Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

7kun анықтамасы: Сәкен Әділханұлы Жасұзақов

7kun анықтамасы: Сәкен Әділханұлы Жасұзақов

Сәкен Әділханұлы Жасұзақов - 2016 жылдың 13 қыркүйегінде  ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Сәкен Әділханұлы 1957 жылдың 25 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Шалдар ауылында дүниеге келген. Әскери қызметкер. Генерал-полковник. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училешесін (1978), Мәскеу әскери академиясын (1990) бітірген.

Қызмет жолы: 

1978-1987 жылдары Балтық бойы әскери округінде барлау взводы командирі, барлау ротасы командирі, жеке барлау батальоны штабы бастығы қызметтерін атқарған;

1990-1994 жылдары Алматы қаласындағы ауданның азаматтық қорғаныс штабы бастығы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі штабының барлау бөлімінде аға офицер, барлау басқармасының ғылыми-ақпарат бөлімінің бастығы;

1994-1996 жылдары Ресей Қарулы Күштері Бас штабы әскери академиясының тыңдаушысы;

1996-2000 жылдары Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары, шұғыл жоспарлау департаментінің бастығы, армиялық корпус командирінің орынбасары, штаб бастығы болып жұмыс істеді;2000 жылдан әскери құрама командирі;

2013 жылдың қаңтарынан бері ҚР Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы.

2016 жылдың 13 қыркүйегінде ҚР Қорғаныс министрі болып тағайындалды.

Похожие материалы