Астана. 11 шілде. 7kun.kz - 2017 жылдың соңына қарай жаңа туған сәбилерді бақылау, жүкті әйелдерді, қант диабетімен ауыратын адамдарды қадағалау бойынша мобильдік қосымша іске қосылады. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов хабарлады.
Министрдің айтуынша, енді кез келген адам өз телефонына аталған қосымшаны жүктеп алып, қажетті дәрігерлерге хабарлама жібере алады. Олармен бейне байланыс орнатып, кеңестерін алатын болады.
"Біздің міндетіміз – медициналық көмектің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету. Барлық консультация жұмыстары тіркеліп, белгіленуі керек. Қазіргі таңда сол ерекшеліктер пысықталып жатыр», - деп атап өтті министр.