Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Көші-қон мәселесін басынан шешу

Көші-қон мәселесін басынан шешу

ВАШИНГТОН, ДС – Кедей елдердің азаматтары үшін жиі көші-қон тартымды шешім болып табылады. Жаңа елге саяхат жиі қауіпті болғанымен, ол әлдеқайда көбірек экономикалық мүмкіндік береді: дамыған елдерде орташа жан басына шаққандағы табыс дамушы елдерге қарағанда 50 есе көп (сатып алу қабілетінің паритеті бойынша). Көптеген жағдайларда мигранттардың физикалық қауіпсіздігі де жақсарады. Дегенмен, мигранттарды қабылдайтын елдер үшін көші-қон дау-жанжалды тақырып болып қала бермек, сондықтан үкіметтер өз жетістіктерін жинап және шамадан тыс шығыстарды болдырмауға мүмкіндік беретін саясатты реттеуге тырысады.

Иммиграция әсіресе Еуропадағы және Америка Құрама Штаттарындағы саяси пікірталастардың маңызды тақырыбы болып табылады. Тіпті мигранттарға өз шекараларын жапқан Жапонияда да, халықтың тез қартаюымен күресудің жолдарын табу қажеттілігі соңғы кездері осы мәселені талқылауға апарды.

Осы елдердің бәрінде пікірталас үш негізгі ұстанымға тіріледі. Біріншісін тек кішігірім азшылық ғана қолдап, онда елеулі саяси қолдауы жоқ - ол иммиграцияның дамыған ел үшін өте пайдалы екендігіне негізделген, себебі жаңадан келгендер демографиялық проблемаларды шешуге және экономикаға қажет дағдыларды қамтамасыз етуге көмектеседі деп есептеледі.

Екінші ұстаным бұған керісінше тұр: иммиграцияны барлық қолжетімді құралдармен болдырмау керек. Осы көзқарастың жақтаушылары мигранттар әсіресе табыстарды бөлудің төменгі деңгейінде жалақыны қысқартады, және осылайша жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін төмендетеді деп айтады. Олар сондай-ақ, мигранттар қабылдаушы елдің мәдениеті мен дәстүрлерін бұзады деп есептейді, бірақ бұл пікірді экономистер эмоционалдық деп санап, жиі есепке алмайды.

Үшінші пікір осы екеуінің ортасында жатыр. Ол бойынша, иммигранттардың кейбір әлеуетті пайдасы бар, бірақ қабылдаушы елдерде жетіспейтін дағдылары бар мигранттардың ғана келуін қамтамасыз ету үшін қатаң тексерулер жасалуын талап етеді. Осылайша, иммиграция мәдени қысым жасамай, еңбек нарығының сапасын жақсартады және фирмалардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Әрине, бұл көзқарас мигранттардың өз елі тұрғысынан мүлдем өзгеше болып көрінеді, олар құнды білікті жұмыс күшін жоғалтып қана қоймай, сондай-ақ еңбек күшін оқытуға жұмсалған ресурстары да зая кетеді. Елдің өзінің иммигранттарының жіберілген ақшалай қаражатынан пайда алуына қарамастан, қоныс аударудың жалпы пайдасын қамтамасыз ететін мигранттар ғана.

Кез келген жағдайда, дамыған елдер тек білікті мигранттардың аз санын қабылдаған кезде, олар жаңа елдің қажетті дағдылары болмаған адамдарға әсер ететін көші-қон ағындары қозғайтын қысымды төмендетуге ештеңе жасамайды. Бұл қысымның күштілігінің дәлелі ретінде осы жылы төрт айдың ішінде Африкадан Еуропаға созылған қиын жолда мыңнан астам босқын қайтыс болған Жерорта теңізіндегі қайғылы ахуалды келтіруге болады.

Егер бұл қысым сақталса, онда көптеген мигранттар дамыған елдерге қалай болса да, келе береді. Ал көшіп-қонуды жақтаған либералдар мигранттар келген елдерде демографиялық қысымды жеңілдетуге көмектесе алады деп дұрыс айтқанымен, оған қарсы адамдардың мигранттар жаңа қоғамдастықтарға, әсіресе Еуропада, елеулі мәдени стресс туғызады дегені де рас болар.

Сондықтан көші-қон проблемасына қатысты кез-келген шешім мигранттардың өз елдеріндегі экономикалық дамуды ынталандыруға бағытталуы керек. Еуропа назары оған келген көші-қон ағындарының басты көзі болған Африкада болуы керек. Африканың жылдам экономикалық өсімі уақыт өте келе Еуропадағы қысымды айтарлықтай азайтатын болады. Африканың ұзақ мерзімді дамуы, әрине, саяси тұрақтылық пен бейбітшілікті қажет етеді; алайда, қазір Еуропаның ондағы дамуға көмектесу үшін жасай алатын қадамдар бар.

Африканың көптеген табиғи байлығы болса да, онда капиталдың жетіспеушілігі мен өсімнің айтарлықтай өсуін қолдау үшін керек білім де жоқ. Қоғамдық ресурстар бұл капиталдың басым бөлігін жинау үшін жеткіліксіз болып тұр. Мәселен, соңғы уақытта мойындалғандай, инвестициялар жеке меншік сектордан келуі керек, және маңызды дағдылар мен дамыған нарықтарға шығу да қажет. Дегенмен, жеке инвестицияларға қол жеткізу мемлекеттік сектордың филантроптық сектормен қосылып, біршама маңызды қадамдар жасауын талап етеді.

Бұл мемлекеттік инвестициялар мен филантропия тиімсіз жобаларды субсидиялау керек дегенді білдірмейді. Керісінше, бұлай жасау ұзақ уақыт бойы бәрін жаман жағдайда қалдырады. Мақсат - экономикалық тұрғыдан тиімді болғанына қарамастан, жеке инвесторлар үшін институционалдық және басқа кедергілердің салдарынан жағымсыз болып келетін жобаларды анықтау, содан кейін осы кедергілерді жою үшін жұмыс жасау болып табылады.

Африкадағы жеке инвестициялардың негізгі кедергісі - бұл тәуекел. Инвестициялық орта көптеген дамушы елдерде сияқты, белгісіздікке толы деп есептелсе, инвесторлар кез-келген жобаға, тіпті жоғары пайыздық кірістілікке ие жобаларға да тәуекелдер бойынша сыйақы өтелуін талап етеді. Әрине, жекелеген жобалық тәуекелді мұндай контексте өлшеу өте қиын.

Мемлекеттік сектор тәуекелдердің белгілі бір транштарын өзіне алып немесе сақтандыруды қамтамасыз ету сияқты шараларымен көмектесе алады. Мұндай тәуекелдерді біріктіру, барлық секторлардағы (тек денсаулық сақтау мен білім беруде ғана емес) мекемелерді құру арқылы Африканың және басқа елдердің экономикалық өсуі мен дамуын жоғарылатудың ұзақ жолын ашады.

Бұл тәсілдің оң әсері көші-қон қысымының төмендеуімен бастап, алысқа жететін болады. Егер жаңа инвестициялар жаңа «Міндетті қоныс аудару жөніндегі комиссия» ұсынған қоныстанған адамдардың саны көп және қоныс аударушылар күтіп отырған аймақтарға жұмсалса оң әсері одан да мықты болмақ.

Инвестициялар тартқан өсу жанжалдарды шешу мен саяси тұрақтылықты алмастырмайды; керісінше, олар өсу осы мәселелер шешілмей алға баспайды. Бірақ экономикалық даму қажетті үміттің маңызды көзі, және бейбітшілік пен өркендеудің жаңа кезеңінің бастауы да болуы мүмкін.

Автор туралы. Кемал Дервиш - Түркияның бұрынғы экономика министрі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) бұрынғы жетекшісі, Brookings Institution вице-президенті.

Авторлық құқық: Project Syndicate, 2017. www.project-syndicate.org

Похожие материалы