Нарықтық экономикадағы кәсіпкерлік теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары
Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы, елімізде әлеуметтік - экономикалық мәні аса жоғары игі өзгерістерге қол жеткізілді. Елімізде экономиканы дамыту, осының негізінде әлеуметтік – экономикалық жағдайын тұрақтандыру, халықтың әл - ауқатын түбегейлі жақсарту міндеттері орындалуда. Қазақстан қазір ел ішінде біртіндеп нарықтық экономиканы тудыруға бағытталған құрылымдық реформаның жаппай қамтитын бағдарламасын жүзеге асыруда. Алғашқыда бұрынғы Кеңес Одағы шеңберінде жүзеге асырыла бастаған Қазақстандағы экономикалық реформа процесі, 1991 жылы желтоқсанда теуелсіздік жарияланғаннан кейін тіптен үдеп кетті. Тәуелсіздік жарияланған сәт пен қазіргі уақытқа дейінгі аралықтағы негізгі экономикалық уақиғалар: 1992 жылы қаңтарда бағаны ырықтандыру /либерализациялау/, 1993 жылы қаңтарда қабылданған Конституцияда және 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясында жекеменшік құқықты мойындау, 1993 жылы сәуірде ұлттық жекешелендіру бағдарламасын жасау, 1993 жылы қарашада ұлттық валютаны енгізу; 1993-1994 ж.ж. дағдарысқа қарсы бағдарламаны жасау; 1994-1996 ж.ж. қатаң ақша - несие саясатын жүргізу; индикативті жоспарлар жасау, 1997 жылы қазан айында Қазақстанды дамытудың 2030 жылға дейінгі стратегиялық бағдарламасын қабылдау. Бұл бағдарлама экономиканы Жан - жақты күшейтуді және сапалы жаңа межелерге алып шығуға қабілетті экономикалық тасқынды қамтамасыз етуді көздейді. «Егер біз стратегиямызды мүлтіксіз орындап, ынталы еңбек етсек, онда біз Орталық Азияның нағыз барысы бола аламыз және ұлт тұтастығына, әлеуметтік әділдікке және барша халықтың экономикалық жақсы тұрмысына сай тәуелсіз мемлекет ретінде – дамушы елдер үшін үлгіге айналамыз» - делінген Президенттің халыққа Жолдауында.
Қазіргі кезде Қазақстан экономикасы экономикалық жаңа қатынастардың қалыптасуына, нарықтық қайта құруды одан ары тереңдетуге бағытталған айтарлықтай шараларды жүзеге асыру жағдайында жұмыс істеуде.
Республикамызда кеңестік дәуірдегі мемлекеттік кәсіпорындар, зауыттар мен фабрикалар жекешелендіріліп, олардың орнына жеке меншікке негізделген шаруашылық субъектілері ұйымдастырылды. Қазіргі кезде бұрын тоқтап қалған көптеген өндіріс орындары, отандық және шет елдік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар ашылып, жұмыс істеуде. Сонымен қатар жаңа мазмұнды сан алуан өндірістік атаулар мен ұжымдар дүниеге келді. Ауылдық елді мекендерде өндірістік кооперотивтер, шаруашылық серіктестіктері, шаруа қожалықтары құрылды. Экономмиканы жедел дамытып, әлеуметтік өмірді тұрақтандырудың басым бағыты - шағын, орта және ірі бизнесті дамыту қолға алынды.
Еліміздің экономикасын қайта түлетіп, әлеуметтік - экономикалық әлеуетті еселей дамытуда кәсіпорындардың, мұндағы басты тұлға кәсіпкерлердің алатын орны ерекше. Отандық кәсіпкер
қазірдің өзінде тұрғындардың сұранысы мен өз ырзығын теруді қанағаттандырып қана қоймай, мемлекетіміздің іргесін нығайта беру барысында көптеген нақты қызметтер атқаруда.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызымет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен техналогияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпорындарда өндірісті және өнімді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол - сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі - менеджмент іске асырылады.
Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Келешекте өндірісті жүргізуге маманданған экономистер үшін кәсіпорынның экономикалық негізін терең білу қажет.
Нарықтық экономикада мемлекеттің ролі аса зор. Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті – оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту, кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады. Бұл мәселені шешудегі ең алғашқы адым көптүрлі экономикалық процестерді реттейтін заңнама - құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.
Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді және оны экономикалық барша субьектілердің орындауын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде кәсіпорынның мәртебесі, оны құрудың тәртібі, мүлікті пайдалану, шаруашылық жүргізу, экономикалық және әлеуметтік қызметтер, кәсіпорынның мемлекеттік және жергілікті өзін - өзі басқару органдарымен қатынасы негізінде ұлттық заңдармен реттеледі.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналды. Мәселе мынада, рыноктық сұранысты ескере отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбек ақыларын есептеу, т.б. жұмыстарды іске асырады.
I тарау. Нарықты экономикадағы кәсіпкерлік теориясы және кәсіпорынның ұйымдық нысандары.
1.1 Кәсіпорын типтері және кәсіпорындардың түрлері.
Нарықтық экономиканың субьектілері болып жекеленген меншік иелері саналады. Меншік иесінің өз мүліктерін пайдалануға, йеленуге құқығы бар. Меншіктің көптүрлі формалы болуы кәсіпорынның әртүрлі ұйымдық - құқылық формасын құруға негіз болып табылады.
Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай – ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызмет.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілік және белсенді ізденумен байланысты шаруашылық қызмет - кәсіпкерлік қызмет деп санауға болады. Олардың бәрі кәсіпкерліктің белгілері болып табылады.
Кәсіпкерлікте тұлға (субъект) және нысанын (объект) бөліп қарайды.
Кәсіпкерліктің тұлғалары (субъектілері) жеке тұлғалар, әр түрлі ассоциациалар (акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер) және мемлекет бола алады.
Кәсіпкерлік нысандары (объектілері) шаруашылық қызметтің кез келген түрлері, коммерциалық делдалдық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциалар, сату, сатып алу жұмыстары бола алады.
Кәсіпкерлік - адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бүған кезінде атақты неміс экономисті Гарворд университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950жж.) мән берген. Оның айтқан мынадай сөзін эпиграф етіп алуға болады: «Кәсіпкер болу – басқаның істегенін істемеу, кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар» . Ол жайлы француз экономисті Жан Батист Сэй (1767-1832 жж) былай деген: «Кәсіпкер –адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам». «Кәсіпкерлік» терминін алғаш рет ағылшын экономисті Ричард Кантильон (1650-1734жж.) ендірді. Бұл ұғымға нарықтық тәуекелдік жағдайында табыс табу мақсатымен өндірісті ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызған.
Кәсіпкерлік – новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер – ол өнертапқыш. Кәсіпкерлік – бұл адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бел буады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтанда экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пара - пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
Кәсіпорын /фирма/ кәсіпкерлік қызмет өндірістің звеносының негізі болып табылады. Осы жерден бастап және ары қарай «кәсіпорын» мен «фирма» ұғымын баламалап қараймыз. Рас, олардың бір - бірінен өзара айырмашылығы бар: «фирма» термині жиынтық ұғым, оған бір немесе бірнеше кәсіпорын мен өндіріс енуі мүмкін. Әдетте, кәсіпорынға бір жақты, бір өнімді өндіретін процесті жатқызамыз. Қазіргі жаңа жағдайда нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорын өзінің өндірістік қызметінде толық өз бетінше еркіндігін алуда: ал барлық халық шаруашылығы кешенінен техникалық, ұйымдық, экономикалық және құқықтық тұрғыдан дараланған.
Кәсіпкерлік қызметінің орны ең алдымен – кәсіпорын. Экономикалық категория ретінде ол өндіргіш күштер өндірістік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі буыны. Құқықтық тұрғыдан немесе заңды құқықтары бар дара шаруашылық субъектісі өзіне бекітіліп берілген мүліктерді пайдалана отырып өнім өндіреді, түрлі жұмыстар атқарады, әр түрлі қызмет көрсетеді.
Кәсіпорын (фирма) қоғамдық өндірістің бастапқы, басты буыны болып саналады. Тікелей кәсіпорындарда өнім шығарылып, жұмыстар атқарылады, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы игі қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субьекті болып табылады.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынас жағдайында әрбір кәсіпорын:
- Нарықтық коньюнктураға сүйене отырып, өз алдына өз жұмысын жоспарлайды және даму перспективаларын белгілейді. Жоспарларының негізін тауар /жұмыс, қызмет/ тұтынушылармен жасалған келісімдері құрайды.
- Өз өнімдерін /жұмыстары, қызметтерін/ және өндірістің қалдықтарын өз бетінше немесе келісім негізінде белгіленген бағалар мен тарифтер бойынша таратады, ал кейбір жағдайда заңнама бойынша бағаны реттеу немесе белгілеуді мемлекет атқарады.
Кәсіпорын – қоғамдық өндірістің негізгі буыны. Кәсіпорындарда тауарлар мен игі қызметтер өндіріледі, тасымалданады және нақтылы тұтынушыларға сатылады. Әрбір өндіруші өз кәсіпорнында жасалған өнімдерді сатуға ғана ұмтылып қоймайды, сонымен бірге таза табыс алуға да тырысады.
Кәсіпкерлік мәртебесі мемлекеттік тіркеу және реестрге кіргізілуі арқылы беріледі. Реестр – фирмалардың атаулары, олардың жұмыс бағыттары, жеке жауапкершіліктері бар серіктестіктер мүшелерінің фамилиялары, фирманың жеке капиталы туралы мәлімет және басқадай деректер жазылған есеп жүргізу кітабы.
Кәсіпорынды басқарушы субьекті мен меншік иесі арасындағы қатынас жақтардың өзара міндеттемелерін, мүлікті пайдалану және қызметтің кейбір түрлерін жүзеге асыру құқығын шектеуді, жақтардың қаржылық өзара қатынастары мен материалдық жауапкершілігінің тәртібі мен жағдайларын, шартты бұзудың негіздері мен жағдайларын белгілейтін шартпен /келісіммен/ реттеледі; кәсіпорын мүлік иесінің басқарушымен шарт жасасқаннан кейін, шартта, кәсіпорын жарғысында және Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген жағдайлардан өзге реттерде, кәсіпорын қызметіне араласуға құқығы жоқ.
Кәсіпорынның банкіде есеп айырысатын өз есепшоты, мөрі болуы мүмкін, сондай - ақ ол әр текті операциялар жасап, мәмлелер жүргізе алады. Бұл жағдайда ол басқа кәсіпорын немесе мемлекет қаражаттары есебінен де немесе өз бетінше де өмір сүре алады. Осыған байланысты кәсіпорын әртүрлі дербестік алады. Бірінші жағдайда біз жедел шаруашылық жүргізудегі дербестік туралы, ал екінші жағдайда кәсіпорынға тұрақты қаржылық жағдай жасайтын оның экономикалық дербестігі, тиімді қызметі туралы айтып тұрмыз.
Экономикалық дербестігінің қалыптасу басы болып кәсіпорынның өз алдына шаруашылықты - оперативті единица немесе заңды тұлға түріндегі бөлінуі саналады.
Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады.
Заңды тұлға болып тіркелу үшін кәсіпорынның төмендегідей белгілері болуы керек:
- Ұйымдық тұтастығы. Бұл, нақтылап айтқанда, құрылтай құжаттарында өзінің ішкі құрылым және басқару тәртібі бекітілген ұйымдасқан ұжым.
- Жекеленген мүлік. Кәсіпорынның негізгі және айналым қаражаттардан тұратын меншік мүліктері болады, ол өз алдына мүлік иеленіп, оны есепке алады, пайдаланады, сатады, жарамсыз деп табады, мүлікке салық төлейді.
- Мүліктік жауапкершілік. Заңда көрсетілгендей кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша жауапкершілікте болады.
- Азаматтық айналымда өз атынан сөйлеу. Кәсіпорын, кәдімгі адам секілді танитындай, басқа кәсіпорындардан айыра алатындай болуы керек. Сол мақсаттар үшін кәсіпорынға ат /атау/ береді, сол атпен ол мүліктік және жеке мүліктік емес құқыққа ие болады және одан айырады, міндет алады, сотта, төрелік сотта және аралық сотта талапкердің және жауапкердің рөлін атқарады.
Кәсіпкерлік қызметінің негізгі факторлары:
- Жер. Бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық
- Жұмыс күші – ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интеллектуальды құрамы.
- Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, тиісті қызмет көрсетіледі.
- Кәсіпкерлік – меншікке негізделген, шаруашылық және басқа да қызмет.
- Капитал – тұтыну заттарының көлеміне қарай шектелген ақша қаражаты.
Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.
Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар , қызыметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс функциясы негізгі болып табылады. Өндірістік кәсіпкерлікке қатысты негізгі қызметтер: өнім өндіруге бағытталған жұмыстар мен қызмет көрсетуді атқару; ақпараттарды өңдеу және жинау; рухани құндылықтарды игеру; тұтынуға жататын басқада өткізілімдер.
Бұлардың негізгі қолдану өрістері:
- өндірістік кәсіпорын және мекемелер;
- коммерциялық сауда мекемелері;
- тауар - қор биржалары;
- банктер мен халықтар.
Коммерциялық кәсіпкерлік – тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді және өнім өндірісімен байланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу жоғары бағаға сату арқылы жасалады. Егер бұл операциялар заң шегінде болса, алыпсатарлық болып есептелмейді. Атқаратын жұмыстары:
- тауарларды көтере сатып алу және сату бағалары бойынша есеп айырысулар:
- жарнама;
- коммерциялық құжаттарды дайындау;
- сатып алу және сату мәселелерін жүргізу.
Коммерциялық кәсіпкерліктің іс өрісі тауар биржалары, сауда мекемелері. Тауар биржаларында тауармен, жабдықтаушылармен сауда жасаумен бірге, келісім шарттар, яғни фьючерлік айырбас келісімдер жасалады.
Тауар биржасының айналымының көп бөлігі нақты тауарлар сату емес, тауарды келісім шарт бойынша сату, болашақта тауарлармен тұтынушыларды жабдықтау туралы шарттар жасаудан тұрады.
Нарықтық экономикада мемлекеттің ролі аса зор. Нарықтық экономиканы реттеу сферасындағы мемлекеттің негізгі міндеті – оның тиімді жұмыс істеуі үшін қолайлы жағдайлар тудыру және дамыту, кәсіпкерлік еркіндігі мен адал бәсекелестік ұйымдастыру болып табылады. Бұл мәселені шешудегі ең алғашқы адым көптүрлі экономикалық процестерді реттейтін заңнама - құқықтық және нормативті база жасау болуы қажет.
Бәрінен бұрын мемлекет экономикалық әрекеттердің ережесін бекітеді және оны экономикалық барша субьектілердің орындауын қамтамасыз етеді.
Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады, сату – сатып алудың объектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады. Оларға қатысушылар:
- коммерциялық банктер;
- қор биржалары;
- кейбір кәсіпорындар мен ұйымдар;
- кәсіпкерлер және жеке тұлғалар.
Коммерциялық банкілер – бұл финанс - кредит мекемелері, негізінен акционерлік типте болады. Олар кәсіпорындарға несие береді, ол үшін пайыз ставкасымен берген несиесін қарайды.
Қор биржалары – бағалы қағаздар нарығы. Ол капиталдың қозғалысын жеделдетеді және активтердің реалды құнын анықтайды.
Делдалдық кәсіпкерлік - бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Бұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.
Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.
Консультативтік кәсіпкерлік - бұл ой нарығының бір бөлігі. Онда мынадай жұмыстар істеледі; финанстық, инвестициялық саясаттарды жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз кеңестер. Нарыққа бағытталу туралы финанстық, шаруашылық талдауды жасауға, басқару мәселелері жөнінде көмектер т.б. көрсетіледі. Консультация /кеңес беру/ әдістері:
- Экспорттық консультация - мұнда маман өз бетімен диагноз қояды, шешімдер жасақтайды және енгізуге ұсыныстар береді;
- Процестік консультация – фирманың маманы клиентпен белсенді түрде қарым - қатынаста болады, оның өз ойын айтуына ынталандырады, клиентпен бірге талдау жасайды, сонан кейін ұсыныстар белгілейді.
- Оқулық консультация - лекция оқу, семинар өткізу, оқу құралдарын жасақтау т.б. Бұл кәсіпкерлік істердің қандай түріне болмасын, істі қалай табысты жүргізуге кеңес береді. Казақстан Республикасында кәсіпкерліктің бұл түрі үлкен өріс алып дамыған жоқ, бірақ оның болашағы зор.
Көріп отырғандай кәсіпкерліктің барлық түрі табыс табуға бағытталған.
А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын меншік ретінде сипаттайды.
Кәсіпкер өз ісіне шын берілген адам және одан қанағат алуы парыз. Ол әлеуметтік мәселелерге белсенді араласып, жағдай жасауы тиіс: денсаулық сақтау, жұмыс орнын жасақтау, еңбек ақы мөлшерін қадағалау т.б.
Кәсіпкерлікті жасақтау және оны дамыту үшін кадрларды оқыту, білім дәрежесін, мамандығын көтеруге көңіл бөлу, кәсіпкерлер даярлауды тұрақты қадағалау.
Кәсіпорын ең алдымен кейбір жеке меншік түрінің басымдылығына қарай – қоғамдық немесе жеке меншік болып екі типке бөлінеді.
Бірінші тип. Мемлекеттік кәсіпорын - мұнда негізгі құралдар мемлекеттің меншігінде болады. Мемлекеттік органдардың қарамағында болатын кәсіпорындарды қазыналық деп атайды. Олардың жиынтығы экономикалық қоғамдық секторы болып саналады.
Мемлекеттік кәсіпкерлік - тұрақты және капитал сыйымдылығы жоғары, себебі: үкіметтің қаржылық және ұйымдастырушылық жағынан қамқорлығында болады.
Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар: біріншісі – шаруашылықты жүргізу құқығына негізделсе, екіншісі – оперативті басқару құқығына негізделген. Мұнда шаруашылық есептің екі түрі қолданылады. Таза мемлекеттік - толық шаруашылық есеп, қазыналық - толық емес шаруашылық есеп. Мемлекеттік және қазыналық кәсіпорындар жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін құрылады.
Екінші тип. Серіктестіктерді, акционерлік қоғамдарды, аралас кәсіпорындарды, кооперативтерді жеке йелену. Олар экономикалық жеке меншік секторын құрайды.
Экономиканың жеке меншік секторындағы кәсіпорындар кәсіпорын йелері біреу немесе бірнеше адам болып келулеріне, кәсіпорын жұмысы үшін жауапкершіліктеріне, кәсіпорынның жалпы капиталына жеке капиталдарды қосу тәсіліне байланысты бөлінеді.
Серіктестік – бұл пайда табу мақсатында екі не одан да көп қатынасушылардың арасындағы кәсіпорын құру келісімі, сонымен қатар қатысушы ретінде тек жекелеген тұлғалар ғана емес, ұйымдар да бола алады. Серіктестік – жауапкершілігі шектеулі, сондай - ақ жауапкершілігі шектелмеген болып құрылуы мүмкін.
Жауапкершілік шектеулі және шектеусіз болып келеді.
Шектеулі жауапкершілік – кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзі қосқан қаражат мөлшерінде ғана жауапкершілік көтереді дегенді білдіреді.
Жауапкершіліктері шектеулі серіктестіктерде, (оларды генералды серіктестіктер деп те атайды), немесе бірнеше генералды серіктестіктер (ГС) кәсіпорынның міндеттемелері бойынша шектелмеген жауапкершіліктеріне ие болады және кәсіпорынды басқаруды жүзеге асырады. Қалған шектеулі серіктестердің (ШС) жауапкершіліктері салған капитал мөлшерімен шектеледі және олар кәсіпорынды басқаруға қатыспайды. Кейде серіктестіктің қатысушыларының құрамында жұмыстан тыс уақытта кәсіпорын жұмысына кеңес беруші ретінде қатысатын заңды емес мүшелер де болуы мүмкін. Әдетте олардың есімдері қоғам алдында кең жарияланбайды. Дегенмен де, арнайы құжаттарда бұл мүшелердің жауапкершіліктері мен олардың алатын пайда мөлшері көрсетіледі.
Бизнесті ұйымдастырудың бұл түрі толық және коммандиттік серіктестік пен акционерлік қоғам арасындағы орынға ие. Артықшылықтары ретінде капитал тарту мүмкіндігін, қатысушылардың жауапкершіліктері шектеулі болуының есебінен тәуекелді азайту мүмкіндіктерін, жұрт алдында есеп беру талабының және жарғылық қорға салымды көп кешіктіріп салу құқығының жоқтығын, ал серітестіктің тіркелуі кезінде тиісті соманың тек 25% ғана жеткілікті болатындығын айтуға болады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік – алдын - ала белгіленген пайшылар үлестерінің негізінде құрылған бірлестік. Оның мүшелерінің /жеке және заңды йегерлері/ қоғамның міндеттемелерін орындауда жауапкершіліктері жоқ, олар тек өз үлестерінің мөлшерінде ғана тәуекелділік жасай алады.
Шетелдік фирмаларда /қазір біздің елімізде жиі кездесетін/ «Лимитед» /қысқаша Ltd/ «шектеулі серіктестік» деген ұғымды білдіреді. Көпшілік жағдайда жауапкершілігі шектеулі қоғамда кампаньондар арасында өзара берік байланыс қалыптасады. Бұл отбасылық кәсіпорындар ұйымдастыруға өте қолайлы. Егер қоғамдастықтың бар мүлкі бір адамның билігінде болса, онда «бір адамның қоғамы» болғаны.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестікті ұйымдастыру үшін құрылтай келісім шарты жасалады, онда:
- кәсіпорынның аты;
- мекен - жайы;
- негізгі қызмет бағыттары;
- қызмет түрлері;
- капитал мөлшері;
- қоғам мүшелерінің үлестері көрсетіледі.
Айта кететін бір жайт – серіктестіктерді ұйымдастырушылардың ақша қаражаттарынан басқа құнды материалдық заттар түрінде заттық үлестері, мәселен, автокөлік, жылжымайтын мүліктер болуы да мүмкін.
Қоғамдастық мүшелерінің құқығы жылына бір немесе екі рет өткізілетін жалпы жиналысында анықталады да, ал одан әрі ол тереңдетіліп, дамып отырады.
Жалпы жиналыстың маңызды шешімдер қабылдауға құқығы бар, атап айтқанда:
- жылдық балансты бекітеді;
- кірісті белгілі бір мақсатты көздеп, орынды пайдаланады;
- шығындарды неғұрлым аз жұмсау жолдарын айқындайды;
- қоғамның төрағасын сайлауды немесе қайта сайлауды көздейді, оған әр түрлі мәселелер бойынша міндеттер жүктейді.
Қоғамдық жұмысын бақылауды бақылау комиссиясы, экономикасы дамыған елдерде бақылау кеңесі іске асырады, оның мүшелерін жалпы жиналыста тағайындайды.
Шектеусіз жауапкершілік - кәсіпорынға өз қаражатын қосқан адам кәсіпорынның міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүліктерімен ортақ жауапкершілікте болады дегенді білдіреді.
Айталық, екі адам ортақ кәсіпорынға 100 млн. теңгеден салды делік. Сонда кәсіпорынның жалпы капиталы 200 млн. теңге құрайды. Егер кәсіпорын несие берушілер алдындағы 300 млн. теңге көлеміндегі міндеттемелері бойынша банкрот болса, онда жауапкершілігі шектеулі әрбір қос йегерлер қарыз міндеттемелерін 100 млн. теңгеден, яғни өздері қосқан мөлшерде ғана жабады. Ал шектеусіз жауапкершілік жағдайында екі ортақтас 300 млн. теңгелерімен қоштасып қала береді. Егер біреуі 100 млн. теңге ғана төлей алса, онда соры қайнаған кәсіпорынның екінші иегеріне 200 млн. теңге төлеуге тура келеді.
Жауапкершілігі шектелмеген серіктестіктің жеке кәсіпкерліктен негізгі айырмашылығы – бірден көп қатысушының болуы. Бұл серіктестіктердің арасында келісім-шартқа отыру қажеттілігін білдіреді, ол жерде мыналар көрсетіледі: серіктестіктің атауы, негізгі қызмет түрі, серіктестіктің жұмыс істеуінің өміршеңдігі, әрбір серіктестіктің құқықтары мен міндеттері, пайданы бөлістіру тәртібі, серіктестіктің ескі мүшелерін шығарып, жаңаларын қабылдау жолдары. Барлық қалған жағдайларда жауапкершілігі шектелмеген серіктестік жеке кәсіпкерлікпен бірдей дерлік. Демек барлық серіктестердің кәсіпорынның берешектері мен міндеттемелері үшін жауыпкершіліктері бірдей, ал пайда мен шығындар жеке - жеке әрбір серіктестің салық салынатын кірістерінің құрамына қосылады. Бұдан басқа серіктестер серіктестіктің кез келген қатысушысының берешектері мен міндеттемелеріне жауап береді және кейде несие берушілер өз шығындарын серіктестіктің барлық қатысушыларынан алатын жағдайлар да болады.
Келісім - шарт дайындау қажеттілігі мен осы мақсатта кеңес беруші заңгерлер тартуды есептемегенде серіктестік құру да айтарлықтай оңай. Серіктестікте сабақтастық деген нәрсе жоқ, яғни бір серіктестің кетуімен немесе өлуімен серіктестік өз жұмысын тоқтатады. Әрбір серіктес басқаларының келісім берулерімен өз меншігінің бір бөлігін үшінші біреуге беруге құқығы бар. Бұған қоса серіктестің басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан өз атына несие алу құқығы бар.
Дербес /отбасылық/ жекеменшік кәсіпорын азаматтардың өз меншіктеріне негізделген. Оның иесі болып табыстың бәрін алатын және шаруашылық қызметтің нәтижелеріне орай барша тәуекелді көтеретін бір отбасы /бір тұлға/ саналады.
Артықшылығы: таза табысты бөлісу жөнінен ың - шың жоқ, салық салу жүйесі оңай, жеңілдіктер болуы мүмкін.
Кемшілігі: бастау капиталының мөлшері болымсыз, банктен несие алу, ауқымды істі бастау қиын.
Толық серіктестік мүшелердің үлестік /пай/ меншіктігіне негізделген. Серіктестіктің барлық мүшелері шаруашылық қызметтің нәтижесі бойынша өздерінің жеке мүліктеріменен толық жауапкершілікті көтереді. Қаржылы жылдың қорытындысы бойынша серіктестік тапқан таза табыс қатысушылар арасында олардың жарғылық капиталға қосқан үлесіне сәйкес бөлінеді.
Толық серіктестік төмендегі негізгі екі белгісімен ерекшеленеді:
- Кәсіпкерлік қызмет және оған қатысушы серіктестіктің қызметтері олардың өз қызметтері болып саналады, ал оның міндеттері бойынша кез - келген қатысушы өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
- Серіктестік жеке сенімді қатынастарға негізделеді: егер бір қатысушы серіктестіктің атынан мәміле жасаса, мүліктік жауапкершілік басқа қатысушыға жүктеледі. Сондықтан толық серіктестік отбасылық кәсіпкерлік ретінде дамып келеді. Егер толық серіктестікке оны ұйымдастырушылардың бәрі жеке Адам ретінде кіретін болса, белгілі бір жауапкершілікті жағдайға кезіккенде /мәселен банкротқа ұшырағанда/, өмірге қажетті күнделікті заттарды қоспағанда, басқа да жеке мүліктерін, атап айтқанда: көлік, саяжай, жиһаз, қылқалам туындысы, зергерлік бұйымдар, басқа да құнды мүліктерді есепке алады.
Әдетте толық серіктестікті заңды тұлғалар, ірі кәсіпорындар құрайды.
Артықшылығы: айтарлықтай қаражатты салыстырмалы қысқа мерзім ішінде жинақтауға болады; қаражат салу бағытында жұмыла кірісіп кете алады, экономиканың әртүрлі салаларына қаражат салуда әртүрлілікті қолдана алады.
Кемшілігі: таза табысты бөлу кезінде серіктестікке қатысушылар арасында қиындық туады; салық салуда жеңілдік жоқ.
Коммандитті серіктестік - үлестік меншікке негізделген. Коммандитті серіктестік өзінің салымы мөлшерінде жауакершілік көтеретін, салымшы мүшелерді /коммандистер/ және міндеттеме бойынша толық ортақ жауап беретін толық жолдастарды /өзінің мүлкімен жауап беретін жауапты серіктестіктерді/ қамтиды.
Салық тұрғысынан қарағанда Коммандитті серіктестік – жауапкершілігі шектеулі қоғам. Мұндай құрылым жауапкершілігі шектеулі коммандитті серіктестік деп аталады. Оның артықшылығы – салық төлеу тұрғысынан қарағанда, ол - серіктестік, ал азаматтық құқық тұрғысынан алсақ, жауапкершілігі шектеулі қоғамдастық. Әдетте олардың капиталы да көп болмайды.
Біздің елімізде коммандиттік серіктестіктің аралас түрі әлі дами қойған жоқ. Алайда белгілі бір жағдайда оған деген қажеттіліктің тууы мүмкін. Мысалы, әлеуметтік - экономикалық маңызы бар бағдарламаны жекелеген азаматтар береді, ал оған сенім білдіріп, мақұлдайтын кәсіпорындар да кездеседі. Бірақ оны жүзеге асыруға қажетті қаражат екеуінде де болмауы мүмкін. Осыған орай, серіктестіктің аралас түрі құрылады, жеке тұлға оған шектеулі жауапкершілікпен алынса, ал кәсіпорын толық мүшелік құқымен кіреді. Міне бұл жағдайда:
- біріншіден, кәсіпорындар банк несиесінің кепілі бола алады;
- екіншіден, кәсіпорынның бақылауымен оған жеке адам билік етеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне сәйкес /77-84 баптары/, сонымен қатар қосымша жауапкершілікті серіктестіктер құруға болады .
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік – қатысушыларының жарғылық қорға салған салымдарымен шектелетін жауапкершіліктері бар, ал ол сомалар жеткіліксіз болған жағдайда салған салымдарына тең келетін өз иелігіндегі мал - мүлкімен қосымша жауапты болатын шаруашылық серіктестік. Бұл жауапкершіліктің көлемі қатысушылардың өздерімен өз бетінше жасалады да жарғылық құжаттарда белгіленеді, бірақ ол олардың жарғылық қорға салған салымдарының екі есесінен аз болмауға тиіс.
Ашық акционерлік қоғам – бұл акция шығарып және оны сату арқылы көптеген қатысушылардың қаражаттарын біріктіру жолымен ақшалай қаржысы құралған кәсіпорын. Акцияның иесі болып – мемлекет, кәсіпорын, ұйым секілді заңды тұлғалармен бірге жеке азаматтар да бола алады.
Кәсіпорынның міндеттемелері мен шығыны жөнінен акционерлердің /кәсіпорынның қос иегері/ қаржылық - экономикалық жауапкершілігі олардың қоғам капиталына салған ақша мөлшерімен шектелінеді.
Акционерлік қоғамның бағыты мен қызметінің өзгешелігі әртүрлі болуы мүмкін, жалпы мақсаты – таза пайдаға кенелу болып табылады.
Ашық акционерлік қоғам – қатысушылары осы қоғамның басқа мүшелерінің келісімінсіз өз акцияларын басқа тұлғаларға бере алатын және сата алатын қоғам. Ол ашық түрде шығарылатын акцияларына жазылу өткізуге және оларды еркін түрде сатуға құқылы. Ашық акционерлік қоғам мынадай өте маңызды сипаттамаларға ие: қатысушылардың санына шектеудің қойылмауы, қоғам құрамының өзгеруіне байланысты қоғамның қайта тіркелу қажеттілігінің болмауы және міндетті түрде жұрт алдында есеп беруі.
Кәсіпорынның тиімділік дәрежесі бағаланып, бизнесті ұйымдастыру түрі таңдалғаннан кейін, кәсіпорынның алдында тұратын айтарлықтай маңызды үшінші мәселе – бұл фирманың тікелей құрылуы мен тіркелуі.
Жабық акционерлік қоғам – акцияларды тек оның құрылтайшылары арасында немесе алдын - ала белгіленген адамдар арасында ғана бөледі.
Жарғылық қоры акциялардың номиналды құнына тең келетін акциялардың белгілі санына бөлінген және тек құрылтайшылар арасында немесе алдын ала анықталған тұлғалар шеңберінде бөлістірілетін шаруашылық серіктестіктер жабық акционерлік қоғам деп аталады. Ол шығарылатын акцияларды ашық түрде сата алмайды немесе былайша айтқанда, шектеусіз тұлғалардың сатып алулары үшін ұсыныс жасау құқығы жоқ.
Кәсіпорындардың басқа да формалары бар. Мысалы, кіші бизнестің құрамына кіретін – франчайзинг (жеңілдікті) және венчурлық /тәуекелшіл/ кәсіпкерлік жүйелері бар.
Франчайзинг - ірі фирманың фабрикалық маркасын пайдалануға құқық алу үшін және белгілі бір сферада, белгілі бір территорияда өз қызметін жасауға рұқсат алу үшін келісім шарт жасайтын ұсақ жеке фирмалар жүйесі. Олардың бағаны төмендету, тауарды жеткізуге, құрал-жабдықты сатып алуға, кредит алуға көмек түрлерінде жеңілдіктері бар.
Ұсақ фирмалар ірі компаниялар өнімдерінің бөлшек сатыушылары болып қалыптасады. Бұндай келісімдер екі жаққа да пайдалы: ұсақ фирмалар ірі корпорациялардан сауда запасын, кредит алады және олардың қамқорлығына енеді, ал корпорациялар өз өнімдерін өткізуге шығын жұмсамайды, сондай-ақ өз қамқорлығындардан ұдайы төлем алып отырады.
Венчурлық фирма - ғылыми зерттеулерді жасаумен шұғылданатын коммерциялық ұйымдар. Венчурлық кәсіпорындар жаңалықтармен бизнес жасайды. Ол экономиканың ғылымды көп қажет ететін салаларында ғылыми зерттеу, инженерлік талдау, маңызды жаңалық жасау және оны өндіріске ендіру жөнінен мамандырылған шағын кәсіпорын. Венчурлық кәсіпкерліктің отаны АҚШ болып табылады және ол екінші дүниежүзілік соғыстан соң кең дамыды. Бүгінгі күні венчурлық фирмалар Қазақстанда да құрылып қызмет ете бастады.
Кәсіпорындар қызметтерінің негізгі мақсаттарына қарай :
- коммерциялық;
- коммерциялық емес болып бөлінеді.
Коммерциялық фирмалар Шаруашылық серіктестіктер, Өндіріс кооперативтер, мемлекеттік және жергілікті унитарлық кәсіпорындар формасында құрыла алады. Шарушылық серіктестіктер өз кезегінде толық серіктестік, сенім серіктестік (командиттік), жауапкершілігі шектелген серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, акционерлік қоғам (ашық және жабық), еншілес және тәуелді қоғамдар түрінде қызмет етеді.
Коммерциялық емес фирмалар тұтыну кооперативі, қоғамдық немесе діни ұйым, қайырылымдылық қор фирмаларында құрылады.
Коммерциялық емес кәсіпорындардың коммерциялық кәсіпорыннан айырмашылығы – пайдалары негізгі емес нысандардан алынады және ол пайдалар коммерцияға қатысушылар арасында бөлінеді.
Бюджеттік кәсіпорындар. Бұл топқа заңды, шаруашылық дербестігі жоқ ұйымдар кіреді. Олар мемлекеттік - әкімшілік жүйе шеңберінде тікелей немесе құрылымдық тұрғыда министрліктерге, ведомстволарға немесе жергілікті басқару органдарына бағынады. Бұлардың кірісі мен шығысы мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі, пайдадан салық төлеуге де тиісті емес. Олар сыртқы қаржы көздерін пайдаланбайды. Кәсіпорындар басшыларын мемлекеттік басшы органдар тағайындайды, мұндағы жұмыс істейтіндерді мемлекеттік қызметкерлер деп атайды.
Мемлекеттік корпорациялар – кәсіптік немесе ортақ мүдделер принципінде біріккен қоғам, адамдар тобы: капиталистер кеңінен қолданатын акционерлік қоғам нысаны, қазіргі жағдайда мұндай корпорацялар монополиялық бірлестіктердің негізгі түрі.
Ассоцациялар – шаруашылық есеп, өзін - өзі қаржыландыру және өзін - өзі басқару негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың, мекемелердің біріңғай экономикалық, әлеуметтік, мәдени мүдделер негізінде ерікті түрде заңды ұйым ретінде бірігуі.
Ассоцияцияға кіретін кәсіпорындар шаруашылық дербестігін, заңды тұлға құқығын сақтайды, иеншік нысанын өзгертпейді, өз қызметін кәсіпорындар (бірлестіктер) туралы заңының ережелеріне сәйкес жүргізеді. Ассоцияция құрамына мемлекетік, жалгерлік, бірлескен, акционерлік қоғам, сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың кәсіпорындары өз құрылтайшыларымен келіспеспей - ақ кіре берулеріне құқылы. Ассоциациялар өндірістік шаруашылық және сыртқы экономикалық қызметін ел аумағында, тіпті шетелдерде де халық шаруашылығының кез -келген салаларында жүзеге асыруларына болады. Түрлі өндірістік, шаруашылық, басқару жұмыстарын бір орталықтан жүзеге асыру мақсатында бұл міндеттер ассоцияцияға қатысушының біреуіне немесе бірнешеуіне жүктеледі. Ассоцияцияға қатысушылар бірлескен қызметтен түскен пайдадан (кіріскен) өз үлестерін алуға құқылы.
Ассоцияциялардың негізгі түрлері мыналар:
- концерн:
- салааралық:
- мемлекеттік бірлестік:
- шаруашылық ассоцияциясы:
- консорциум:
- Концерн – қатысу жүйесі, мүдде ортақтығы туралы шарттар, қатысу үлесі, патенттік - лицензиялық келісімдер, қаржыландыруға, өндірістік ынтымақтастық негізінде өзара тығыз байланысқан дербес кәсіпорындар бірлестігі. Біріккен кәсіпорындарда акционерлік қоғам немесе басқадай сауда серіктестіктері түрінде заңды ұйымдар құқығы сақталады.
- Консорциум – капиталистік монополиялар нысандарының бірі, қарыздарды бірлестіре орналастыру, үлкен көлемде қаржы немесе күрделі коммерциялық поерациялар жүргізу, іріленген өнеркәсіп құрылысын жүзеге асыру, белгілі бір өнім түрін өндіруді мейлінше ұлғайту мақсатында бірнеше банк немесе өнеркәсіп субьектілері арасында жасалып, қабылданатын уақытша келісім.
Холдинг – басқа компанияларға бақылау жасау мақсатында өзінің капиталын олардың акцияларының бақылау пакеттерін сатып алу үшін пайдаланатын акционерлік компания.
Картель – біртектес өнім өндіретін тәуелсіз өнеркәсіп орындарын белгілі бір нарыққа үстемдік орнату мақсатында ұйымдастырған бірлестік, ассоцияция. Картельге мүше болу ерікті.
Мына белгілер бойынша жіктеледі:
- сату шарттарын қадағалау жөніндегі ассоцияция;
- баға белгілеу жөніндегі ассоцияция;
- өз мүшелері арасында өндірістік қызметті, өнімдерді сату мақсатында құрылған ассоцияция;
- бизнестің белгілі бір саласында нақты үлесті айқындауды көздейтін ассоцияция.
Синдикат - өндірушілердің өнімді біртұтас сауда кеңсесі арқылы бірігіп сату жолымен бәсекені болдырмау және монополиялық пайда алу мақсатымен монополиялық бірігу нысаны. Синдикатқа қатысушылар коммерциялық дербестігін сақтамаса да, өндірістік дербестігін жоғалтпайды.
Трест – кәсіпкерлер бірлестігі, ол өзіне кіретін кәсіпорындардың өндірістік коммерциалық және заңдық дербестігін жойып, бірыңғай басқару жүйесіне бағынуымен ерекшкленеді.
Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен, «Шаруашылық қызметінің еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы», «Жеке кәсіпкерлік қорғау мен қолдау туралы» республика заңдарында кәсіпорын кезкелген меншік түрінде және оның өзі құрған бірлестіктерде болу мүмкіндігі айқындалған.
1.2.Нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның қызметі мен мінез құлқы.
Нарықтық орта жағдайында және кәсіпорынның толық экономикалық құқықтық өзінше еркіндік алуы, оған көптеген қосымша міндеттер жүктейді. Сөйтіп кәсіпорынның айналысатын қызметі шеңбері кәдімгідей ұлғаяды. Мемлекеттік экономика жағдайында негізгі буынның іс - әрекеті тек қана өндірістік қызметпен тұйықталды. Кәсіпорын өзінің экономикалық және әлеуметтік қызметін жалпы мемлекеттік шаруашылық механизімі арқылы жүзеге асырады. Аралас әрі әлеуметтік - бағытталғаң нарықтық экономика жағдайында мемлекет кәсіпорынға иелік құқыұ бере отырып, оның өз мүлкін, өндірген өнімін және тапқан табыстарын пайдалану мен жаратуды, кәсіпорын шығындары арқылы әлеуметтік шаралардың бір бөлігін жүктейді.
Сондықтанда барлық кәсіпорындар меншік түріне байланыссыз-ақ экономикалық қызметті ғана емес, әлеуметтік қызметті де атқаруға міндетті. Ендеше экономикалық қызметтің құрылымын қарастырамыз:
- өндірістік қызмет, бұл қоғамдық тұтынуды қанағаттандыру үшін қажетті тауар мен қызмет көрсету өндірісімен байланысты;
- алынған табысты бөлу мен қолдану қызметі, мұнда өндіріс іс-әрекетінен алынған табыс өндірісті ұлғайтуға және ұжымды әлеуметтік дамытуға жұмсалады;
- жаңа жағдайда кәсіпорын өндірілген өнімді өткеру қызметімен айналысуға мәжбүр, мұнда ол нарықтық коньюктурамен, бәсекелестік орта жағдайымен, сұраным төлем қабілеттілігімен және нарықтық ортаның басқада факторларымен есептесуі керек;
- жаңа жағдайда кәсіпорын иығына мемлекеттік экономикадағы кәсіпорында кездеспеген – кәсіпкерлік қызмет жүктеледі. Осы қызмет бұрындары және қазіргі кезде де дәстүрлі түрде шағын бизнеспен байланыстырылады. Қазіргі нарықтық жағдай кәсіпкерлік жайлы ескі көзқарасты барынша жоюда.
Экономикалық әдебиеттерде бизнес саласындағы кәсіпкер жетістігін, олардың бизнес жүргізу мүмкіндігін ашу қабілеттігі және оны қолдану шеберлігімен байланыстырылады. Жалпы кәсіпорын кәсіпкер ретінде мынаны шешу қажет:
- нарықтық тұтыныстардың құрылымын дұрыс бағалау керек және олардың ішінен қанағаттандырылатындардың қайсысы көп эффект беретіндігін анықтау;
- өзінің меншікті табысын қалай максимализацияласа, сатып алушылардың пайдалылығын да солай арттыру керек. Ол үшін оған ынталандыру қажет.
Сондай - ақ осыдан туындайтын нарықтық экономиканың жаңа жағдайында кәсіпорынға басқа бірнеше қызметтерді жүзеге асыруға тура келеді;
- нарықтық ортаның жағдайында кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін қолдау;
- менеджемент жүйесін қолдана отырып, ішкі ортаны басқару қызметі;
- қазіргі маркетинг жүйені қолданып, сыртқы нарықтық ортаны басқару қызметі.
Осы аталған үш қызметті кәсіпорынның атқаруы оған өзінің нарықтық ортадағы мінез – құлқұының сипатын анықтауға көмектеседі.
Нарықтық экономикада кәсіпорынның қызмет жасауы үнемі айқынсыздықпен және тәуекелмен байланысты. Сондықтанда кәсіпорын жайлы мінез - құлық теорияларынан ерекше мәнге ие теориялар - ол нарықтық тәуекел жағдайындағы кәсіпорынның мінез - құлқын қарастыратындары болып табылады.
Кәсіпкерлік қызметте тәуекелсіз нәтижеге жету мүмкін емес. Егер басшы тәуекелге бой ұрмаса, онда ол түбінде банкрот болады. Менеджемент, егер кәсіпкер тәуекелдік шешімнен қашқақтайтын болса, онда оны ұйым үшін қауіпті әрі тоқырауға алып барады деп есептеген.
Тәуекелдің әр түрлі анықтамалары бар. Бір жағдайда ол келешекпен салыстырғанда анықталмағандық ретінде түсіндірілсе, екіншісінде - оның дефинициялануы мүмкін болатын салдарды қосып алады, үшіншіде - өзінше тәуекелді жүзеге асырушы жаңалық ретінде түсіндіріледі. Өте дәлелденген және ыңғайлы деп мына анықтаманы айтуға болады: тәуекелдік – қоғамдық пайдалы нәтижеге мақсаттылықпен жету үшін құқылы қауіптілікті жасау, себебі кәдімгі және тәуекелсіздік құралдарымен қол жеткізу мүмкін емес.
Тәуеклді әртүрлі белгісіне қарай классификациялауға болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, пайыздық, несиелік.
Өндірістік тәуекел кез - келген өндірістік қызмет түрін жүзеге асырумен байланысты түсіндіріледі. Өндірістік тәуекелдің басты себептері – межеленген өндіріс және өткеру көлемін мүмкіндігінше төмендету, материалдық яғни басқа да шығындардың өсуі, көтеріңкі төлем мен салықтарды және т.б. төлеу.
Коммерциялық тәуекел - кәсіпкерлерге бекітілген тауар мен қызмет көрсету процесін өткергенде туындайды. Қазіргі уақытта коммерциялық тәуекелдің кең тараған түріне, тауардың сатып алу көлемінің ойламаған жерден төмендеуін, айналым процесіндегі тауардың жоғалуын, айналымдағы шығынның көтерілуін, өткерілу көлемінің төмендеуін және т.б. жатқызуға болады.
Кәсіпкерліктегі қаржылық тәуекел заем қорларының барлық кәсіпорындағы қаржы қорларына қатынасымен байланысты болады.
Пайыздық тәуекел – пайыз нормасының өсуіне қарай, бағалы қағаздарға бағаның төмендеу мүмкінділігімен байланыстырылады.
Несие тәуекелінің пайда болуы заемщиктің қарызды төлемендігімен түсіндіріледі.
1.3. Шаруашылық және коммерциялық есептер. Кәсіпорын табыстары және оларды бөлу.
Нарықтық экономиканың аралас әлеуметтік – бағытталған екі секторлық ортасы - өзіне мемлекеттік әрі мемлекеттік емес кәсіпорындарды ендіріп, кәсіпорынның (фирма) шаруашылық қызметінің екі түрін қолға алады: шаруашылық және коммерциялық есеп.
Шаруашылық есептің принциптері.
Біріншіден, шаруашылық есептің бөлінбейтін бөлшегіне шаруашылықтың өз бетінше жұмыс жасауы жатады. Қазақстан Республикасы Президенттің Мемлекеттік кәсіпорын жайлы Жарлығына сай, мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылығын өз бетінше жүргізуге құқық берілген.
Екіншіден, кәсіпорын өзін - өзі сақтау принципін жүзеге асырады.
Үшіншіден, қазіргі кезде мемлекет меншігіндегі кәсіпорын өзін -өзі қаржыландыру принципін жүзеге асыруы қажет. Бұл мемлекеттік кәсіпорын ұжымының басты міндеті болып саналады. Нарықтық жағдай ресурстардың төлемділігін байқатады. Ендігі жерде ұжым өзі тұтынатын нәрсенің барлығына да төлеу қажет. Тек материал, энергия және ірі жабдықтарға ғана емес, енді кәсіпорын бұрындары тегін немесе азғана төлем төлеген нәрсеге де: жұмыс күшіне, жер, су, пайдалы қазбалар және басқа да табиғи ресурстарға төлейтін болды.
Төртіншіден, өндірістегі оңды нәтижелер үшін мемлекеттік марапаттауды күтпей - ақ (бұрын мұны мемлекет атқарған) өзін - өзі марапаттау принципіне көшуде. Бұл толық шаруашылық есептің коммерциялық жақындасуына алып келеді.
Жедел басқару құқығы арқасында құрылатын қазыналық кәсіпорындар (мемлекеттіктің бір түрі) толық емес шаруашылық есепте болады, сөйтіп тек өзі өндірген өнімді ғана өз бетінше өндіруіне рұқсат етіледі, қалғанын мемлекет анықтайды.
Қазақстан экономикасының әкімшілдік - әміршілдік модельден нарықтық қатынасқа көшуіне шаруашылық есеп сауалын қарастыруға жаңаша көзқарасты талап етті. Мұндай көзқарасты қысқаша ғана былай тұжырымдауға болады: әртүрлі меншіктегі кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі шаруашылық есептің коммерциялық есепке ауысуын талап етеді. Егер шаруашылық есептегі кәсіпорынның алдында негізінен өндірістік - өткізу міндеті тұрса, коммерциялық есеп жағдайында кәсіпорын алдындағы міндет – тек өндірістік өткізу ғана емес, сонымен қатар қаржылық сатып - алу және маркетинктік қызмет көрсету болып табылады.
Коммерциялыық есеп жағдайында кәсіпорын қызметінің құрылымы түбегейлі түрде өзгереді, себебі тұтынушымен қатаң тапсырыс байланысының үзілуінен өзінің тауар өткізу кепілдігі болмайды және олардың басқа өндірушілер тауарына бағыт бұруы мүмкін. Демек кәсіпорын өзінің қызметін жаңа факторды ескере отырып жоспарлауы қажет, ол бүгінгі талаппен айтар болсақ – нарықтық тәуекел болып табылады. Коммерциялық есеп кәсіпорын қызметінің жоспарлау мағынасын жаңалай түседі. Бұл процесс коммерциялық есеп жағдайында бір ғана өндірістік бағытты қамтып алмай, сондай – ақ оның негізінен төрт аспектісін: өткізу, қаржы, өндіріс және сатып алуды да қамтиды.
Батыстың экономикалық теория мектептерінде кәсіпорын табыстарын талдағанда мынандай экономикалық категориялар қолданылады:
- жалпы ( жиынтық) табыс, өзінің өнімін өткеруден алынған;
- орташа табыс, өткерілген өнім бірлігіне есептелінген;
- шектелген табыс, қосымша өнімді сату арқылы жалпы табыстың ұлғаюы.
Қазақстан Республикасында аралас әлеуметтік - бағытталған нарықтық экономика жағдайында бұрынғы мемлекеттік экономикада қолданылған экономикалық категориялар сақталады: өндіріс шығындары, өзіндік құн, жалпы және таза табыс, пайда, рентабельдік деңгейі. Осы экономикалық категориялар мемлекеттік кәсіпорын секторында ғана емес, әр түрлі мемлекеттік емес кәсіпорын секторында да қолданылады.
Ұжымдық пен жеке кәсіпорындағы пайда меншіктерге жатады және оның жарғысына сай бөлінеді. Өзінің меншікті шығынын есептеп алмай, кез келген меншік түріндегі кәсіпорынға өзінің табысын анықтау мүмкін емес. Оған шикізат пен материал шығындары жанар май, электроэнергия, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы, еңбек ақы және әлеуметтік қажеттілік шығындары жатады.
Кәсіпорын шығындары өнімнің өзіндік құны түрінде болып келеді. Өзіндік құн – бұл өнімді дайындаудағы ақшалай шығынның жұмсалуы.
Өз өнімінің құны мен шығындар (өзіндік құн) арасындағы айырма кәсіпорынның таза табысын құрайды. Әдетте кәсіпорынның таза табысы ретінде пайда жүзеге тасып отырады. Таза табыс кәсіпорынның алған (тапқан) табысының бір бөлігі ғана емес, кәсіпорынның барлық табысы жалпы табыс деп аталады. Кәсіпорынның жалпы табысы өнімді өткеруден түскен ақшадан материялдық шығынды алып тастағанға тең. Жалпы табыстан әлеуметтілік қажеттілікке: зейнеткерлік қор, әлеуметтік және медициналық сақтандыру қоры, тұрғындардың жұмыстылық қорына керекті нәрселерге жіберіліп отырады.
Жіберілу мөлшері бекітілген заңдылықтар нормасымен негізгі және қосымша жалақы сомасынан жүзеге асады.
Енді мемлекеттік шаруашылық есептегі кәсіпорын - мысалында пайданың бөлінуін қарастырамыз. Пайданы бөлудің екі варианты бар. Бірінші вариант - толық шаруашылық есептің бірінші моделі бойынша, келесісі - шаруашылық есептің екінші моделі бойынша. Олардың бір -бірінен айырмашылығы мынада: шаруашылық есептің бірінші моделінде – шаруашылық есеп табысы ретінде қалыптасады, сөйтіп ол өзіне жалақы қоры мен экономикалық ынталандыру қорын өндіреді. Осы аталған соңғы қор мына құрамнан тұрады: өндірісті дамыту қоры, әлеуметтік- мәдени шаралар қоры және материалдық сиақты қоры.
Шаруашылық есептің екінші моделі біркелкі ақы төлеу қоры ретінде қалыптасады. Ол өзіне ақы төлеу қоры мен материалдық сыйақы қорын қосып алады.
Коммерциялық шаруашылық есепке көшкен мемлекеттік емес кәсіпорындарда табысты бөлу модельсіз негізде жүргізіледі. Коммерциялық есептеу негізінде жұмыс атқаратын барлық жеке, ұжымдық, акционерлік, шетелдік, аралас кәсіпорындар табысты бөлу процесіне мемлекеттің араласуына жол бермейді. Бұған дейін олар бюджетке төлем беріп, несиені қайтарып қояды. Олар еңбек ақы, жұмыскерлерді сыйақымен марапаттауға, дивидендтті төлеуге және өндірісті дамытуға табыстың бір бөлігін бағыттауды өз бетінше анықтай алады.
Мысалы, коммерциялық есептеу жағдайында тарифтік ставка мен тарифтік коефициентті, сондай - ақ лауазымдық айлықты бекіту кәсіпорынның өз шешімімен қабылданады. Мемлекеттік тарифтік жүйе кәсіпорын үшін жұмысты тарификацияалау процесінде тек бағыт беруші болуы мүмкін, ал кейбір жағдайларда - әртүрлі квалификациядағы жұмыскерлердің минималды жалақысын анықтайды.
Кәсіпорынның (фирма) рантабельдігі - бұл жұмыстың тиімділігі. Өндіріс рентабельдігі мен өнім рентабельдігін ажырата білу керек Өндіріс рентабельдігі кәсіпорынның өндіріс құрал – жабдығын тиімді қолдануын көрсетеді.
Өнім рентабельдігі пайда мөлшерінің өткерілген өнім өзіндік құнының мың теңгеге шаққандағысын көрсетеді.
II тарау. Қазақстан Республикасындағы шағын бизнестің дамуы.
2.1 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық ролі.
Дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі және нарықтық реформа жолына енді түскен біздің Республикадағы шағын кәсіпкерліктің ұйымдық нысандарының дамуын талдай отырып, біздегі бизнестің ұйымдық нысандарының шетелдегілерге жақындау тенденциясын байқауға болады. Сонымен бірге айтарлықтай айырмашылықтар бар, бұл заңды түрде біздің экономикамыздың дамуындағы өтпелі кезеңмен түсіндіріледі.
Бұл бөлімде шетелдік тәжірибенің жақсысын пайдалану мүмкіндігін анықтап, оны Қазақстандағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдану мақсатында АҚШ пен Қазақстандағы бизнес дамуының ұйымдық нысандарының салыстырмалы талдауын жүргізуге әрекет жасалды. Шетелдік тәжірибеде, атап айтқанда АҚШ-та бизнестің келесі негізгі 4 нысанын айырады: жеке кәсіпкерлік, серіктестік, корпорация және S-корпорация.
Жеке кәсіпкерлік – тіркеу және негізін қалау көзқарасы бойынша шағын бизнесті ұйымдастырудың ең оңай формасы болып табылады. Себебі тіркеу процедурасы сертификатты кәсіпкердің атына толтыру мен тіркеу номерін алудан тұрады, бұл талаптар орындалғаннан кейін бизнес өзінің заңды түрдегі жұмыс істеу құқығын алады. Жеке кәсіпкерліктің тағы бір артықшылығы бизнесті толығымен бақылау мүмкіндігі. Мұндай кәсіпорынды кез - келген уақытта бөліктеп, сондай - ақ бүтіндей сатуға болады. Сонымен бірге фирманың бағаланған құнына негізгі активтерден басқа фирманың имиджі, коммерциялық құпия обьектілері және тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің /инвесторлардың/ қалаулары сияқты сезілмейтін активтер де /Гудвилл/ қосылады.
Кәсіпкердің өз қызметінің нәтижесіне деген шексіз жауапкершілігінің болуы жеке кәсіпкерлікте ең маңызды шарт болып табылады. Бұл тек кәсіпорынның тікелей қаржылық нәтижелеріне ғана емес, сондай - ақ өндірілетін өнім сапасына деген жауапкершілікті білдіреді. Жеке кәсіпкер кәсіпорынның берешектері үшін жеке активтерін қоса өзінің барлық мүлігімен жауап береді. Бұл фактордың қаншалықты сынды болуы бизнестің түріне және несие берушілер тарапынан жасалған қарсылықтардан өз меншігін қорғау мақстаындағы бизнесті тиімді сақтандыра алу мүмкіндігіне тәуелді. Егер кәсіпкер әлдеқашан фирмаға айтарлықтай қаржы салып қойған болса және өз меншігін несие берушілердің қарсылықтарынан қорғау жолын таба алса, онда ол кәсіпкерліктің осы түрін пайдалана алады. Бизнесті ұйымдастырудың бұл түрінің екінші кемшілігі жеке кәсіпкердің кәсіпорынның жұмыс істеуі мен өсуі үшін қажетті ресурстарының шектеулі болуы, себебі олардың тек өз қайнар көздеріне не заемдарға сенім артуларына тура келеді. Жеке кәсіпорынға салық салынған кезде кәсіпкерлердің барлық кірісі, соның ішінде жеке кірістері салынатын салық сомасының құрамына кіреді. Кейде бизнестен түскен кірістер мен басқа көздерден түскен пайдаларды қосқан кезде кәсіпкер бизнестің басқа түрлеріне қарағанда салықты айтарлықтай көп мөлшерде төлеуі мүмкін. Көбінесе бұл кәсіпкерді өсу үстіндегі салық көлемін төлеу үшін өзінің жеке кірістерін пайдалануға не бизнестен айтарлықтай соманы шегеріп тастауға мәжбүр етеді. Екінші жағынан, егер бизнес алғашқы жылдары зиянға ұшырайды деп күтілсе, онда кәсіпкер бизнестің бұл түрін пайдалануда артықшылықтарға ие болуы мүмкін, себебі шығындар салық салынатын кірістің жиынтық көлемін азайтады.
Бүгінде жеке кәсіпкерлік бизнесті ұйымдастырудың ең кең тараған түрі болып табылады. Бұл қызмет әсіресе заңды тұлға ретінде құрылмай - ақ, сатып алынған патент негізінде жұмыс істеу мүмкіндігінің арқасында жандана түсті. Мұндай патент бір мезгілде алу туралы куәлік және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру құқығын беретін лицензия болып табылады. Шет елдегідей біздің жеке кәсіпкеріміз де өз кәсіпорынының қызметі үшін жауапкершілігі шексіз болып табылады. Заңды түрде бұл жеке кәсіпкердің тіркеуге алыну кезінде заңды тұлға ретінде саналуынан көрініс табады, яғни жеке меншік бизнеске тартылған меншіктен заңды түрде бөлектендірілмейді. Бұл өз кезегінде несие талаптары ұсынылған кезде кәсіпкердің барлық дүние – мүлкі, мүмкін болатын шығындардың астында қалатындығын білдіреді. Сондықтан кәсіпкерліктің мұндай түрі тек тәуекел деңгейі өте төмен болатын салаларда ғана ұсынылуы мүмкін.
Біріккен кәсіпорындар – бізде де, шетелде де бизнесті ұйымдастырудың тарихи ең кең тараған түрі болып табылады. Бізде бұл түсінік үлкен дәрежеде шетел капиталымен біріккен кәсіпорын ретінде ассоцияланады. Шындығына келгенде ұымдастырудың бұл түрі міндетті түрде шетел капиталын тартуды ұйғармайды. Мұндай компанияда басқару ісі компания мүшелері сайлайтын директорлар кеңесі тарапынан жүзеге асырылады. Компанияның қызметі барлықтарының бірге қарастыратын обьектісі болып табылмайды және ашық түрде акцияға жазылу жоқ, осы мағынада бұл кәсіпорындар біздегі жабық акционерлік қоғамдармен бірдей болып келеді. Корпорациялар сияқты біріккен кәсіпорындарға да 2 рет салық салынады, ал олардың шектеулі жауапкершілікке қатысты жай корпорациялардағыдай артықшылықтарға ие емес екендіктерін ескерсек, ұйымдастырудың бұл түрі аз әйгілі болып келеді. Алайда келтірілген мысалдан бірте - бірте корпорация түріндегі ең көп дамыған бизнесті ұйымдастыру түріне айналатын эволюциясын көруге болады.
Қазақстанда біріккен бизнес тарихи түрде кооперативтерден басталды. Қазіргі уақытта коопертивтердің қызметі Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылы 15 шілдеде түзетулер енгізілген 1995 жылдың 5 қазанындағы «Өндірістік кооператив туралы» жарлығымен реттеледі.
Заңға сәйкес өндірістік кооператив жеке еңбеккердің қатысуы мен мүшелерінің салған мүліктік салымдарының (пай) біріктірілуі арқасында негізі қаланған біріккін кәсіпкерлік қызметке мүше болу арқылы азаматтардың өз еріктерімен бірігуі болып анықталады. Кооперативті құру жарғылық құжаттарды дайындаудан басталады: жарғы немесе жарғылық келісім және кооперативтің жалпы жиналысында бекітілетін жарғылар. Жарғыда кооператив мүшелерінің салатын пайдаларының мөлшері мен шығындарын бөлістіру тәртібі және кооперативтің басқару органдарының құрамы мен құзырлары көрсетілуі қажет.
Қазіргі уақытта Қазақстанда кооперативтер өте сирек кездеседі, негізінен олар 80-ші жылдардың аяғы мен 90-шы жылдардың басында құрылғандар. Кәсіпкерлердің көбісі әртүрлі шаруашылық серіктестік түрлерін артық көреді: толық, командиттік, жауапкершілігі бар серіктестіктер. Егер шетелдегі бизнесті ұйымдастыру түрлерімен салыстырсақ, онда толық серіктесік өзінің негізгі принциптері бойынша жауапкершілігі шектелмеген серікткстікке, ал командиттік серіктестік – генералды серіктестікке сәйкес келеді. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 2 мамырдағы «Шаруашылық серіктестіктер туралы» жарлығына сәйкес серіктестіктің міндеттемелері бойынша қатысушылары өз иелігіндегі барлық мүлігімен ортақ жауапты болып келетін шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік болып қабылданады.
Корпорация – бизнестің ең көп тараған және қалаулы түрі болып табылады. Корпорацияның басты артықшылығы - акционерлердің корпорация қызметінің нәтижелеріне деген жауапкершіліктерінің шектеулі болуы. Корпорацияны акционерлер сайлайтын директорлар Кеңесі басқарады. Директорлар Кеңесі Корпорацияның стратегиялық дамуына жауап береді, ал оперативтік басқарумен маман менеджерлер айналысады. Корпорацияны ұйымдастыру серіктестікті ұйымдастырумен салыстырғанда қиын шаруа болып келеді, ал жеке кәсіпкерлікпен салыстырғанда боса да қиын. Корпорацияны құру корпорация туралы ереженің дайындалып, тиісті басқару органдары тарапынан бекітілуін және корпорацияның жұмыс істейін деп жатқан жердегі барлық штаттар үшін квалификациялық құжаттардың даярлануын қамтиды.
Корпорацияны құру кезінде қажетті ұйымдық құжаттардан басқа тіркеу салымының төленуі және корпорация статусы мен корпорацияның жұмыс істейін деп жатқан жердегі барлық штаттардан сертификат алу үшін лицензия мен франчайзинктік салықтардың төленуі шарт. Корпорацияның жұмыс істеуі жыл сайын директорлар Кеңесі есеп беретін акционерлер жиналысын өткізуді талап етеді. Жылдық есеп корпорация жұмыс істеп жатқан жердегі барлық штаттардың тиісті басқару органдарына ұсынылуы қажет.
Жеке кәсіпкерлік пен серіктестікке қарағанда корпорацияда сабақтастық бар, яғни корпорация мүшелерінің /акционерлердің/ бірінің кетіп басқаларының пайда болуы корпорацияның жұмыс істеуіне ықпал етпейді. Акционерлер акцияларын үшінші біреуге беруге немесе сатуға құқылы. Корпорацияның әртүрлі акциялар шығару жолымен капитал тарту мүмкіндігі кеңдеу және шығаратын акцияларының түрлері мыналар: дауыс беру құқығын беретін және дауыс беру құқығын бермейтін жай акциялар және артықшылығы бар акциялар. Айырбастылымды облигациялар сияқты әртүрлі мерзімдік міндеттемелерінің де қолданылуы мүмкін.
Корпорацияның пайдасына 39% жоғарғы ставка бойынша салық салынады және пайданың мөлшеріне қарай 15%-ға дейін төмендетіледі. Сонымен қатар келесідей салық салу ставкалары пайдаланылады. Мысалы, егер корпорацияның пайдасы 300000 долларды құрайтын болса, онда 100000 доллар шегеріледі де, көрсетілген схема бойынша салық салынады, ал қалған 200000 доллар сомаға 39% ставка бойынша салық салынады. Бизнестің ұйымдастырудың бұл нысанының кемшілігі ретінде корпорацияның табатын пайдасына бір мәрте және сол пайданың акционерлерге девидент ретінде берілетін бір бөлігіне екінші мәрте салық салыну проблемасын айтуға болады.
Бұл проблема бизнесті ұйымдастырудың S - Корпорация деген түрін құру арқылы өз шешімін тапты. S - Корпорациялары 1958 жылғы шағын бизнес кәсіпорындарына қатысты салық салу реформасының іске қосылу кезінде заңдастырылды. Бұл шағын бизнеске шектен тыс салық салулардан құтылуға және шағын және орта бизнестің жандануы үшін салық жеңілдігін пайдалануға мүмкіндік береді. S - Корпорация 35 адамға дейінгі шектеулі акционерлер санына ие және тек бір ғана акция түрін шығаруға құқы бар. Соңында, ел ішінде пайда табуға /80% дейін/ қатысты талаптар бар. Инвестициядан түсетін пассив пайданың көлемі 20% -дан асырылмайды, тағы да S - Корпорация басқа бір корпорацияның филиалы бола алмайды.
Салық салу тұрғысынан S – Корпорациясы серіктестікке өте ұқсас келеді. Пайда акционерлер арасында бөлістіріледі де, олар өздерінің жеке кірістеріне салық төлейді. Шығынға ұшырау кезінде ол шығындарды корпорацияның мүшелері арасында бөлістіру мүмкіндігі бар. Бұл әсіресе бизнестің жиі шығынға ұшырайтын алғашқы жылдарында әлеуетті инвесторлар үшін артықшылық болып табылады.
Келтірілген талдаудан көрініп отырғандай, бизнесті ұйымдастыру түрлерінің шеңбері айтарлықтай кең. Шағын бизнес әдетте жеке кәсіпкерліктен не болмаса серіктестіктен /әріптестіктен/ басталады, бұл бизнестің мұндай түрлерінің мейлінше оңай және қол жетерлік болуымен түсіндіріледі.
Ұсыныс ретінде біздің Республикамызда АҚШ - тағыдай S -Корпорацияларды енгізуді ұсынуға болады. Американдық кәсіпкерлер арасында сұрастыру жүргізген кезде олардың көбісінің бизнесті ұйымдастырудың осы түрін көбірек қалаулы деп есептейтіндігі анықталды, себебі бұл жерде компанияның қызметіне деген шектеулі жауапкершілік сақталады. Жауапкершіліктің шектеулі болуы бизнесті ұйымдастырудың бұл түрін барынша ұтымды етеді. S - Корпорацияның шағын және орта кәсіпорындарының құрылуын ынталандыру мақсатында енгізілгендігі кездейсоқтық емес.
Кәсіпорынның тиімділік дәрежесі бағаланып, бизнесті ұйымдастыру түрі таңдалғаннан кейін, кәсіпорынның алдында тұратын айтарлықтай маңызды үшінші мәселе – бұл фирманың тікелей құрылуы мен тіркелуі.
Қазақстанда мемлекет меншігіндегі обьектілерді жекешелендіруге байланысты корпорациялық қозғалыс кең өріс ала бастады. Мұндай жекешелендіру барысында ондаған мың кәсіпорындар акционерлік қоғамдарға айналып кетті.
Бірақ біздегі акционерлік қоғамдарды дамыған нарықтық экономикасы бар елдердегі корпорацияларға ұқсатуға әлі ертерек. Белгілі болғандай, кез - келген акционерлік қоғамның өмір сүру тәсілі – акция, яғни номиналды бағасы бар және девидент түрінде акционерлік қоғамның тапқан пайдасының бір бөлігін алуға құқық беретін құнды қағаз шығару.
Акционерлер акционерлік қоғамның жұмыстарын басқаруға және жойылған кезде қалған мүліктің бір бөлігін иеленуге құқылы. Дамыған құнды қағаздар нарығының жоқ болу жағдайында біз акционерлік қоғамдар мен олардың бүгінгі таңдағы тиімділігі туралы шартты түрде айта аламыз.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы 5 наурызда шыққан «Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркеуге алу туралы» Заң мен «Құнды қағаздар нарығы туралы» Заңы акциялардың айналымын және олармен жасалатын мәмілелердің тіркеуге алыну тәртібін реттейтін негізгі құжаттар болып табылады. Жарғылық қоры номиналды бағасына тең болатын акцияның белгілі санына бөлістірілген шаруашылық серіктестік акционерлік қоғам болып қабылданады. Акционерлер /акционерлік қоғамның қатысушылары/ міндеттемелер бойынша жауап бермейді және қоғамның қызметіне байланысты, қолдарындағы құны шегінде шығындалу тәуекелі бар.
Шет елдердегідей бізде де жай акциялар мен артықшылықты акциялар өз дамуын тапты. Жай акция иелерінің дауыс беру құқығы бар, ал артықшылықты акция иелерінің ондай құқықтары жоқ, бірақ акцияның артықшылығы акция бойынша алатын девидентті алдыңғы кезекте алуға мүмкіндік беруінде. Бұдан басқа егер акционерлік қоғам жойылатын болса бірінші кезекте артықшылықты акция иелеріне акцияларының номиналды құны қайтарылып беріледі.
Әрбір американдықтың аңсаған арманы өз кәсіпорнын қүру екендігі күнделікті қолданылатын сөз болып қалды. Бұл сөздердің дұрыстығын фактілер де куәландыруда. Бүгінгі таңда АҚШ-та 21 млн. ға жуық кәсіпорын бар, олардың 16 млн.жеке кәсіпорындар. Шағын бизнес әкімшілігінің мәліметтері бойынша жыл сайын 600 мыңнан 1 млн.-ға дейін кәсіпорындар құрылады. Сондай - ақ Қазақстанда да кәсіпкерлік белсенділік үлгісі байқалуда. Жас адамдар өз бетінше жұмыс істей алатынын және тек өзіне ғана емес, сондай-ақ басқалардың да жұмыс орындарын ашу мүмкіндігін сезінді.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы ролі аса үлкен. Біздің Республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90%-ке жетеді.
Нарықтық экономиканың негізі – шағын бизнес. Шет елдерде оның дамуы үшін 50-ші жылдардан бастап орталық және аймақтық мемлекеттік басқару органдарының мамандандырылған жүйелері құрыла бастады.
Қазақстан Республикасының 1997 жылы маусым айында қабылданған « Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» Заңының 3-ші бабында шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне анықтама берілген, нақтылап айтқанда шағын кәсіпкерліктің субъектілері болып жұмысшылардың орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және жалпы активтерінің құны жылына орта есеппен есептік көрсеткіштен алпыс мың еседен артып кетпейтін заңды тұлға мен заңды тұлғаларды құрамайтын жеке тұлғалар болып саналады.
Шағын кәсіпкерліктің артықшылығы :
- айрықша қажеттіліктерді (ксерокөшірме, бала тәрбиелеушілер қызметі,сәлемдемелерді жеткізу қызыметін құру және т.б.) қанағаттандыру мүмкіндіктері.
- өзгерістерге тез икемделу қабілеттігі.
- жаңа тауарларды, жұмыстардың жаңа тәсілдерін мақылдау мүмкіндігі.
Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті дамытудың негізінен үш мақсаты бар: өнімдер мен қызыметтерді өндіру көлемін ұлғайту, халықтың жұмыспен қамтылуын күшейту, салықтар мен басқадай төлемдердің бюджетке түсуін көбейту.
Шағын кәсіпорындардың кейбір салаларындағы қызметтерді зкономикалық талдау нәтижелеріне қарағанда статесеп бойынша қонақ үйлер, мейрамханалар, қозғалмайтын мүліктер мен операциялар, жалдау және кәсіпорындарға көрсетілетін қызметтер, яғни жалпы ұғым бойынша өте рентабельді деп саналатын барлық салалар шығынды болып келеді екен.
Шағын бизнес аймақтық жергілікті масштабта ұлттық экономиканың айрықша секторы түрінде әлдебір бүтін секілді өмір сүріп және дамып келеді, сонымен бірге нақтылы кәсіпорын болып әйгіленеді.
Шағын кәсіпкерліктің бірталай сапалық ерекшеліктері бар, ол ерекшеліктер оны экономиканың спецификалық секторы ретінде бөлектеп көрсетуге мәжбүр етеді. Оларға мыналар жатады:
- меншік құқықтың бүтіндігі және кәсіпорынды тікелей басқару, бір жағынан, менеджерлерді бақылаудың қажеттілігін жояды, екінші жағынан – басшының табысқа жетудегі ролі мен мәнін күшейтеді;
- кәсіпорын масштабының шектеулілігі және қожайын мен жұмыскерлердің арасындағы тікелей байланыс бір жағынан басқару тиімділігін арттырады, екінші жағынан - өндіріске тұлғалық қатынас ықпалын күшейтеді;
- кәсіпорын мүмкіндігі ресуртардың шектеулігі, бір жағынан оған тауар түріне берілген бағаға және тауарлы рынок жағдайна айтарлықтай ықпал ету мүмкіндігін тудырады. Екінші жағынан – қызметтің түрін тез өзгертуге жағдай жасайды;
- тұтынушылар шеңберінің шектелінуі және жергілікті рынокқа бағдарлануы, тұрақты сұранымды қалыптастыруды және қызмет көрсету сапасын көтеруге ынталандырады.
Шағын кәсіпкерлік - өміршеңдік деңгейі төмен тәуекелшілдік деңгейі көтеріңкі қызмет түрі болып саналады. Себебі ол:
- белгісіздігімен, стихиялығымен сипатталынатын жергілікті, бір маңайдың аумағынан аспайтын рынокта кәсіп етеді. Бұл – ондай рыноктарға кірудің көп капиталды қажет етпейтіндігіне және іс жүзінде реттелмейтіндігіне байланысты;
- мемлекетпен қатынас жүйесінде, ірі және орташа бизнестермен, қаржылы - несиелі институттармен, ұйымдасқан қылмыспен объективті түрде әлжуаз пазицияда тұрады, мұны оның экономикалық әлсіздігі мен әлеуметтік ұйымдаспағандығымен түсіндіруге болады;
- өзінің айтарлықтай ішкі резерві болмағандықтан ол сыртқы ортаның әсеріне өте сезімтал келеді.
Шағын кәсіпкерлікті қамтыған дағдарыс елдегі экономикалық жағдайдың өзгерулеріне байланысты. Шағын кәсіпорындар мен кооперативтердің алғашқы толқыны салық салу жөніндегі жеңілдіктерді және экономиканың мемлекеттік секторының оралымсыздығын пайдалана отырып, ойдағыдай табысты жұмыс істеп кетті. Инфляцияның асқынуы және айналым аясындағы операциялардың үлкен тиімділігі шағын бизнесті экономиканың дәл осы саласына қайтадан бағдарлап жіберді.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы - бұл әлеуметтік әспектілігінде. Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп жұмыссыздықты азайтады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіресе ғылыми жұмыстарды көп талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Шағын фирмалардың экономикалық тиімділігі, жергілікті нарыққа жақындығы, тұтынушылардың сұранысына икемиділігі, шағын мөлшерде өндірілуі. Шағын және орта бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды.
Халық шаруашылығының барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүние жүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экспорттық потенциалын арттырады, жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды.
2.2 Шағын кәсіпкерлікті дамытудың перспективалары.
Шағын кәсіпкерлік экономиканың ерекше секторы ретінде өмір сүріп келді және әрқашанда өмір сүре береді. Шағын кәсіпкерліктің негізгі мәселесі - салыстырмалы түрдегі нашар өміршеңдігі оның жоғары әрекетшілдігімен, қаржылай ресурстарымен және халықтың барша топтарынан алынған кадрлармен тұрақты қамтамасыз етілуімен толықтырылады.
Экономиканың бұл секторына мемлекеттің мүдделі болуына экономикалық, саяси және әлеуметтік сипаттар бар. Шағын кәсіпкерліктің мүддесі мынаған саяды:
- ел экономикасының құрамдас бөлігі болып, экономиканың дамуы мен тиімділігі айтарлықтай ықпал етеді, мұның өзінде орталықсыздандырылған қаржы көздерін пайдаланады;
- бюджетке салық төлеуші болып саналады. Мұның өзінде экономиканың басқа секторынан өзгешелігі – оның салық төлеу мүмкіндігі оңтайлылық деңгейге жеткен жоқ;
- қай жерде бәсекелі орта тұрақты сақталса және негізгі азық -түлік пен азық - түлік емес тауарлардың бәсекелі бөлшек сауда бағасының деңгейі қалыптасса. Экономиканың сол секторы болып саналады;
- еңбекті қоғамдық бөлуді тереңдетіп және болымсыз шығынмен нарықтық инфроқұрылымды жасауға мүмкіндік тудырады.
Шағын кәсіпкердің саяси мүддесі мынаған саяды:
- болашақтағы саяси және әлеуметтік тұрақтылықтың кепілшісі секілді орташа топты қалыптастыратын көздердің бірі болып саналады;
- көрсеткен қолдауынан бүгін белгілі бір нәтиже алып және оны болашақта ұлғайтуға үміттенетін әлеуметтік топ секілді, нарықтық экономикаға қолдауды қамтамасыз етеді.
Шағын кәсіпкерліктің әлеуметтік мүддесі мынаған саяды:
- еңбекке жарамды халықтың айтарлықтай бөлігін жұмысқа тартады және оның экономикалық дағдарыс жағдайында тіршілік етуіне қол ұшын береді;
- халықтың ең белсенді бөлгінің ділін өзгертіп, олардың өз бизнестерін жасап және олардың табысқа жетулеріне мүмкіндік тудырады.
Жоғарыда аталған мүдделерге байланысты шағын кәсіпкерлікке қатысты мемлекет саясаты екі бағыттан тұрады: біріншісі – дамуды қолдау, екіншісі – мемлекеттік мүдде аясына жанама реттеуді қосу.
Шағын бизнесті елеулі көтермелеуге Қазақстан Республикасы Президентінің «Шағын кәсіпкерлікке мемлекеттік қолдауды күшейту және оның дамуын жандандыру шаралары туралы» Жарлығы жақсы ықпал етіп отыр. Соған сәйкес мынадай мәселелер анықталған:
- Шағын кәсіпкерлікті қолдайтын мемлекеттік институттарды құру;
- Шағын кәсіпкерлікті дамытуды ынталандыратын және оны құру тәртібін қарапайымдандыратын, несие бөліп, кадрлар дайындайтын және т. б. мәселелер жөнінен қажетті нормативтік - құқықтық актілерді қабылдау;
- Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің жұмыстарына жағдай жасау ( өндірістік ғимарат, жер учаскесін бөлу және т. б.);
- Шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдау жөніндегі мәселелерді шешу - ол үшін кәсіпкерліктің дамыту қорын құру, шағын кәсіпорындар үшін жеңілдіктер жасау жүйесін құрастыру.
«Жеке кәсіпкерлік туралы», «Жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы », «Шағын кәсіпкерлік субъектілерін тіркеуді оңтайлату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар ендіру туралы» Заңдар дайындалып және қабылданды. Ол құжаттарда фермерлік және шаруалар қожалықтарын қамтый отырып, жеке және отбасылық кәсіпкерлердің даму кепілдігіне қатысты, сондай - ақ мемлекеттік органдардың араласуынан қорғайтын кепілдік секілді нормалар көрсетілген.
Қазақстан әлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі болып саналады. Көптеген қазақстандықтар күн сайын басқа елдерде өндірген заттарды пайдаланады. Біз басқа елдерде өндірілген тауарлар мен қызыметтерге кіріптармыз.
Қазақстан Республикасы бүгін әлемдік қоғамдастықтың толық құқықтық тәуелсіз мүшесі болып саналады. Мұндай көпшілікке танылған факт біздің елімізді сөз жоқ дамыған және нарықтық экономиканың даму сатыларында тұрған елдермен әлеуметтік – экономикалық қарым - қатынасты одан әрі кеңейте, тереңдете түсуге бағдарлайды. Осыған орай әр жыл сайын Қазақстанның сауда қатынастарына неғұрлым көп мемлекеттер тартылуда. Біздің еліміз әлемнің 140-тан астам мемлекеттеріменен сауда жүргізеді.
Қорытынды
Қорыта айтқанда бұл курстық жұмыста мынадай мәселелер қамтылды: нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпкерлікті ұйымдастырудың формалары, кәсіпкерлік теориясына түсініктемелер, кәсіпкерлік қызметінің ұйымдық - құқықтық нысандары, кәсіпорынның типтері және кәсіпорын түрлері, кәсіпорын табыстары және оларды бөлу, шағын бизнес, Қазақстандағы шағын бизнес, шағын кәсіпкерліктің экономикалық ролі, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау мәселелері.
Кәсіпорынға жалпы түсінік бере отырып, кәсіпорынның экономикасы және оның негізгі факторлары; кәсіпкерлік қызмет және оның субъектілері, кәсіпкердің құқықтары, кәсіпкерлік қызметтің түрлері, кәсіпкерлік қызметтің ұйымдық - құқықтық нысандары; серіктестіктің түрлері; жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жауапкершілігі шектеусіз скріктестік, дербес серіктестік, командитті серіктестік, толық серіктестік, акционерлік қоғамдар; ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам, кооператив, бюджеттік кәсіпорындар, корпорация, ассосация, концерн, холдинг, картель, синдикат, трест, қызметтің басқа да түрлерімен таныстық.
Қазақстан Республикасының өтпелі экономикасындағы шағын кәсіпкерліктің экономикалық ролі, шағын кәсіпкерліктің сапалық ерекшкліктері, шағын кәсіпкерліктің мүдделері, саяси және экономикалық мүдделері, шағын бизнесті мемлекеттік қолдау перспективалары жайлы жалпы түсініктермен толықтырылд
Кәсіпкерлік қызметті белгісіне қарай нысаны мен түріне классификациялау
Ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша | Шаруашылық қызметінің сипатына қарай | Салалық қызметі бойынша | Меншік нысаны бойынша |
Картельдер Синдикаттар (консорциумдар) Трестер Концерндер Концерн- Конгломераттар Холдинг-компаниялар Акционерлік Қоғамдар (копорациялар) Коопореативтер серіктестіктер | Өндірістік Саудалық Делдалдық Банктік Сақтандырулық Инвестициялық Иновациялық Инжинирингтік Венчурлік (тәуелділік) Консалтингтік Аудиторлық Трастлық | Өнеркәсіп Ауыл Шаруашылығы Сауда Байланыс Көлік Қаржы- несиелік Мәдениет Өнер Білім Ғылым Денсаулық Сақтау Тұрғын үй- шаруашылығы | Мемлекеттік Қазыналық Ұжымдық Жалгерлік Кооперативтік Акционерлік Жекелеген Аралас (біріккен) Мемлекеттік Кооперативтік-пен бірге Ұжымдық жекемен бірге Мемлекет аралық (біріккен кәсіпорын) |
Кәсіпкерлік қызметтің негізгі ұйымдық түрлерінің артықшылықтары мен олқылығы
Кәсіпкерліктердің түрлері | Артықшылығы | Олқылығы |
Бір тұлғалы жекешеленген шаруашылықтар | Ұйымдастырудағы қарапайымдылығы. Қызымет жасауының толық еркіндігі. Нарықтық саладағы мінез құлқының икемділігі.Қызыметінің құпиялығын сақтау мүмкіндігі. барлық табыс табудағы максимальды мүдделілігі. | Капиталды көптеп тартудағы қыйындықтары. Болған зардаптарға жауапкершіліктің шексіздігі. Барлық ұйымдық және басқарушылық іс-әрекеттің біріктірілу қажеттілігі. |
Серіктестіктер | Басқару бойынша міндеттерді бөлу. Қаржы тартудағы үлкен мүмкіндіктер. Еркін және оперативтік іс-әрекеттің әріптестермен келісу кезіндегі шектеулілігі. | Әріптестердің өзара өнімсіздігінің ықтималдығы. Сенімсіздік арқасындағы әлеуметтік-психалогиялық комфортсыздық. Әріптестердің өзара келіспеушілігінің арқасындағы бұл түрдің тұрақсыздығы. |
Акционерлік қоғамдар | Қосымша капиталды тезірек және кеңірек Тарту мүмкіндігі. Корпорация қызыметі әртүрлі сала шеңберіндегі капитал қозғалысының еркіндігі. Акционерлердің шектеулі жауапкершілігі. | Басқарудың тым күрделілігі және оның опертивтілігінің төменділігі. Акционерлердің басқаруға қатысуы мен бақылау деңгейінің жоғары еместігі. Кәсіби құпияның ашылу мүмкіндігі. |
Қазақстандағы бизнестің ұйымдық-құқықтық түрі
Критерийлер | Жеке кәсіпкерлік | Кооперативтер | Толық серіктестік | ||
1 | 2 | 3 | 4 | ||
Тіркеу процедурасы мен бастапқы шығындар | Тіркелу карточкасын көрсету, патентті төлеу | Жарғыны дайындау немесе құрылтай шарты мен жарғысын дайындау | Заңды тұлғаның тіркелуі үшін белгіленген тәртіп бойынша | ||
Жауапкершілік дәрежесі | Шексіз жеке жауапкершілік | Шексіз ортақ жауапкершілік | Шексіз ортақ жауапкершілік | ||
Сабақтастық | Кәсіпкердің кетуімен кәсіпорын өз жұмысын тоқтатады | Адам саны 2-ден көп болған жағдайда орын алады: егер 1 адам қалса, ол жаңа мүшелерді қабылдауға немесе 6 ай мерзім ішінде басқа түрге айналдыруға құқы бар | |||
Меншік үлесін алу | Меншікті сату және беру құқығы шексіз | Үлестен шегіну тәртібінде болуы мүмкін, егер үлесті иеленуші 3-ші тұлға болатын болса, онда қалған мүшелердің келісімімен | Серіктестің жарғылық қордағы үлесіне тең келетін серіктестік мүлігінің бір бөлігінің құнын алу тәртібі | ||
Басқару | Кәсіпорын толығымен бақыланады | Жоғарғы басқару органы-мүшелер жиналысынан тұрады | Жоғарғы басқару органы-мүшелер жиналысынан тұрады | ||
Қаржыландыру | Жеке қаражаттар | Мүліктік салымдар /пайлар/ | Серіктестікке қатысушылардың салымдары | ||
Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері | Реттелінбейді | Реттелінбейді | Ең төменгі 25 есеп айырысу көрсеткіштері | ||
Тіркеу процедурасы мен бастапқы шығындар | Заңды тұлғаның тіркелуі үшін белгіленген тәртіп бойынша | Заңды тұлғаның тіркелуі үшін белгіленген тәртіп бойынша | Заңды тұлғаның тіркелуі үшін белгіленген тәртіп бойынша | ||
Жауапкершілік дәрежесі | Толық серіктестіктер -шектелмеген жауапкершілік; Коммандиттер – салған салымдарының шегінде | Салған салымдарының есесіне тең келетін қосымша жауапкершілік | Салған салымдарының шегінде шектелген жауапкершілік | ||
Сабақтастық | 1 болса да толық серіктестің және 1 салымшының болуы, кері жағдайда серіктестік жойылады | Қатысушылардың саны 1-ден 30-ға дейін | Қатысушылардың саны 1-ден 30-ға дейін | ||
Меншік үлесін алу | Жарғылық қордағы салған салымына тең келетін үлесін алу арқылы | Жарғылық қордағы салған салымына тең келетін үлесін алу арқылы | Жарғылық қордағы салған салымына тең келетін үлесін алу арқылы | ||
Басқару | Коммандиттер басқарудан шеттетілген | Жоғарғы басқару органы – мүшелер жиналысынан тұрады | Жоғарғы басқару органы – мүшелер жиналысынан тұрады | ||
Қаржыландыру | Толық серіктестіктер мен коммандиттердің салымдары /50%-ға дейін/ | Серіктестік мүшелерінің салымдары | Серіктестік мүшелерінің салымдары | ||
Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері | Ең төменгі 100 есеп-айырысу көрсеткіштері | Айлық 500 есеп-айырысу көрсеткіштері | Айлық 1000 есеп-айырысу көрсеткіштері | ||
Критерийлер | Жабық акционерлік қоғам | Ашық акционерлік қоғам | |||
Тіркеу процедурасы мен бастапқы шығындар | Бизнестің басқа түрлеріне қарағанда тіркелу процедурасы ұзақ | Бизнестің басқа түрлеріне қарағанда тіркелу процедурасы ұзақ | |||
Жауапкершілік дәрежесі | Салынған инвестициялар шегінде шектелген жауапкершілік | Салынған инвестициялар шегінде шектелген жауапкершілік | |||
Сабақтастық | Қатысушылар санының өзгеруі ұйымның қызметіне әсер етпейді | Қатысушылар санының өзгеруі ұйымның қызметіне әсер етпейді | |||
Меншік үлесін алу | Қоғам мүшелерінің акцияларынан 1-ші кезекте шегіну жолымен, қоғамның келісім беруімен басқа тұлғаларға сату | Акционерлер үлестерін акция түрінде сату еркіндіктері шексіз | |||
Басқару | Жоғарғы басқару органы-акционерлер жиналысынан тұрады, оперативтік басқаруды акционерлік қоғамның басқармасы жүзеге асырады | Жоғарғы басқару органы-акционерлер жиналысынан тұрады, оперативтік басқаруды акционерлік қоғамның басқармасы жүзеге асырады | |||
Қаржыландыру | Тек құрылтайшылар мен алдын ала анықталған тұлғалар шеңбері үшін шығарылатын акциялардың санымен шектелген, сонымен қатар артықшылықты акциялар 25%-дан аспайды | Акцияға ашық түрде жазылу есебінен шектелмеген, сонымен қатар артықшылықты акциялар жарғылық қордың 25%-дан аспайды. Алғашқы эмиссия жазылған акциялар тек қана құрылтайшылар арасында таратылады | |||
Жарғылық қордың ең төменгі мөлшері | Ең төменгі 5000 есеп-айырысу көрсеткіштері | Ең төменгі 10000 есеп-айырысу көрсеткіштері | |||
АҚШ-тағы бизнестің ұйымдық-құқықтық түрлері
Критерийлер | Жеке кәсіпкерлік | Жауапкершілігі шектелмеген серіктестік | Жауапкершілігі шектеулі серіктестік |
1 | 2 | 3 | 4 |
Тіркеу процедурасы мен бастапқы шығындар | Бастапқы шығындар аз; лицензиялардан басқа тіркелу төлемдері жоқ. | Құжаттық тіркеу төлемдері жоқ, заңдық келісімдер жасалады. | Келісім-мәміле дайындаумен байланысты шығындар,тіркелу талаптары арнайы акт жасау арқылы анықталады. |
Жауапкершілік дәрежесі | Шексіз жеке жауапкершілік | Шексіз жеке жауапкершілік | ГП*-шектелмеген жауапкершілік |
Сабақтастық | Жоқ | Келісімде көрсетілу жағдайларынан тыс болмайды | ОП**-шектеулі жауапкершілік ОП-ықпал етпейді; ГП-ң кетуі серіктестікті ыдырауға алып келуі мүмкін |
Меншік үлесін алу | Меншікті сату және беру құқығы шексіз | Қалған серіктестер өз келісімдерін бергенде ғана мүмкін болады | ОП меншік үлестерін ала алады, ГП-қалған ГП-ң келісімімен |
Басқару | Кәсіпорын толығымен бақыланады | Барлық серіктестер дауыс құқығына ие, қызметтер келісімде бөлістірілген | ГП келісімге сәйкес басқарады, ОП басқарудан шеттетілген |
Қаржыландыру | Кәсіпкерлердің мүмкіндіктеріне тәуелді | Серіктестердің мүмкіндіктеріне тәуелді | ОП тарту есебінен шектелмеген |
Екі рет салық салыну | Жоқ | Жоқ | Жоқ |
Критерийлер | Корпорациялар | S-корпорациялар |
1 | 2 | 3 |
Тіркеу процедурасымен бастапқы шығындар | Бизнестің басқа түрлеріне қарағанда тіркелу шығындарымен тіркелу мерзімі айтарлықтай | Тіркелу талаптары корпорация құрылатын штат заңдарымен белгіленеді, жарғылық құжаттарды дайындау үшін заң қызметтерін шақыру қажеттілігі |
Жауапкершілік дәрежесі | Салынған инистициялар шегінде шектелген жауапершілік | Салнған инвистициялар шегінде шектелген жауапершілік |
Сабақтастық | Акционерлер тарапынан сайланған Дирекрорлар Кеңесі қамтамасыз етеді. Акционерлердің кетуі ұйымның қызметіне ықпал етпейді. | Акционерлер тарапынан сайланған Дирекрорлар Кеңесі қамтамасыз етеді. Акционерлердің кетуі ұйымның қызметіне ықпал етпейді. |
Меншік үлесін алу | Акционерлер меншік үлесін акция ретінде сатуда немесе беруде еркін | Акционерлер меншік үлесін акция ретінде сатуда немесе беруде еркін |
Басқару | Акционерлер тарапынан сайланған Дирекрорлар Кеңесі жүзеге асырады. Директорлар жыл сайын өтетін акционерлер жиналысында есеп береді. | Акционерлер тарапынан сайланған Дирекрорлар Кеңесі жүзеге асырады. Директорлар жыл сайын өтетін акционерлер жиналысында есеп береді. |
Қаржыландыру | Шығарылатын акциялар санымен шектелмеген | Акционерлердің саны заңен шектелген, акциянң бір ғана түрі шығарылады. |
Екі рет салық салыну | Бар | Жоқ |
Әдебиеттер:
- Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе 2004 ж. Шеденов Ө. Қ. , Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С.,Комягин Б. И.
- Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік. Алматы – 2002ж. Үмбеталиев А. Керімбек Ғ.
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы – 2001ж. Дүйсенбаев К.Ш. Төлегенов Э.Т. Жұмағалиев Г.Ж.
- Кәсіпорындар мен бірлестіктердің шаруашылық жұмыстарына талдау. Алматы – 1987ж.
- Кәсіпорын экономикасы. А.Қ. Мейірбеков. Қ.Ә. Әлімбетов. Алматы – 2003ж.
- Кәсіпкерлік негіздері. М.Б. Бисенғазиев. А.Ш. Хамитов. Орал – 2001ж.
- Кәсіпорын экономикасы. Жолдасбаева Ғ.Ө.
- Экономикалық теория. Шымкент – 2005ж. Райымқұлов С.
- Экономикалық теория. Алматы – 1994ж. Аубакиров Я. Ескалиев М.
- Экономикалық теория. Алматы – 2003ж. Мауленов С.С. Бекмолдин С.Қ. Құдайбергенов Е.Қ.
- Экономикалық теория. Крымова.
- Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Мәдешов Б.
- Нарықтық экономика дегеніміз не? Әлейбеков М.И.
- Курс рыночной экономики. Рузавин Г.И.М.1994ж.
- Экономикалық теория негіздері. Алматы-2002ж. Осипова Г. М.
- Стратегия развития Казахстана до 2030г. Алматы – 1997.
- Закон Р.К. «О государственной поддержке малого предпринимательстве» от 19.06.97г. Алматы 1997г.
- Закон Р.К. «Об акционерных обществах» от 10.07.98 г Казахстанская правда,21 июля 1998 г
- Указ Президента РК «О защите прав граждан и юридических лиц на свободу предпринимательской деятельности» от 27.04.98 г Биен, 21 мая 1998 г
- Введение в рыночную экономику. Ливщиц А.Я. М.1992г.
- Пркладная экономика. Пер. С англ. – Алматы : ТОО «Книга), 1997
- Указ Президента Республики Казахстан) О мерах по усилению государственной поддержки и активизации развития малого предпринимательства Казахстанская правда, 1997г, 13 марта
- Указ Президента Республики Казахстан «О приоритетах и региональных программах поддержки и развития малого предпринимательства в Республике Казахстан Казахстанская правда, 1997, 8 июля
- Адасбаев Е.А. Анализ развития малого предпринимательства в 1992-1997 г.г и прогноз на 1998 г. Аль – Пари, 1997, августь-октябрь
- Сажина М.А., Чибриков Г.Г. Экономическая теория. – М.: Норма Инфра, 1998г.
- Ефимова Е.Г. Экономика для юристов. – М.: Флинт, 1999г.