойған еді. Келісім аясында 2018 жылдың соңына дейін Тәжікстан астанасының таксоматорлық станциясына арналған қазақстандық автокөліктер жеткізілуі тиіс.
Сатып алушылардың айтуынша, жоғары өтімділігі мен қолайлы бағасының арқасында таңдау қостанайлық JAC S3 кроссоверлеріне түскен.
Душанбеге жеткізілетін барлық автокөліктер «СарыаркаАвтоПром» күшімен шығарылған. Компания экспорттың ұлғаюына байланысты Қостанайдағы AllurGroup зауытында өндіріс көлемі арта түскен.
Дереккөз: Курсив