Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Telegram iPhone-ға арналған ең танымал ресейлік қосымшаға айналды

Telegram iPhone-ға арналған ең танымал ресейлік қосымшаға айналды

Алматы. 27 маусым. 7kun.kz - Бір күн ішінде Telegram мессенджері Ресейдегі iPhone-ға арналған тегін мобильді қосымшалардың танымалдылығы бойынша 7-орыннан бірінші орынға шықты деп хабарлайды AppAnnie сараптама агенттігіне сілтей отырып «Ведомости».

Ал 22-26 маусым аралығында бұл қосымшаның Android-құрылғылардағы танымалдығы 31-орыннан 20-орынға көтерілген.

Естеріңізге сала кетейік, Ресейдік бақылау комитеті, мен Telegram-ның негізін қалаған Павлом Дуровтың арасында мессенджерді ресстрге енгізу туралы қоғам алдында ашық пікірталас жүрген еді. Ал мессенджердің реестрге енгізілуі оның қолданушылары туралы ақпараттар Ресейдің құзырлы органдарынның сұрауы бойынша жинақталып сол органдарға жіберіліп отырады деген сөз.

Федералды қауіпсіздік қызметі" террористер Санкт-Петербургтегі 3 сәуірде болған жарылысқа дайындық барысында Telegram мессенджерін пайдаланған" деген ақпарат таратқан соң Росреестр осындай бастама ұсынған еді.

Павел Дуров болса, "билік өклдері болған қайғылы оқиғаны халықтың үстінен бақылауды күшейту мақсатында пайдаланып отыр" деп мәлімдеді. Ал Telegram-ның бейресми  каналында бұғаттаудан қалай шығуға болатыны жайлы нұсқаулық пайда болды.

Похожие материалы