БЖЗҚ веб-сайтында («Қызметтер» - «Алушыларға» - «Зейнетақы төлемдерін рәсімдеу тәртібі» - «Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін алу» бөлімі) зейнетақы жинақтарын төлеу үшін БЖЗҚ-ға ұсыну тәсіліне қарай (өзі келіп өтініш жасағанда, пошта байланысы немесе үшінші тұлға арқылы) қажетті құжаттар тізімі, оларды рәсімдеуге қатысты талаптар, сондай-ақ өтініш бланкілері мен олардың төлем валютасының түріне байланысты үлгілері және сенімхат үлгілері көрсетілген.
БЖЗҚ - 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Қазақстан Республикасының Президенті басшылық ететін Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді.
Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).
Похожие материалы
В эксплуатацию сдали самый длинный в Казахстане автомобильный тоннель
- 12 сентября, 2024